400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің әкем – полицей !

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақтөбе қаласы Әл Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 5 "Д" сынып оқушысы Талгат Дильяра Талгатовна "Менің әкем полейцей" мақаласы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл –Фараби атындағы № 21

мамандандырылған гимназияның

5 «Д» сынып оқушысы

Талгат Дильяра Талгатқызы



Менің әкем – полицей !

Менің әкем полицей қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болғанымен, балаларына мейіріммен қарайды. Біз әкемізді мақтан тұтамыз. Әкем жұмыстан шаршап келсе де шаршағанын білдірмеуге тырысады. Әкемнің жұмысы қиын болғанымен , қызықты жерлері де бар. Ол бізге төніп тұрған қауіптің алдын қалай алуға болатынын , жолдан қалай өту керек екенін, сонымен бірге өз құқықтарымыз туралы да айтып отырады. Біз әкеміздің демалысын қатты күтеміз. Басқа мамандық қызметкерлерінің арнайы демалыс күндері секілді полицей қызметкерлеріне де арнайы отбасымен уақыт өткізу үшін демалыс күнін неге бекітпейді деген ой мазалайды. Әрине жасалып жатқан қылмыс та көп, қауіп төніп отырған адамдар да көп, дегенмен ол қызметкерлердің де жеке өміріне, отбасына көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Отбасындағы әке тәрбиесінің орны ерекше екенін бәріміз білеміз. Әкем жұмыстан кеш келеді. Бірақ соған қарамастан ол бізге уақыт табуға тырысады. Бос уақыты аз болса да отбасымызбен бірге өткізуге тырысамыз. Біз бірге волейбол ойнаймыз, мұз айдынына, тіпті жазда бізді саябаққа да алып барады. Мен әрқашан әкемнің формасына қызығатынмын. Мен де әкем сияқты полицей қызметкері болып, қылмысты зерттеп, қылмыскерлерге әділ шешім қабылдағым келеді. Әкем үнемі бізге адал болуды, әділ болуды үйретіп отырады. Әкемнің қызметінің жауапкершілігі өте жоғары. Өзіне қауіп төніп тұрса да ел тыныштығы үшін өз міндетін бұлжытпай орындайды. Адамдар қиын жағдайда немесе өздеріне қауіп төніп тұрса, әкемнің көмегіне жүгінеді.

Менің әкем сияқты полицей қызметкері бар да еліміз тыныш болады, өйткені ол еліміздің бейбіт өмір сүруіне көп еңбек етеді. Әкеме және Қазақстандық полициямызға мықты денсаулық, жоғары кәсіби шеберлік, халық сенімін ақтап, жасаған еңбекте табыстар тілеймін. Әрқашанда полиция қызметкерлерінің атағы ерлік, абырой және батырлық нышаны ретінде қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылуы тиіс деп ойлаймын. Себебі өз денсаулығы мен өмірін қауіпке тіге отырып, ел тыныштығын сақтап, халықты қауіптен қорғау оңай жұмыс емес екенін білеміз.





Сынып жетекшісі Ермекова Г.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.06.2024
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі