400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

менеджмент негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
экономика мамандықтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Менеджмент – бұл, басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби қарекетінің дербес түрі қарастырады:

- кәсіпорынның нарықтық сұранысы мен қажеттіліктеріне, сұранысы бар өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру және белгілі тұтынушылардың талаптарына бағытталуын;

- өндіріс тиімділігін арттыруға, аз шығындарымен оңтайлы нәтижеге жетуге тұрақты талаптануын;

- кәсіпорын мен оның бөлімдер әрекетінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау еркіндігін қамтамасыз ететін шаруашылық тәуелсіздігін;

- нарық жағдайларына байланысты бағдарламалар мен мақсаттарына тұрақты түрде түзетім енгізуді;

- нарықтағы айырбас процесіндегі кәсіпорын мен оның бөлімдері әрекетінің соңғы нәтижесін шығаруын;

- оңтайлы шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер жүргізу үшін компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпарат базасын қолдану қажеттілігін.

 

“ Менеджмент” термині “ басқару” терминіне мағынасы жағынан ұқсас болып келеді. Демек, “ басқару” термині “ менеджментке” қарағанда кеңірек ұғымды білдіреді. Себебі, ол адам әрекетінің көп түрлілігіне ( көлік құралдарын басқару); әр түрлі әрекет ету сфераларына ( мемлекетті басқару); басқарудың әр түрлі органдарына ( қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдарын, сонымен қатар кәсіпорын бірлестіктеріндегі басқару ) байланысты көптеген мағыналарда қолданылады.

«Менеджмент» тек қана пайда (кәсіпкерлік табыс) алу мақсатында өз қарекетін іске асырушы кәсіпорындар санаттарына байланысты қолданылады. Менеджмент тек қана өндірістік кәсіпорындар қарекетін емес, сонымен қатар банктердің, сақтандыру қоғамдардың, туристік агенттіктердің, көліктік компаниялардың, қонақ үйлерінің , өндірістік кәсіпорындар қарекетінің дербес экономикалық суъектілері ретінде, нарыққа қатысушы басқа да шаруашылық бірліктерін қамтиды.

Менеджмент- бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез- келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент- бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана, жеңе білу қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Э.А. Уткин Менеджмент – бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджментің әлеуметтік- экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент – бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе- менеджмент – бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының жүйесі. Менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

П. Друкер менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау деп түсіндіреді.

Менеджменттің түрлері:

Үкімет.Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік менеджмент.Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

Мемлекеттік меншіктегі менеджмент.Бизнес менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Менеджменттегі басты нәрсе- кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

- жоспарлау және болжау;

- ұйымдастыру;

- ынталандыру;

- бақылау.

Менеджмент әдістері –бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

-кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әректін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгі- ленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

-ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;

-алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері –бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедурала- рының жүйесі.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, лоар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдер сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын териясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі.Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады.Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын модельдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолдану.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті,инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғы- сын ескере отырып құралады.Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.



Менеджменттің негізгі мақсаты:

- техникалық және технологиялық базасын дамыту мен өндірісті басқару,

- әр жұмыскердің шығыармашылық белсенділік пен біліктілік арттыру.

- кадрлық потенциалын тиімді қолдану.

- өндіріс процесін рационалды ұйымдастыру

- кәсіпорынның пайдалы қызметін қамтамасыз ету.

Пайда фирманың болашақ қызмет етуінің белгілі кепілдемелерін қалыптпстырады. Себебі, тек қана оның әр түрлі резервтік қорлар түрінде, тауарларды өткізуімен байланысты тәуелдіктерді шектеу мен құтылуына жол ашады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгерісте болады: бәсекелестер жағдайы, қаржыландыру формалары мен шарттары, жалпы мемлекетте немесе саланың конъюнктурасы, әлемдік тауарлық нарықтарындағы сауда жүргізу шарттары да өзгеріп отырады. Осыдан тұрақты тәуелділік пайда болады.

Менеджменттің мақсаты тек қана нақты жағдайда емес, сонымен қатар болашақта да тәуелділіктен құтылу болып табылады. Ол, өз кезегінде, тез өзгеретін жағдайларға шұғыл икемдеу мақсатында белгілі дәрежеде еркіндік пен резервтік ақша құралдарын талап етеді.

Менеджменттің маңызды шешетін мәселесі кәсіпорынның рентабельділігін мен оның нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолдағы материалдық пен адамдық ресурстары негізінде тұтынушылар сұранысымен есертесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіруді ұйымдастыру болып табылады.

Бұл орайда, менеджменттің шешетін мәселелеріне мыналар кіреді:

- жоғары білікті жұмыскерлерді таңдау мен өндірісті автоматтандыруды қамтамасыз ету;

- жоғары еңбек ақы белгілеу мен қызметкерлер үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру арқылы ынталандыру;

- кәсіпорын қарекетінің тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу және оның барлық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

- жаңа нарықтарды тұрақты іздеуі мен оларға енуі.

Сонымен қатар менеджмент шешетін мәселелеріне мыналар жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың басымдылығын, олардың шешілу керектігін айқындау;

- фирманың даму стратегиясына кіретін шаруашылық мәселелері мен оларды шешу жолдарын табу;

- әр түрлі уақыт мерзімдеріне белгіленген мәселелерді шешу үшін іс – шаралар жүйесін қалыптастыру;

- қажетті ресурстар мен оларды қамтамасыз ететін қайнар көздерін анықтау;

- қойылған мақсаттарды жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Басқарудың шешетін мәселелері материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. ресурстардың ұлғайып отыратын көлемдерін талап ететін өндіріс масштабтарының өсуі барысында күрделенеді.

Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

- шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

Орытынды

Менеджмент - бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолданып, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану жолымен, анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған жеке бөлек профессионалды іс-әрекеттің түрі.

Менеджменттің негізгі мақсаты өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету.

Менеджер мынаны есте сақтауы тиіс, кімнің де болсын творчестволық қабілеті бар, оның міндеті – «барлық жұмыскерлер өз ақыл – ойын жұмсай білуі үшін» осы қабілеттерді аша білуі керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі