400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мен-Ұстазбын!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен ұстазбын!!! (Эссе)

Әр гүлдің өз бағбаны, әр бағбанның да әсем гүлдерге толы бақшасы болады. Бағбан бүршік атып өсіп келе жатқан шыбық пен жас ағаштарды, бой көтеріп көркейіп келе жатқан хош иісті гүлдерді күні-түні суғарып, баптап қарайласады. Қыс демей, жаз демей сырттан келер қауіп-қатерден сүйіктілерін қорғауға дайын тұрады. Бағбанның бір ғана арманы мен мақсаты бар. Көз алдындағы әсемдіктер арқылы адамзатқа қуаныш сыйлар, хош иісімен жанға ләззат берер әлемнің бір бұрышын жұмаққа айналдыру. Иә, жұмақ бұрышына айналдыру. Сол үшін де бағбан тыным таппай еңбек етеді. Бұл қағида мен қасиет адамгершілікті бойтұмар еткен әр ұстаздың бойынан табыларына сенімдімін. Себебі әр мұғалім өз бақшасындағы гүлдерге қарайласар бағбан кейпінде.

Әдеттегідей мектепте сабақ өтіп жатты. Сынып жетекшіміз адамгершілік деген не деген сұрақ қойды. Әр оқушы өздерінше пікір айтты. Мен қолымды көтеріп:

  • Адамгершілік- ұстаздық. Адамгершілік дегеніміз –сіздерсіздер,-дедім. Жымиған күйі сынып жетекшіміз сөзімді құптап, ұстаздық ету үшін адалдық пен адамдық қасиеттердің адам бойынан табылу керектігін айтып, басымнан сипап өтті. Мектепте мұғалімдерімізге еліктегенім соншалық солар секілді адамзатқа қызмет етуге бел будым.

Мен - ұстазбын. Бұны әлемге жар салып, мақтан еткім келеді. Себебі бұл іс өмірімнің мәні болып қана қоймай,күнделікті әлеміме шаттық сыйлайды. Қалай дейсіз бе? Сыныпқа кіріп, әр баланың саф көңілі мен жалынға толы көздерін көру, оларға іштей тілекші болу. Олардың күнделікті жетістікке жетер кіші қадамдарын бақылау. Еш себепсізден оқушыларыңнан алғыс есту. Шынайылыққа толы күлкілеріне куәгер болып, олармен бірге күлкіге ортақ болу.Шәкірттеріңнің ешкімге айтқысы келмейтін жүрек түбінде жатқан сырларымен бөлісуі. Оқушыларыңның көз алдында алып тұлға ретінде көрінуің.Келешек кілті сенің қолыңда екенін сезіну. Өзіңді фильмдегі басты рөлдегі суперкейіпкердей сезіну. Себебі болашақтың жарқын болуы ұстаздық жолымен болатынын білеміз. Қызметі ауыр, жауапкершілігі өте жоғары, қоғамның талап етері көп ұстаздықты атқару қанша қиын болса да, бұл қуаныштар білім ордасына күлімдеп барып, күлімдеп қайтуға тұрарлықтай емес пе?

Ұстаздық қуаныш сыйлап қана қоймай, бізге міндеттелген үлкен жүк екенін де сездіреді. Жүрегімдегі бұл сезім қуанышпен қатар жүреді. Себебі мен – ұстазбын.

Кейде көңіл-күйің болмағанда, оқушыларың үшін өз жағдайыңды білдіртпей, олармен бірге қуанышты кейіп танытасың. Себебі мен – ұстазбын.

Шәкірттеріме сабақ беріп, олардан да өмірлік сабақ үйренемін. Себебі мен- ұстазбын.

Адам бүкіл жаратылыстың ішіндегі ең асылы. Алайда тәрбие мен білім берілмесе хайуаннан да төмен дәрежеге түсіп, адам ойына келмес дүниелер де жасауы мүмкін. Сондықтан да ең қайырлы мамандықтың иесі болу мәртебе. Мақсатым да еліне адал қызмет етер, халқының бақытына туған азаматтарды тәрбие-біліммен сусындату.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі