400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің әжем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің әжем-белсенді зейнеткер

Әже...

Осы бір үш әріптен тұратын сөз құлаққа жағымды, жүрекке жылы естіледі. Әже-әрбір отбасының ұйытқысы, балалардың ақылшысы. Сәби дүниеге келген сәтінен бастап әженің айтқан жырын тыңдап өседі. Әженің ақылын тыңдап өскен бала тілалғыш, бауырмал болып өсетіні анық.

Менің әжем де өз немерелерінің бағбаны, ақылшысы. Оның жасы қазір 63-те. Әжем өнерлі жан. Баян тарту, құрақ құрау-әжемнің сүйікті істері дер едім. Ол үнемі бізден ақылын аямайды. Бойымдағы жақсы қасиеттер әже тәрбиесімен даруда. Сабағыма да әжем қол ұшын беріп отырады. Кейде қатаңдық танытса да, соңынан «айналайын» деген сөзін асыға күтіп отырамын. Қашан да қас-қабағымызды танып отыратын әжетайымның үнемі жанымызда болғанын қалаймын.

Әжем қаншама жылдар темір жолда еңбек етті. Краншы болып еңбек еткен әжемнің еңбегін ерлікке теңеймін. Қазір сол жасаған бейнетінің зейнетіне бөленуде. Өзінің еңбек еткен жолдарын маған әңгімелеп береді. Сондай сәттерде әжемді құдды аңыз кейіпкеріндей көремін. Бүгінгі таңда әжем өзі еңбек еткен ұжымына сыйлы зейнеткер. Мерекелер сайын әжеме ұжымынан шақырулар келіп жатады. Сондай сәттерде әжем де біз де қуанып қаламыз. Әжем өзінің жолын қуған әкеме ақылшы-ұстаз. Әрдайым өзінің көрген білгендерін әкеме үйретіп отырады. Теміржолда еңбек етіп зейнетке шыққан ана және өзінің жолын куған баланың әңгімелері қызықпен өрбіп, үйлесім тауып жатады.

Мен де оқудағы жетістіктерімді ең әуелі әжеммен бөлісіп отырамын. Үнемі әжемді қуантқым келіп тұрады. Қандай да бір жетістікке жетсем, ол әжемнің тілегінің арқасы.

Әже, асыл әжем!

Мен сіздің алдыңызда қарыздармын. Сіз берген тәрбиенің арқасында елін, жерін сүйетін адал перзент болатыныма уәде беремін.

Әжем менің!

Мен өзіңнің арқамнан сипайтын алақаныңның жылуын ештеңеге айырбастамаймын. Өзің үміт күткендей тәрбиелі, ақылды перзент болатыныма сендіремін.

Асыл әжем!

Мен сенімен әрдайым мақтанамын. Ешқашан ауырмай, біздің тілеуімізді тілеп, арамызда жүре бер! Барлық әжелер аман болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі