Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің -Қазақстаным менің болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сбақ жоспары 6 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым.


Сабақтың мақсаты: Ата заңды құрметтеуге, өз құқығын білуге, елін, жерін сүюге баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.


Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, Венн диаграммасы, ҚР Азаматының құқықтары мен міндеттері жазылған плакаттар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Мұғалімнің алғы сөзі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні қабылданды.

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Конституция – қоғамның, мемлекеттің ең маңызды және басты мәселелерін қарастыратын, құқық жүйесінің негізін құрайтын, құқықтық тәртіпті нығайтатын ең жоғары заңды күші бар маңызды саяси-құқықтық құжат. Ол-азаматтың шешуші құқығы мен бостандығын, қоғамның экономикалық негізін, мемлекеттің құрылымын жүйелейтін негізгі Заң.


ІІІ. Сұрақ – жауап.

  • «Конституция» сөзінің мағынасы қандай? Сендер білесіңдер ме?

  • Бұл сөз латын тілінен аударғанда «орнату», «құру» деген мағынаны білдіреді.

  • Конституция нені белгілейді?

  • Азаматтардың құқығын, бостандығы мен міндеттерін белгілейді.

  • Қазақ мемлекетінің тарихында қанша Конституция болды?

  • Бес.

  • Соңғы Конституция қай жылы шықты?

  • 1995 жылы шықты.

  • Бұл Конституцияның маңыздылығы қандай?

  • Республикамыздың өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялағаны.

  • Сендер мұның барлығын қайдан білесіңдер?

  • Кітаптан оқыдық.




1-оқушы.

Ата Заңым,

Алтын Заңым-ардағым.

Аялаған адамзаттың арманын,

Жол бастайды болашаққа жасампаз.

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың,

Ата Заңда-

Парасатым, пайымым.

Ата Заңда-

Күш-қуатым, жалыным,

Сен қорғайсың,

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

2-оқушы.

Оқы да білім ал деген,

От бол да мәңгі жан деген.

Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,

Асыр сап, ойнап-күл деген.

Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,

Қолдаған бостандығымды.

Ата Заңым менің!

3-оқушы.

Құптаған көңіл қоштығын,

Ұлттардың берік достығын.

Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,

Талай жыл күткен теңдігім-

Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын

Бақытым, бағым, тағдырым-

Ата Заңым менің!

4-оқушы.

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің-

Байтағым!

Аз емес саған айтарым!

Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,

Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің-

Мәртебем!


ІV. Венн диаграммасы.

  1. Заңды орындайтын адамның болашағы:

  2. Заңды орындамайтын адамның болашағы:




БDrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 олашағы жарқын Болашағы

болады. Екеуі де бұлыңғыр болады.

Қандай жағдай Қазақстан Құқығы шектеледі.

болмасын өз Республика- Өз еркі

Құқығын қорғай сының болмайды

алады. азаматы

Өзінің еркі болады.






V. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну-тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
519
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12