Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен ұтқыр педагогпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мен ұтқыр педагогпын

«Жай мұғалім- хабарлайды,

Жақсы мұғалім- түсіндіреді.

Керемет мұғалім- түсіндіреді,

Ұлы мұғалім- шабыттандырады.»

Уильям Уорд



Мен, бастауыш сынып мұғалімі Есимова Маржан Орымбаевна сегіз жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметін атқарып келемін. Бүгінгі таңда талпынысқа толы қазыргі заманға сай ұтқыр педагогтың бірімін деп өзімді санаймын. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы.» – деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар, ұлы мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Жылдар өтті… Сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым – әрқашан шығармашылық ізденісте,ой қозғалысында болу. Себебі өз ісінің шебері деп XXI ғасыр ұстазын айтуға болады. Себебі XXI ғасыр оқушылары ұстаздардан ұтқырлықты, жаңашылдықты талап етіп тұр. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі әрі ұтқыр қолдануы керек. 

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», – деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.Сол себепті де мектебімнің ұжымымен бірлесе отырып, өз тәжірибесінде жетістікке жетуге талпынатын, жаңа ағымнан қалыспай білім беруіне де мүмкіндік жасайтын,ол туралы ойлауға мүмкіндік тудыратын шығармашыл мұғалімдерімен тығыз қарым- қатынас жасаудамын. Мен өзімді заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой –өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан- жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін деп есептеймін. Және жемісінің өнімін көруге асыққан бағбандай, бала жанына ақыл дәнін сепкен ұстаздардың бірімін. Мен алдыма келген оқушыларыма сапалы білім мен тәрбме беріп қоймай, олардың жан-жақты дамуынада бар ықыласымды саламын. Менің ойымша бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,олар әр түрлі олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін сынаққа алып тексеруі тиіс. Сонымен қатар би, ән, спорттық үйірмелерге қатысып өз өнерлерінде шыңдауы керек. Өздеріне деген сенімді бойларына ұялату қажет. Сол себепті мен өз оқушыларымның жан-жақты дамуын алдын ала жоспарлап, ұйымдастырамын әрі қадағалаймын.«Қазіргі заманға сай ұтқыр мұғалім қандай болу керек?»- деген сауалға адамзат ғұламасы-данышпан Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстықайрат»-деген үнінен жауап тапқандаймын. Бойында осы үш қасиеті бар адам қай қоғамда еңбек етсе де, қоршаған ортасының жаны, жүрегі, ұйтқысы. Өз басым, жылы жүрегімді, ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, аяулы шәкірттеріме арнаймын. Ұстаздық жол – мен үшін өмірімнің мәні, қайрат-жігерімнің, қабілетімнің бастауы. Әр таңдағы әрбір игілікті еңбек қадамым, ұстаздық шығармашылық ізденістерім, шәкірттеріммен бірлесе атқарған жемісті істерім мені алдағы уақытта мақсатты істерге жетелейді. Сондықтан мен менен білім алған оқушылардың білім деңгейі жоғары болу үшін,барынша күш-жігерімді салып жан-жақты дамып,әрдайым ізденісте жүремін. Ұтқыр ұстаз ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін.
Қытайдың ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең –ұмытып қаламын, көрсетсең –есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін. Бұл идеяны өз шәкірттеріме сабақ беру барсында қолданамын. Яғни өзімнің шәкірттерімді адамгершілігі бар,ұлттық тәрбиені бойына сіңірген,отаншылдық рұхы жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуде, оқу үшін оқытуда бар күш жігерімді жұмсаймын .Себебі өз мамандығымды, шәкірттерімді жақсы көремін. Ұтқыр мұғалім еңбек ету үшін жаңашылдыққа ұмтылып,ізденуі керек.
Мен өзімді ұтқыр ұстаздар қатарындамын деп санаймын, өйткені мен – болашақтың бағбанымын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12