Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Менің әкем-жақсы адам»
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Менің әкем-жақсы адам» |
|
Күні: |
22.04.2024ж. |
|
Сынып жетекші: |
М.Бекмуратова |
|
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Менің әкем-жақсы адам» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын оя Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру; |
|
Құндылықтарды дарыту |
Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру. |
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер |
Презентация, таратпа қағаздар, стикерлер. |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Бір- біріне сәттілік тілейді. Оқушыларды 4 топтарға бөлу. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Түстер арқылы топтарға бөлінеді. |
|
Сабақ басы (13 мин) |
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке –
отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің
мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі
баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін
нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы
құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!
Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін
әкенің орны бөлек. Суретпен
жұмыс Ән: «Әке туралы»
|
Оқушылар толық мәлімет алады.
Суретті тауып, топқа бөлінеді. Оны қорғайды.
Топпен ән айтады.
|
Компьютер |
Ортасы (20 мин)
|
Мұғалім: «Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарп отырсақ әкенің түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
Әке туралы
қандай мақал - мәтел білесіңдер? Гүлге /парақшаға/ жазып береді.
Сол гүлді алып, бәйтерек ағашына
іледі. |
Оқушылар гүл күлтешесіне өздері білетін әке туралы мақал- мәтел жазып іледі.
Оқушылар өлең оқиды. |
слайд
|
Соңы
|
Құрметті
оқушылар! Біздің классымыздың символы мына бәйтерек ағашы болсын.
Ағаш басындағы қарларды әкелеріміз жібітті. Бәйтерегіміз гүлдеп,
көктеді. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала -
жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар.
Әкелеріміз туралы жазған мақал - мәтелдерін ойымызға түйіп,
өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді оқушылар болып
өсейік. |
|
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Туған жердің асыл қазынасы» |
|
Күні: |
29.04.2024ж. |
|
Сынып жетекші: |
М.Бекмуратова |
|
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Туған жердің асыл қазынасы» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау. |
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер |
Презентация, таратпа қағаздар, стикерлер. |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Бір- біріне сәттілік тілейді. Оқушыларды 4 топтарға бөлу. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Түстер арқылы топтарға бөлінеді. |
|
Сабақ басы (13 мин) |
І.Кіріспе: Балалар өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді? Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды. Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Туған жердің - асыл қазынасы» атты болмақ. Сендерге туған жер туралы өлең жолдарын жазу берілген. Қане тыңдайық. Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.
Кел,балалар келіңіз,
Туған ел – қыдырың.
Жер қадірін жүрген біледі.
Түні де ыстық.
бесігіңді түзе.
Туған елдей ел болмас.
от басынан басталады.
Ерге тиген үлес. |
Оқушылар толық мәлімет алады.
Оқушылар мақалды аяқтау ойынын ойнайды. Шапшаңдықты талап етеді. |
Компьютер |
Ортасы (20 мин)
|
Ақ
сандығым ашылды,
а) Ресей ә) Қазақстан б) Қытай
а) Алматы ә) Астана б) Шымкент
а) Тұңғыш президент күні ә) Рәміздер күні б) Тәуелсіздік күні
а) теңге, ақша ә) ту, елтаңба, әнұран б) тәуелсіздік, ата заң
а) Шәкен Ниязбеков ә) Шәмші Қалдаяқов б) Жандарбек Мәлібеков
а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов б) Жандарбек Мәлібеков
а) Шәкен Ниязбеков ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов
а) 1991 жыл 2 наурыз ә) 1991 жыл 16 желтоқсан б) 1991 жыл 25 қараша
а) теңге ә) рубль б) сом
а)17 жыл ә) 18 жыл б) 20 жыл
Б-
білімімді арнайтын Барлығы: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
слайд
|
Соңы
|
Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбын – «Туған жер - тұғырың, Туған ел – қыдырың.» – деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп отырып сабағымызды «Қазақ жастары» әнімен аяқтаймыз. |
Оқушылар туған жерге деген ыстық лебіздерін білдіріп, « Қазақ жастары» әнін орындады. |
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Бейбітшілік ел тілегі» |
|
Күні: |
06.05.2024ж. |
|
Сынып жетекші: |
М.Бекмуратова |
|
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Бейбітшілік ел тілегі» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта достық қарым-қатынастарын қалыптастыру. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. |
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер |
Презентация, таратпа қағаздар, стикерлер. |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Бір- біріне сәттілік тілейді. Оқушыларды 4 топтарға бөлу. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Түстер арқылы топтарға бөлінеді. |
|
Сабақ басы (13 мин) |
Бірінші мамыр! Достықтың ұлы мейрамы Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат, Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды! (1 мамырға арналған видео-көрініс) Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, студенттер, бүгінгі шараға қатысушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. |
Монолог «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұнің да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын. Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат Оған көңіл толмайтыны ақиқат. Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат! |
Компьютер |
Ортасы (20 мин)
|
«Сергіту
сәті» Хормен: «Дәйек сөз» «Ынтымақ бар жерде бақыт
бар» деген мақал сөз бар. |
Ойларын ортаға салады |
слайд
|
Соңы
|
«Туған еліме
тілегім» |
Оқушылар стикерлерге пікірлерін жазады |
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Жеңіс деген шат күлкісі баланың» |
|
Күні: |
13.05.2024ж. |
|
Сынып жетекші: |
М.Бекмуратова |
|
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Жеңіс деген шат күлкісі баланың» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі - өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу; |
|
Құндылықтарды дарыту |
||
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер |
Презентация, таратпа қағаздар, стикерлер. |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бір түрлі кәмпит алғандарды 1-топқа , ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа бөлемін. Ой қозғау. Жеңіс деген шат күлкісі баланың, Тыныштығы жер мен жаһан даланың. Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән, Тыныштығың сол Жеңістен басталған. Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың, Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім. Жеңіс тойын жақындатып әкелген Төккен қаны, әке - аға, інінің. Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім, Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім, Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін Ардагерлер-естелігі соғыстың! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі- «Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке-Жеңіс күні! Ұлы жеңістің 79 жылдық мерекесіне арналған сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! Баршамызға белгілі 9 мамыр 4 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал -Иә, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы отан соғысына қатысқандар: Әди Шәріпов,Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Алия Молдағұлова, Рақымжан қошқарбаев т.б есімдер аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті. |
|
Сабақ басы (13 мин) |
Биыл міне, сол жеңіске де 79 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. |
«Батыр аттас балалар» Бауыржан, Мәлік, Талғаттар, Сүйікті болып қалды аттар, Олар аттас қаншама. Сәби бар, шәкірт, солдат бар, Аттары әнге ұласқан Нұркен боп ашық кен аспан. Табылар Мәншүк, Әлия Қарасаң әрбір топтардан. Жаралғандай жалыннан Жайсаң батыр Бауыржан Естігенде есімін, Жау есінен жаңылған. Бұзып жарып қоршауды Достары түгіл ерлігін. Қарсы да естіп, тамсанды. |
Компьютер |
Ортасы (20 мин)
|
Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге , нұрлы күнді қаратүнекке айналдырмақ болған соғыс 1941 ж 22 маусым күні таңғы сағат төрттер шамасында, фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады, бейбіт тыныш ұйқыда жатқан Отанымыздыңіргесіне опасыздықпен басып кірді. Отан-Ана шақыруымен еліміздің миллиондаған аяулы ұлдар мен қыздары ел шебіне тиген жауға қарсы шешуші айқасқа аттанды. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында көрсеткен Кеңес Қарулы Күштерінің, халқының қаһармандық ерлігіне бүкіл прогресшіл адамзат әрқашан да ризашылықпен қарап, құрметпен тағзым етпек. Уақыт өтіп, сол бір қиын күндер тарих керуенімен алысқа ұзағанымен, оның ауыртпалығы, қатерлі кезеңдер-ұрпақ зердесінде мәңгі бақи өшпейді, естен кетпек емес. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділктерін паш ететін, тарихта қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. |
Оқушы Бұлт түнеріп аспаннан Талай көзден жас тамды Тұтқиылдан жау тиіп Қырғын соғыс басталды. Оқушы Жерден , көлден. Аспаннан Соқты жауды ел күнде Отан үшін от кешіп Жақындай түсті Берлинге Оқушы Тылдағы ел де ерледі Тынымсыз күн-түн терледі Ерлердің жоғын білдірмей Жауды да жеңіп кел деді. Оқушы Тастар көкке атылды Орман шулап тау құлап Жиырма сегізбатырды Жеңе алмады жау бірақ Оқушы Жау жеңілдің ақыры Атты бейбіт таң күліп Жиырма сегіз батырын Ұмытпайды , ел бірақ Хор: Тәуелсіз Қазақстан 1-топ: Ұлы Отан соғысына қатысқан ер азаматтарқа кластер жасайды 2-топ: Ұлы Отан соғысына қатысқан қыздарымызға класстер жасайды |
слайд
|
Соңы
|
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр. Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнады? |
Оқушылар хор орындайды. «Әрқашан күн сөнбесін» |
Презентация |

