400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің -болашақ мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:

«Менің болашақ мамандығым» шығармашылық кеш сценарийі


"Білекке сенер заманда ешкімге есе бермейік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік"

Абылай хан

Мақсаты:

а) ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.

ә) Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындыру.
б) Олардың өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.


Көрнекілігі: слайд, бейнебаян, манекен, киім үлгісі, қолөнер бұйымдары, тәтті тағамдар.
Нәтижесінде оқушы:

1. Өзі таңдаған бейініне қарай терең білім алу керектігін түйсінеді және алғашқы кәсіптік көзқарасы пайда болады;

2. Өз бойындағы толғандырып жүрген сұрақтарға толық жауап алады.


1. Техникалық мамандық таңда . (Бейне баян көрсетіледі)


(Фон ойналып тұрады)


1-Жүргізуші:

Құрметті, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы шығармашылық кешке қош келдіңіздер!



Picture 1

2-Жүргізуші:

Бүгінгі кешіміздің мақсаты:

”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.

Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындыру.
Оқушылардың өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.


1-Жүргізуші:

Әль-Фараби бабамыз айтқандай:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз" деп, қашанда адам өмірден өз таңдауымен тапқан жөн.

2-Жүргізуші: (музыкалық фон)

Өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсету үшін қонақтар келіп отыр. Ендеше қошеметпен ортаға шақырайық. (Оқушалар өз орындарына жайғасады)

1. "Аспазшылар" тобы топ басшысы Бимбет Айсұлу

Топ мүшелері: Бимбет Айсұлу, Сабыр Алтынай, Нұрболат Жанна ,Алпысбай Жанель.
2."Сәнгерлер" тобы, топ басшысы Маратқызы Аружан

Топ мүшелері: Маратқызы Аружан , Қонысбек Аружан, Қайрат Нұрсулу,

Алматқызы Еркежан


Picture 4 Picture 3 1-Жүргізуші:

Мамандық таңдау дегеніміз -яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.Осы жөнінде келген қонақтарымызбен ой бөліссек.

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
- адамның болашаққа апаратын жолы;
- адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
- мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
- оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
- олбелгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;


Picture 5 Picture 6


2- Жүргізуші:

Технология пәні мамандық таңдау үшін көптеген мүмкіндіктер береді.

Олар: ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша, киім тігу, тағам әзірлеу, тоқмашы, метал әзірлеу, ағаш өңдеу т.б. Сондай -ақ мамандық таңдауға көп көмегі тиетін үйірмелер, факультатив сабақтар.

“Шығармашылық жоба” бөлімі бойынша "Сәнгерлер" тобы, топ басшысы Маратқызы Аружанды өзінің шығармашылығымен таныстыру үшін ортаға шақырамыз. Picture 8 Picture 9

Аружан: (өзінің шығармашылық жұмысымен таныстырады)


Picture 12 Picture 19

Менің болашақ мамандығым: Модельер!

Модельер- жаңа киім, аяқ киім, әшекей-бұйымдардың және баскиімдердің моделдерін жобалау маманы.

Модельер мамандығының бағыттары:

  • Суретші -модельер

  • модельер-конструктор

  • тері өңдеу-модельері

Әрине сонымен бірге модельерде креатив пен жаңашылдық сезімі, елестете алуы мен клиенттерімен тез тіл табысуы да өте маңызды.

Әйгілі Қазақтың модельерлері

Атақты сәнгерлер

Қуралай Нурқаділова

Айда Каюмова

Берік Исмайылов

Фарида Мерхамитқызы


1-Жүргізуші:

“Шығармашылық жоба” бөлімі бойынша "Аспазшылар" тобы, топ басшысы

Бимбет Айсұлуды өзінің шығармашылығымен таныстыру үшін ортаға шақырамыз.


Picture 10 Picture 1


Менің болашақ мамандығым: Аспаз, кондитер

Аспаз қоғамдық тамақтану орындарында: дәмханада, мейрамханадаларда, аспаздық дүкендерде жұмыс істейді.

Кондитер кондитерлік өнімдерді дайындауға маманданады. Олар әртүрлі қамыр түрлерінен дайындалатын торттар, тәтті тоқаштар, печеньелер болуы мүмкін.


Көрме таныстыру.


"Аспазшылар" тобы (Алтынай)

"Сәнгерлер" тобы (Аружан)


1-Жүргізуші:

Постер қорғау (Слайд арқылы тапсырманы көрсету)

"Аспазшылар" тобы (Жанель)

1. « Сән және Сымбат» мамандық қажет емес.

"Сәнгерлер" тобы

2. «Сұлулықтың негізі денсаулық» . (Еркежан)

Picture 11 Picture 15

Музыкалық номер

1. Тоғайбек Дінмұхамед күйі " --------"

2. Тоғайбек Дінмұхамед Ғарышкер әні .

Picture 16 Picture 17

2-Жүргізуші:

Постер қорғауға "Аспазшылар" және "Сәнгерлер" тобын ортаға шақырамы

Picture 13 Picture 14

1- Жүргізуші:

Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!


Өз болашағың өзіңнің қолыңда!

Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын:
• Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.
• Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.
• Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!
• Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!
• Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!
• “Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.
• Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт
• Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!
• Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!


Қорыта келгенде қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық. Мамандықтың бәрі жақсы. Тек оны таңдай білу керек. Болашақта сіздерді үлкен маман иесі болады деп зор үміт күтеміз. Еліміздің өркендеп, дамуына зор үлес қосатын үлкен азамат болуларыңызға тілектеспіз.

Жүргізуші: Барлығыңызды суретке түсу рәсіміне шақырамыз.


Picture 18



№267 орта мектеп















«Менің болашақ мамандығым»

( Шығармашылық жоба)





Ұйымдастырушы педагог: С.Стамшаева
















2015-2016 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі