жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мендыбаева Эльмира Болатовна
«Аққала мектеп-балабақша кешені»КММ
Эссе
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Тәрбиеші: Мендыбаева Э.Б.
2018-2019 оқу жылы
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды «тек балаларды алдандыру», «көңілін көтеру әдісі» деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын-негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы-дидактикалық ойын. Мұның бала ой-өрісінің қалыптасуына,дамуына пайдасы мол. Солай-ақ балалардың адамгершілік сезіміноятуға қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнымен анықталады. Дидактикалық ойындар-балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызды бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материлдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беріп, алдын ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттың дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойын -«лото», «домино» және т.б.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты,тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материлдарды меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың тиімділігі сабақтың әр кезендегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдың ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алған тиімді. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өткізілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық сабақта дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, сауат ашу сабағында дидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы,бала ойлап отырған машинаның дөңгелегі нешеу,түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, сен көк кубиктерді әкелші,үстелге апарып қойшы деген сияқты әрі өтініш, әрі тапсырма ретінде жүргізіледі. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйретеді.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттарымен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын,есте сақтауын,зейінін, салыстыруға, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түрде түсінісіп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып,белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыландырады. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай тыңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар сөйлеудің екі түрі-монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған. Мысалы, «Телефон» ойындарында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты-бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?», «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы, кесе, қасық, тарелка, шанышқы-ыдысаяқтар;алма, алмұрт, шие, өрік-жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша-көкөністер; көйлек, камзол, тақия, бешпент-киімдер; етік, туфли-аяқкиімдер, т.б. немесе керсінше үй жиһаздарын-диван, төсек, үстел, орындық, теледидар;отбасы мүшелерін-әке-шеше, ата-әже, аға-іні, қарындас, т.б.оқу құралдарын-кітап, дәптер, қалам, өшіргіш, сумка, т.б.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру қажет. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болуы керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда тұрған жөн. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатымыз орындалмақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген