Мен заманауи педагогпын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен заманауи педагогпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Мен замануи педагогпын»



Тәрбие мен білімнің бастауы әлбетте балабақшадан басталады.Бала алдымен отбасында ата-ана махаббатынан нәр алса ,балабақшаға келіп, тәрбиеші апайлардың жылуы мен ізгі ниетіне бөленеді.Оң мен солды әлі танып білмеген жас бүлдіршін үшін,киелі шаңырақ балабақшаның берері мол.«Тәрбие тал бесіктен»-деп дана халқым зая айтпаған,кішкентай бүлдіршіндердің бойына адамгершілік қасиеттен бастап,Отан сүйгіш патриот етіп, болашаққа нық қадам баса білуіне,жалпы адам болып қалыптасуына балабақшаның әсері мол.Осындай киелі жерде,періштелер мекен ететін қасиетті жерде мен тәрбиеші болып қызмет етіп жүргеніме мақтан етемін!Балалардың риясыз махаббатына бөленуім үшін,мен өте мейірімді,білімді талапшыл болуым керек,ондай болмаған кезде балалардың жүрек түкпірінен ешқашан орын ала алмайтыным анық!

Ендеше бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру елімізде көкейкесті мәселе болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев әр Жолдауында білім саласына айырықша тоқталып, нақты тапсырмалар беріп, тікелей қадағалауда. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында да Елбасы күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді нақтылап көрсетіп берді. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайту үшін біртұтас ұлт болудың негізгі рухани тамырынан ажырап қалмауды, ұлттық сана мен ұлттық мүддені сақтап қалудың жолы ұлттық кодтан адасып қалмау керек екендігін ескертті.

Елбасымыздың осындай талаптарынан кейін мен өзіме тәрбиешілік мақсат пен міндет қойдым.Менің мақсатым:бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, олардың бойына отансүйгіштік сезімдерін ұялату, баланың тұлғалық дамуына қолайлы жағдайлар туғызу, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, тәрбиеленушілердің сұраныстарын қанағаттандыру, олардың жауапкершілікті сезінуіне, жетістіктерге ұмтылуына ықпал ету.Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін ізденімпаздығымды арттырып,талмай талаптанып еңбек етуім керек екенін түсіндім.Замануи заманда өмір сүріп жатқан ұстаздар замануи,инновацияны жетік меңгерген ұстаз болуы керек деп ойлаймын.Заманауи педагог болуым үшін елімізде барлық жағдайлар көрсетілген.Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс тапқан уақыт,осы жоғарыда айтылған инновациялық құрылғылармен мен өз басым жұмыс жасап жүргеніме біршама уақыт болды,көз алдымдағы бүлдіршіндердің заманмен бірге өсіп,талғамдарының жоғары деңгейде екеніне таң қаламын.

Замануи ұстаздың тәрбиеленушілері де замануи болуы тиіс ,бұл жолда атқарылып жүрген жұмыс та аз емес. Күнделікті оқу қызметтерін интерактивті тақта,сиқырлы қалам,видео сабақ, түрлі құрылғыларды қолдана отырып қызықты да тартымды етіп,балалардың сұранысын қанағаттандырып жүрген тәрбиешілердің бірімін.   «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»,-деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций, дегенмен өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды,бұрынығының ұстаздарына қайран қаламын инновацияның дамымаған кездерін де ақ қаншама білімді де дара азаматтарды тәрбиелеп ,келешек ұрпақ үлгі алатындай етіп қанат бітіріп, биікке самғатты.Осынау оқытудың жаңа жобаларының әр минут ,әр секунд сайын дамып келе жатқан заманда өмір сүріп жатқан ұстаздардың жүгі ауыр,инновацияның шарықтаған кезінде тәрбиеленіп,білім алып отырған тәлімгерлердің бойынан болашаққа нық қадам мен талпыныс көруіміз керек.Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Заманауи ұстаз,замануи тәрбиеші осы қағидаларды ұстанып қызмет атқарса ғана заманауи педагог болмақ!

Мен заманауи педагогпын!!!




























Алматы қаласы Білім басқармасы

МКҚК « № 97 бөбекжай балабақшасы»













Эссе

«Мен замануи педагогпын»























Орындаған:Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі