400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мені ата-анам түсінбейді

Материал туралы қысқаша түсінік
6-9 жас аралығы балаларға арналған психологиялық сабақ. Педагог-психологтарға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мені ата-анам түсінбейді» (6-9 жас аралығы балаларға)

Мақсаты: ата-ана мен бала арасында өзара түсіністік тудыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңді сұрақтарды анықтау;

  • Кикілжіңді жағдайларды балаларға ата-ана кейпінде талқылату;

  • Кикілжіңді жағдайларда өзара түсіністікке келуді дамыту;

  • Ортақ шешімге келуді дағдыландыру;

Көрнекіліктері: теледидар, жұмсақ ойыншық.

Сабақтың өту барысы:

1. Сәлемдесу. «Ыстық картоп» ойыны арқылы топ балаларын бір-бірімен таныстыру. Ойын барысында қатысушылар бір-біріне жұмсақ ойыншықты беру арқылы есімдерін айтып шеңбер бойымен танысып шығады, барлық қатысушы есімдерін айтып болған соң жұмсақ ойыншықты естеріңде сақтап қалған ойыншыға лақтыру арқылы ойын жалғасын табады.

2. «Анам мені кешіреді....» атты мултьфильм көрсетілімі. Көрсетілім барысында кездескен келеңсіз жағдайды қатысушылармен бірге отырып талқылау.

3. Ата-аналар тарапынан қойылған талаптарды талқылау.

- неге ата-ана тыйым салады?

- ата-аналарын қойған тыйымдарды,өз балаларына рұқсат етесіңдер ме? Неге?

- сені ұзақ уақыт бойы компьютер алдына отырғызбау, қараңғы түскенше далада жүруіне тыйым салу,және т.б.б дұрыс па? Сен осы айтылған тыйымдарға қаншалықты ренжисің?

4. Кикілжіңжі жағдайларды талқылау.

Мысалдар:

- Анам үнемі маған айтады: « Мен сенің жасында тамақ істей алатынмын,шұлық тоқу қолымнан келетін, бауырларыма қарай алатынмын! Ал сен......»

- Әкем үнемі маған айтады: « Жігіт ешқашан жыламайды,сен шыдауың керек!» Саған қанша қиын болсада аямайды, қол ұшын созбайды.

- Үй жұмысын орындағанда қателессең немесе тапсырманы түсінбесең, мисыз және қолыңнан ешнарсе келмейді деп келеке етеді.

- Үй тапсырмасын сабақтан келген соң орындауға талап қояды. Сенің жағдайыңа көңіл бөлмейді.

5. «Шешімін тап» ойыны. Жүргізуші кикілжіңді жағдайды оқып береді.Қатысушылар ситуациялық жағдайдан шешім тауып шығу керек.

6. Алған білімді қорытындылау.

Әрбір ата-ана кез-келген кикілжіңді жағдайды ешқандай айқай-шусыз шешу керектігін әркез біле бермейді. Ал, балалар сол жағдайда барлық қойылған талаптарға көнгісі немесе ата-ана тарапынан айтылған талаптарға келісе бермейді. Кездескен кикілжіңді жағдайды дұрыс жағынан шешу үшін ата-ана бала, бала ата-ана кейпіне еніп, бір-біріне түсіністік таныта білуі тиіс.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі