жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен тұратын көше
ҰОҚ өткізу жоспары 18.10.18
Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.
Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы:
Мен тұратын
көше
Міндеттері:
Тәрбиелік: Тәрбиелік: жол ережесін
үнемі сақтау қажеттігін ұғындыру. Өздері тұратын көшеге, қалаға
деген сүіспеншілікке тәрбиелеу.
Білім
берушілік: Тақырып бойынша жаңа сөздермен
таныстыру.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін
жетілдіру.
Алдын ала жұмыс
жүргізу: жақын орналасқан көшеге
саяхат жасау; өздері тұратын көше жайлы
әңгімелету.
Қажетті құралдар: сурет дәптері, бояулар, сүлгі.
Сөздік жұмысы:Көше
Билингвальды
компонент: көше - улица
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Жұмбақтар
Ұзын-ұзын, ұзын
жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас
жалғанда. (Жол)
Көшеде тағы не кездеседі?
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
-Мына көше қалай аталады?
-Кімнің құрметіне бұлай аталған?
-Бұл көшедегі әдемі үйлерді
кім салады екен? (құрылысшылар,
сәулетшілер).
«Құрылысшылар» атты өлең оқылады немесе тәрбиеші жұмбақ
жасырады.
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
Көшенің
сәні ағаш екені айтылады, ағаштың пайдасы туралы әңгімелейді.
-Суретші ол кім?
-Оны басқаша қалай атауға болады?
-Суретшілер не істейді?
-Б.Ж
-Дұрыс балалар. Ал, енді өзіміздің тұратын көшемізді
салайық.
-Жарайсыңдар әдемі салып
жатырсыңдар.
Сергіту
сәті
Ұзын құлақ сұр
қоян
Естіп қалып
сыбдырды
Ойлы-қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
секірді
Қарап еді артына
Қиығын салып
көзінің
Келе жатқан
томпаңдап
Көжегі екен
өзінің
-Жарайсыңдар , балалар!
Рефлексиялық-түзетушілік
Сабақтың соңында балалармен
ақылдаса отырып, көшенің аты
тағайындалады.
ҰОҚ өткізу жоспары 19.10.18
Топ:7 Тәрбиеші: Адиловаи Г.М.
Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: Ә.Табылдиев «Бағдаршам»
өлеңі
Міндеттері:
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін
орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Білім берушілік: Балаларды жолда жүру
ережесімен, бағдаршам қызметімен
таныстыру.
Дамытушылық: Зейін, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Алдын ала жұмыс
жүргізу: шаттық
шеңбер
Қажетті
құралдар: р: бағдаршам суреті, жол белгілері,
сызбалар. т.б.
Сөздік
жұмысы:
Бағдаршам
Билингвальды
компонент: бағдаршам -
светофор
I.Мотивациялық –
қозғаушылық
Жоқ өзінде бас та, құлақта,
ауызда,
Бақырайған үш көзі бар
бырақта. (бағадаршам)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
̶ Балалар бізде бүгін жай сабақ емес, ерекше сабақ. Өйткені,
біз сендермен өз қаламыз Петропавлды аралап, саяхаттап қайтайық. Ал
кеттік ендеше.
̶ Балалар, біз бір аялдамаға келдік. Ол қандай аялдама екен.
̶ Дұрыс, мұнда кімдер жұмыс істейді?
̶ Оларды атқаратын міндеттері қандай?
Ал енді ары қарай кеттік
̶ Балалар қарандаршы тағы да бір аялдамаға келдік. Бұл қандай аялдама екен?
̶ Ия дұрыс. Мұнда кімдер жұмыс істейді?
̶ Дұрыс. Олар балаларға сабақ үйретеді.
̶ Жаяу жүргіншілер жолына жақындағанда жол сақшысы ( полиция) тоқтатады.
̶ Сәлеметсіңдер ме, балалар!
̶ Сендер қайда бара жатсыңдар
̶ Сендер неге тоқтап тұрсыңдар
̶ Бағдаршамның "жасыл"көзі жанғанын тосып тұрмыз
̶ Дұрыс,"қызыл"көзі жанғанда "тоқтаймыз"
̶ Сары жанғанда "дайындаламыз"
̶ Ой, сендер бәрін біледі екенсіңдер.
̶ Бағдаршамға нелер бағынады?
̶ Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
̶ Сендер ақылды екенсіңдер.
̶ Жолдарың болсын! абайлап жүріңдер.
̶ Ал балалар ары қарай кеттік.
̶ Біз балабақша аялдамасына келдік. Өзіміздің балабақшамызға жеттік "Балауса" балабақшасына келдік.
̶ Жаңа балалар біз сендермен не көрдік?
̶ Ия бағдаршам көрдік.
Қазір біз сендермен Ә. Табылдиевтің
"Бағдаршам" өлеңін жаттаймыз.
̶ Бұл өлеңнің авторы ̶ Ә. Табылдиев портретін көрсету
Бағдаршам
Менің атым̶ бағдаршам
Кеудем толы жанған шам
Қызыл көзім жанғанда
Сақ болыңдар тоқтаңдар!
Сары көзім жанғанда
Сабырлылық сақтаңдар!
Жасыл шамды көрсеңіз
Бола береді өтсеңіз!
Дидактикалық ойын:
̶Үнтаспадан көлік түрлерінің ( пойыздың гудогі, ұшақ дауысы, т.б. көліктердің) дыбыстарын естіп қандай көлік екенін айтады.
Дидактикалық ойын:
̶ Кімге не керек? Сызықпен қос.
мақсаты: балаларға мамандық түрлерін атап, олардың керекті құралдарын көрсету.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сабақты сұрақ-жауап арқылы
қорытындылау.
̶ Біз сендермен саяхаттағанда жолда нелерді кездестірдік ?
̶ Біз бүгін сендермен қандай өлеңді жаттадық , ол не жайлы?
Қортындылау
̶ Жолда ойнауға болмайды.
̶ Көліктерге тас лақтыруға болмайды.
̶ Жолда бір-біріңді итеруге болмайды.
̶ Көліктерге жармасуға болмайды.
Балалармен бірге:
Жол жүрудің тәртібін ережесін
білеміз.
Сақтанғанда қатерден сау-саламат жүреміз.
ҰОҚ өткізу жоспары 18.10.18
Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.
Білім беру сала(сы)лары: «Таным»
Бөлімі: Кішкентай зерттеушілер
Тақырыбы: Судың адам ағзасына пайдасы
Міндеттері:
М: Сусыз өмір жоқ екенін
балаларға айту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: глобус, суреттер, сүт, су, қасық
Сөздік жұмысы: су – тіршілік көзі, глобус, мұхит, өзен, көл, суды сақтау, үнемдеу.
Билингвальды
компонент: су-вода
Мотивациялық-қозғаушылық
Музыка ойналып
тұрады. Тәрбиеші көк жамылғы жамылған. Балалар
кіреді.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, балалар, танысып қоялық. Мен – су патшайымы
боламын, ал сіздердің аттарыңыз кім? (Балалар өз аттарын
айтады)
Су патшайымы:
Мен сіздерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін
табыңдар.
– Шомыласың,
жүзесің,
Шөлдегенде
ішесің.
Бұл не?(балалардың
жауаптары)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Су патшайымы: мен сіздермен күнде кездесіп
тұрамын. Бүгін біз су
туралы әңгімелеп және оның қасиетімен танысамыз. Балаларға глобусты
көрсетеді.
Глобус – жер
бейнесі екендігін түсіндіріп, неліктен көп бөлігінің көк түспен
боялғанын сұрайды. Мұхит шуының аудио жазбасын тыңдатады. Жердің
көп бөлігін су алып жатқандықтан көк түспен боялғанын
түсіндіреді.
– Бізге су не
үшін керек?
Балалар: біз
суды ішеміз, жуынамыз.
Су патшайымы:
дұрыс, балалар. Бізге су өте қажет. Суды ішеміз, тамақ әзірлейміз,
шомыламыз, киімдерімізді жуамыз, үй тазалаймыз. Су дегеніміз не?
Балалар табиғаттың бізге сыйлаған сыйының бірі – су. Сусыз тіршілік
жоқ. Суды көк түспен белгілейміз. Су өмір бойы айналымда болады. Ол
қармен, жаңбырмен, жерге түседі, бұлақ болып өзенді құрайды, күн
шуағымен бу болады, бу болып аспанға көтеріледі, жер бетіне жаңбыр
болып қайта оралады. (Судың айналымын слайд арқылы көрсету).
Адамдарға, жан – жануарларға, құстарға, өсімдіктерге су өте қажет.
Сусыз тіршілік ете алмайды. Су – тіршіліктің көзі. Балалар, тазалық
сақтау ережесін есімізге түсірейікші. Сендер даладан ойнап келген
кезде немесе тамақ ішер алдында қолдарыңды жуасыңдар ғой, қолды жуу
ретін маған айтып беріңдерші. Ойын – жаттығу: «Қолды дұрыс жуу
алгоритмі»
Жуу ретін
балалардан сұрау.(Жауабын слайд арқылы
тексеру.)
Су патшайымы:
Балалар, біздер су туралы, қандай тақпақ білеміз? (Балалар
тақпақтарын айтады.)
Сылдырайды
мөлдір су,
Мөлдір суға
қолыңды жу.
Жуынсаң сен
әрдайым,
Аппақ сенің
маңдайың.
Табиғаттың
досы,
Су дегенің
осы.
Су патшайымы:
Көрдіңдер ме, мен сендермен әр кез біргемін, менің жұмысым өте көп,
бірақ мен бүгін мұнда дем алып, сендермен бірге ойнаймын. Менің ең
сүйікті ойыным – сумен ойнау. Балалар, араларыңда суды ұстай алатын
бала бар ма?
(Балалардың
жауабы )
Су патшайымы:
Алақандарыңды жайындар (алақанына су құяды, су сырғып ағып кетеді)
Суды ұстау қиын, ол ағып кетеді. Балалар, біз суды қалай ұстаймыз?
(Балалардың ішінен біреуі суды қатырып ұстау керек деп жауап
береді.)
Су патшайымы әр
баланың алақанына мұз кубиктерін салады. Міне, енді су мұзға
айналды, ол ағып кетпейді, ұстауға болады. Судың суық және ыстық
күйі болады. Су қайнаған кезде буға айналады. Ал судың пішіні
қандай? Қазір біз судың пішіні қандай екенін көреміз.(Су патшайымы
балаларды үстелге шақырады.) Үстел үстінде резеңке қолғап, шар
тәрізді ыдыс, стақан, әр түрлі пішіндегі ыдыстарға су құяды. Судың
пішіні қандай болды?
(балалар судың
әртүрлі пішінде болғанын
айтады.)
Су патшайымы:
Неліктен су әртүрлі пішінге енді. (Су сұйық,
ағады.)
Нәтиже: Судың
пішіні жоқ, ол сұйық, қандай ыдысқа құйсаң, сондай пішінге
енеді.
Әр баланың
алдында екі стақан: бірі – су, екіншісі – сүт құйылған. Қасықты
суға, сүтке малуды ұсынады.
Су патшайымы:
Не байқадыңдар?
(сүт құйған
стақаннан қасық көрінбейді, ал судан
көрінеді.)
Су патшайымы:
Неліктен?
Нәтиже: (Су
мөлдір)
Балалар судың
иісі барма? Қалай білуге
болады?
Нәтиже: Су
иіссіз. Иісі жоқ.
Су патшайымы:
Балалар судың дәмі бар жоғын қалай
білеміз?
(Ішіп көру
керек)
Нәтиже: Судың
дәмі болмайды, суда дәм
жоқ.
Су патшайымы:
Балалар су дәмді болу үшін не істеу
керек?
(Балалар шекер,
қант салып араластырып дәмін
көреді.)
Сергіту сәті.
Қимылды ойын: «Тамшылар»
Шарты: Тәрбиеші
бұлт – ана. Балалар – тамшылар. Музыка ойналып, тамшылар серуенге
шығады. Жүгіреді, секіреді, билейді. Тамшылар жерге түседі. Олар
бірігіп, ағын су болады. (Бір – бірінің қолдарынан ұстайды.)
Бірігіп үлкен өзен жасайды, бір тізбекке тізіледі. Осылайша үлкен
мұхитқа тап болады. (Балалар шеңбер жасап, жүреді.) Мұхитта жүзіп
жүріп, үйге қайту керектігі естеріне түседі. Сол сәтте күн келіп
оларды қыздырады. (Күн бала келіп билейді) Тамшылар жеңіл
көтеріліп, жоғарыға созылады.(Отырған тамшылар тұрып, қолдарын
жоғары созады). Күннің шуағынан буға арналған тамшылар үйлеріне,
Бұлт – анаға оралады. – Жарайсыңдар, тамшылар! Жақсы серуендедіңдер
ме?
Дамытушы ойын:
«Қайсысына су қажет?» (ұжымдық
жұмыс)
Мақсаты:
Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қайсысына су қажет екендігін
тауып, оны фонға орналастыра білуге үйрету. Судың қажеттілігін және
маңыздылығын түсіне білуге, суды орнымен пайдалануға
тәрбиелеу.
Ойынның шарты:
Суреттен суды қажет ететін нәрселерді тауып, орналастыру.(Балық,
гүл, адам, жануарлар, құстар, т.
б.)
Су патшайымы:
Балалар ойын сендерге ұнады
ма?
– Балалар бұл
сурет нені білдіреді? (Краннан ағып тұрған су тамшылары). Слайдтан
көрсетеді.
(Суды жауып
қою, үнемдеу, сақтау
керек.)
Су патшайымы:
дұрыс балалар. Суды жауып қою, үнемдеу, сақтау керек. Жуынып болған
соң, ашық күйде тастауға болмайды. Су үлкен өзендерден құбыр арқылы
бізге таза су болып келеді. Егер біз суды жабуды ұмытатын болсақ,
онда таза су азайып қалады.
Су туралы
қандай мақал – мәтелдер
білесіңдер?
Балалар: 1. Су
бар жерде ырыс бар.
2. Сулы жер,
нулы жер.
3. Судың да
сұрауы бар.
Су патшайымы:
су туралы қандай тыйым сөздер
бар?
Балалар: 1. Су
ішкен құдығыңа түкірме.
2. Суды
төкпе.
3. Судың бетін
ашық тастама
Рефлексиялық-түзетушілік
Су
патшайымы:
– бүгін біздер
не туралы айттық?
– Су не үшін
керек екен?
– Сусыз өмір
сүруге бола ма?
– қандай
тәжірибелер жасадық?
– Су кімдерге,
нелерге керек екен? (сұрақ – жауап
жүргізу)
– Балалар мен
сендермен уақытымды көңілді әрі қызықты өткіздім. Барлығың да менің
сұрақтарыма жауап беріп, өздеріңді жақсы жағынан көрсеттіңдер,
сендерге рахмет! Мені үлкен жұмыстар күтіп
тұр

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген