Материалдар / «Мен түстерді танимын» «Л» дыбысын қою
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен түстерді танимын» «Л» дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
«Л» дыбысының сипаттамасымен таныстыру; буындарда, сөздер мен сөйлемдерде «Л» дыбысын дұрыс айтуды үйрету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Мен түстерді танимын»

«Л» дыбысын қою

Сабақтың мақсаты: «Л» дыбысының сипаттамасымен таныстыру; буындарда, сөздер мен сөйлемдерде «Л» дыбысын дұрыс айтуды үйрету.

І.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Мен әдепті баламыз,
Мен ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме!» - деп,
Сәлемдесіп аламын.


2. Тыныс алу жаттығуын жасаймыз

Гүлді иіскеп ,көбелекті ұшыру.

Қолғап үрлеу.

3.Тілге арналған жаттығу


Қызыл еріннің және ақ тістің артында көңілді тіл тұрыпты. 
Ауыз - тілдің үйі болыпты. 
Тіл ұйықтап жатады ( «Шелпек» тіл төменгі ерінде жатады, 1-ден 10-ға дейін санау).
Тіл оянып, сағатқа қарайды («Сағат»оңға және солға қимылдар жасау, 10 рет). 
Жаттығу жасайды («Әткеншек», жоғары-төмен, 10 рет). 
Жуынады (алақанын созып, судың дауысын шығару - с-с-с). 
Тісін тазалайды ( «Тіс тазалау»жоғары көтеру). 
Шай ішеді: шай ыстық (жалпақ тілді тісаралық шығарып, үрлеу, ауа ағысын қатты шығару). 
Тәтті тосап жейді («Тосап»жоғарғы ерінді жалау, 4-8 рет). 
Далаға шығып, күннің көзіне қыздырынады: (жалпақ тіл төменгі ерінге). 
Қатты жел соғады, тіл бүрісіп қалады («Ине»жіңішке тілді көрсету). 
Тіл үйіне кіріп, жаттығу жасайды. 
Жоғары көтерілді (жоғарғы тістің артында),
Төмен түсті (төменгі тістің артында). 
Тіл тағы да далаға шықты. Оңға қарады, солға қарады (тілдің қимылы: оңға-солға). 
Тіл үйінде ұзақ отыра алмайды. 
Далаға шығып, доп ойнайды (мақта допқа үрлеу). 
Тіл шаршағасын, үйіне кіріп ұйықтайды.

Жаңа сабақ

Бала,бала,балақан

Қане қайсы алақан

Қала,дала гүлденді

Ісем күйге енді.


Тілге,ерінге массаж жасау.

[Л] дыбысының артикуляциясы

Shape1

Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық. Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл бүйірлері азуға тимейді, ауа тілдің екі шетінен шығады. Тілдің түбі көтеріледі, тіл ер-тоқым пішінді болады. Дауыс желбезегі тербеледі. Тамақта діріл сезіледі










Л-дыбысы жеке айтылмайды


1.Ашық буында

2.Дауысты дыбыс ортасында

3.Жабық буында

4.Дауыссыз дыбыс тіркесінде

Логопед дыбысты қою үшін төрт тәсілді қолданады.
1. Еліктеу тәсілі арқылы қою.
- Кеме сияқты гуілде (ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ)
(Айнаға қарап қайталау.)
- Инені көрсетші, ол қандай үшкір еді! Енді, жоғарғы таңдайға майыстыр. Кеме секілді гуілде. ЫЫЫЫЫЫ. Тілдің ұшын босатпа.
(Екі тіс арасындағы Ы дыбысы.)
Логопед:
- Жалпақ тілді тістің ұшымен тістеп, Ы деп дыбыстаймыз. Л деп естіледі.
2. Механикалық тәсіл арқылы қою.
3. Арнайы зонд көмегімен қою.
4. Аралас тәсіл арқылы қою.

Бүгін кішкентай кеме ең алғаш рет алыс сапарға шықпақшы. Ол әрине қобалжып тұр. Сапарға шығар кезде, үлкен теңізде алдынан басқа кемелер шыққан кезде ол қатты дыбыс шығару керек. Бірақ кішкентай кеме даусы қатты шықпай қалар ма деп қорқуда. Ол сондықтан, күнде өлең айтып үйреніп жүр. Кемемен бірге өлең айтып көреміз бе? Ол үшін "желкен" жаттығуын жасап, Ы дыбысын қатты айтамыз.

К еме қалай өлең айтады екен?

ыЛллл

Содан кеме теңізге шықты. Теңіздің дәл ортасына келгенде бір әсем дабыстарды естиді. Кішкентай кеме қызықтап сол дабыстар жаққа барады.







Сөйтсе теңіз бетінде еркін әндетіп жүрген дауысты әріптер екен. Кеме дауысты әріптерге олардың әндерінің ұнағанын, өзінің олар сияқты ән айта алмайтынын айтты. Дауысты әріптер кемеге ән салуды үйретуге дайын екендіктерін айтты. Сөйтіп кеме дауысты әріптермен бірігіп ән айтып үйренді. Олардың әндерін біз де қайталайық:

Shape2 ЛА-ЛА-ЛА


Shape3 АЛ –АЛ -АЛ

Shape4 ЛЫ-ЛЫ-ЛЫ


Shape5 ЕЛ –ЕЛ -ЕЛ

Shape6 ЛУ-ЛУ-ЛУ


Shape7 ІЛ –ІЛ -ІЛ

[Л] дыбысы сөздің ортасында келетін сөздерді қайталау.



балға

қалта

шалқан

бөлме

түлкі

балта

шалғы

белдік

жұлдыз

сүлгі

жалбыз

шалбар

белгі

сұлтан

жылқы

жалқау

шалғам

қолғап

күлгін

шілде



[Л] дыбысы бар қысқа сөздерді мүдірмей айт!

бал

жол

күл

мол

сөл

бел

жыл

көл

нөл

тал

гүл

қал

лай

піл

тіл












Бүгінгі сабақта «Ханшайым» атанғын келсе берілген тапсырмаларды дұрыс орындау керек.Ол үшін сыйқырлық арқылы тапсырма түстерін танып ,ашуға мүмкіндік алу қажет.

1 тапсырма:Себеттегі заттарды дұрыс ата.(қызыл)





2 тапсырма: Заттарды түстеріне қарай топтастыр және ата.

Қызыл: алма, көйлек, балық т.б

Жасыл: көлік,алмұрт т.б

Сары: балапан, балық, жолбарыс

Көк:

3 тапсырма: Дауыстарын ажырат.

4 тапсырма : Нейрожаттығу.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!