Мерзімі: 09.09.2024
ж.
|
Сыныбы:
1 «В»
|
Пәні: сынып
сағаты
|
Мұғалім:
Картанова Гулшат Ауезхановна
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
«Менің – Отаным
Қазақстан!»
|
Сабақтың
мақсаты:
|
1. Оқушылардың пәндер
бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен
бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге
үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорларын
молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық
қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе
білуге ,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше
жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Оқушылардың болашаққа өз
үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп,елін жерін, оның дәстүрін
сыйлауға, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа,
зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Құндылық
|
ұлттық
тәрбие
|
Сабақ
кезендері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сабағымызды бастамас
бұрын
«Менің есімім» ойынын ойнап
жіберейік. 1. Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың
болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгінгі сабақта сендердің ой-өрістерін
кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын білімді топты анықтайтын,
білімге деген қызығушылықтарынды арттыратын «Қазақстан болашағы
білімді ұрпақ қолында» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл
ойында біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп,
санамыздың өскенін көрсетеміз. Білімді адам
ешнәрседен
қорықпайды, мазасызданбайды.Әр
уақытта батыл .
Ақыл –тон аңдағанға
тозбайтұғын,
Білім-кең қанша болса
азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара
жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп
Тұрмағанбет Ізтілеуов
айтқандай,
«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар
болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш -
қайратқа ие боласың. - Ұлт тірегі –білімді ұрпақ
қолында, Ізденіңдер, білім алу
жолында. Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте, Білімді
ұрпақ - біздің болашағымыз -сендерсіңдер. «Ұлт болашағы -
білімдінің қолында» екенін ұмытпаған
жөн.
|
оқушы өзін таныстырады, есімі
қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді
қосып,, өздерін таныстырады.Мыс: инабатты Индира,құлпырған
Қызғалдақ
|
Презентация
Интербелсенді тақта/
компьютер
|
Сабақтың ортасы
|
Тірек білімдерін
жетілдіру:
Мектеп қандай
орын?
Мектепке не үшін
келеміз?
Білім беретін
кім?
Білім беретін тағы
не?
Мектеп мүлкін қалай пайдалану
керек?
|
Балалар сұрақтарға
сурет арқылы жауап береді.
4 деңгей оқушылары сұрақ бойынша суретті тауып
көрсетеді.
|
тақырыптық суреттер
|
|
«Мақалды аяқта»
ойыны 1.Алтын ұяң — ....... (Отан
қымбат)
Құт-берекең — .......
(атаң қымбат)
Аймалайтын — .......
(анаң қымбат)
Асқар тауың — .......
(әкең қымбат) Қазыбек
би
2.Бұлбұл гүлзарын
сүйеді, ............(Адал адам Отанын
сүйеді).
3.Орағың өткір болса,
қарың талмайды,
....................(Отаның берік болса, жауың
алмайды.)
4.Отан -елдің анасы,
.... (Ел-ердің анасы).
5.Отан қадіріне
жетпеген, ................
(өз қадіріне
жетпейді).
6.Отан .............. (
отбасынан басталады)
|
Оқушылар мақалдың
жалғасын оқып табады, айтады, тиісті мақалға
іледі.
3-4 деңгей оқушылары мақалды қайталап
айтады.
|
мақал-мәтел жазылған кесте
|
Сергіту сәті
|
Спортты жанға серік
қыл,
Парасат, жігер, ерік –
бұл.
Озып шық, түссең
жарысқа,
Рухтан, тырыс
намысқа.
Табанды жетер
табысқа,
1-2-3, міне, нағыз
күш.
|
Оқушылыр орындарынан тұрып, қимылды жаттығу
жасайды.
|
сөздік-қимыл
|
|
Миға
шабуыл
1.Сендер саналы, білімді
азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп
ойлайсыңдар?
|
Тірек сөздер арқылы жауап береді.
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты
азамат болу.
- 4 деңгей оқушылары қима суреттерді
құрастырады.
|
қима
суреттер,
қима сөздер
|
|
«Ой толғау»
әдісі
«Кім болғың
келеді?»
Ал, балалар, сендер болашақта
қандай маман иесі болғыларың келеді? Ортаға
салайық.
|
Мысалы, мен болашақта мұғалім
болғым келеді. Өйткені, елдің болашағы, өркендеуі үшін ең алдымен
білім қажет. Ал білімнің бастауы, тұтқасы мұғалім.
- Дәрігер болсам деймін. Елдің
болашағы сондықтан дәрігерлердің қолында. Елім үшін еңбек етер
білікті дәрігер болғым келеді.
|
мамандық иелерінің суреттері
|
|
Кері
байланыс:
«Білімім - Отаныма»
атты тақырып модельін ұсыну.
|
Балалар модель арқылы оз ойын жеткізуге
тырысады.
|
тақырыптық сурет
|
Сабақтың соңы
|
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ
ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін,
ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат
болыңдар! Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде
шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім
келеді.
|
тыңдалым
|
презентация
|
Рефлексия
|
Пирамида
түсіндім білгім келеді түсінбелім
|
пирамидаға тудың суретін
орналастырады.
|
«Пирамида»
суретті
кесте
|
Бағалау
|
«Пирамида» әдісімен
бағалау
|