Ұйымдастырылған оқу қызмет
технологиялық картасы
Күні:
Бөлімі: Жолда жүру
ережесі
Тақырыбы: Мен тұратын
ауыл
Мақсаты:Қала көшелерімен таныстыру,
ондағы ғимараттар мен мектептердің, балабақшалардың аумағында
автокөліктердің көп жүретіндігі туралы, үнемі ағылып жататын
көліктердің күннен күнге көбейіп жатқаны туралы мағлұмат
беру.
Көрнекіліктер: Қаланың, қала көшелерінің
суреттері.
Сөздік
жұмыс: Ғимараттар, автокөліктер,
жерасты өткелі.
Билингвальды
компонент:
Қала-город.ауыл-село
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Шаттық
шеңбері
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты.
Жарқырайды
қаламыз,
Жарқырайды
даламыз.
|
Бір-біріне жылы лебіздерін
білдіреді.
|
|
Ұйымдастыру
ізденуші
|
-Біз қай қалада
тұрамыз?
-Біздің тұратын қаламыз
қандай?
-Дұрыс айтасыңдар, қаламызда
әдемі ғимараттар, үйлер, мектептер мен балабақшалар өте көп.
Көшелеріміз де кең, жерасты өткелдері де бар. Қаламыздың үлкендігі
сондай, көшелерінде тәуліктің қай кезі болсын ауа-райының
ыстық-суығына қарамай, көліктердің жүрісі еш толастамайды.
Мектептер мен балабақшалар аумағында автокөліктер көп жүреді.
Кейбір мектептер мен балабақшалар көшенің бойында салынған.
Сондықтан да барлығымыздың жолда жүру ережесін оқып біліп
үйренуіміз қажет. Ағылған көліктерден абай болуымыз
керек.
Шуақты өміріміз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді
үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін
емес,
Жол жүру ережесін білмей
тұрып.
Дидактикалық ойын: «Біздің
қала».
Шарты: шеңберде тұрып допты
қағып алған бала қала туралы
сипаттайды.
|
-Алматы
қаласында.
-Біздің қаламыз үлкен.
Биік-биік көп қабатты үйлер бар, үлкен-үлкен дүкендер бар. Адамдар
көп. (қала туралы өз ойларымен
бөліседі).
Қала суретін, түрлі ғимараттар
мен көшенің суреттерінтамашалап, әңгімені
тыңдайды.
Өлеңнің мазмұнын
түсінеді.
-Біздің қала
әдемі.
-Біздің қалада көп қабатты
үйлер бар.
-Біздің қалада ағаштар
көп.
|
|
Рефлексивті
коррекциялаушы
|
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде
не үйрендік.
-Қаламыздағы қандай сәнді
ғимараттарды білесіңдер?
-Қаламыздың көшесінде қандай
көліктер көп жүреді?
-Ауыл көшелері қала көшелеріне
ұқсайды ма?
|
-Қала туралы әңгімеледік.
Суретке қарап әңгіме
құрадық.
-Кинотеатр, супермаркет, цирк,
сауда үйі, мектеп,
балабақша.
-Шет ел көліктері көп, олар
өте қатты жүреді.
-Ауыл көшелері тар. Ауылда
трамвай, троллейбустар
жүрмейді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Білу
тиіс: Ауылымыз туралы
әңгімелейді.
Түсінуі
керек: Қаламыздың әсемдігін, қала
көшелері мен ауыл көшелерінің
айырмашылығын.
Көрсете
білуі: көліктердің көптігін,
олардан абай болып жүру керектігі