400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ана тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілі туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің ана тілім.

Менің ана тілім-қазақ тілі. Мен өз тілімде қазақша сөйлеймін. Әр адам өзінің ата-бабасы қай тілде сөйлесе, сол тілді өз тілі деп біледі. Алайда, бұл сенің тұрып жатқан мемлекетіңе тікелей байланысты. Қазіргі таңда ағылшын тілімен барлық ұлт сөйлеседі. Ағылшын тіліне келетін болсақ, мен ағылшын тілінен үйірмеге қатысып жүрмін. Қазақта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деген сөз бар. Сол сияқты біз шет тілді үйренбестен бұрын, өз тілімізде еркін сөйлесе алуымыз керек. Қазақстанда түрлі ұлт иелері бар. Олар ұлтаралық тіл, яғни орыс тілінде сөйлеседі. Адамдардың бәрі өз ана тілінде сөйлей бермейді. Себебі кейбірінің ата-аналары қалада тұрып, басқа тілде сөйлеуі мүмкін. Қазақтар өте намысшыл халық. Олар өзге тілде сөйлейтін жандарға қарсы. Кейбірі өз тілдерінен ұялады. Меніңше, керісінше олар өз тілін білмегені үшін ұялуы керек. Қазақ тілі - өте бай тіл. Қазақ тілінде қаншама нақыл сөз бар. Мақал-мәтелі, жаңылтпашы, жұмбағы бар. Ережелері де жетерлік. Біз ережені жаттап, оқи отыра таза, сауатты жазуға үйренеміз. Біз қазақ халқы ана тілін ерекше құрметтейміз. Белгілі қазақ ақыны, жазушысы Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінде сол бақыттың біріне тілді жатқызады. Өлеңде сен тіліңе қанша ренжісең де оны сата алмайтыныңды айтады. Ақындардың ана тілі туралы әрбір өлеңін мұқият оқып шықсақ, одан ана тілі ең басты байлық екенін білеміз. Жер бетінде ана тіліне теңер ешбір құбылыс жоқ. Меніңше, өз тілін білмейтін, ұлы Абайды танымайтұғын қазақ, қазақ деген атқа тіптен сай емес. Мен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрамын. Менің ойымша, Абай, Шәкәрім, Мұқағали және т.б белгілі ақындардың өлкесіндегі адамдар оларды жатқа білуі тиіс. Соған орай әртүрлі іс-шаралар өткізілсе жақсы болар еді. Соның арқасында біз өзіміздің қазақ халқы мен оның тілін насихаттай аламыз. Мен өз басым ана тілін білмейтін адамдарды түсінбеймін. Сонау жылдардан келе жатқан асыл, әрі қадірлі тілімізді елемегені деп түсінейік пе? Бұрынғы заманда біздің аталарымыз орыс халқының құрамында болды. . Кейіннен Қазақстан мемлекеті болып бөлініп шықты. Осы тілдің арқасында қаншама қазақтың кеудесінде патриоттық сезім пайда болды. Бұл тілдің тарихы өте ұзақ, әрі мағыналы. Кезінде Ұлы Отан Соғысы болған кезде, Жамбыл Жабаев біздің жерлестерімізге күш беру мақсатында «Ленинградтық өлең» атты туындысын шығарды. Оны естіген әр қазақтың ішінде Отанына деген махаббаты лаулады. Сондай қиын заманда-ақ қазақ тілі барлығына күш, рух берген. Тіпті бұрында қазақ халқы бір сөзбен жауды кері қайтарған. Мінекей, көргендеріңіздей бір қазақ тілінің өзі қаншама тарихи кезеңдерді құрайды. Менің келер ұрпаққа айтарым, ана тілдерін қадірлеулері керек. Әрине, олай айтқанмен тыңдайтындар санаулы ғой. Әр адам өзі біледі. Дегенмен, өз тіліңді білмесең өзіңе тиеді. Өз тіліңді білмесең, неге қазақ болып жүрсің? Сәби былдырлап сөйлегенен бастап, ақырғы сөзіне дейін ана тілінде сөйлейді. Қаншама авторлар, белгілі тұлғалар, шығармашылық жолындағы адамадардың бәрі ана тіліне деген сезімін, алғысын жеткізе алмайды. Әр тілдің өз мағынасы болады. Ана тілінде біз қаншама жақсы сөздер айтамыз. Мысалы: рахмет, оқасы жоқ, сәттілік және т.б. Меніңше, әр жан өз ана тілін білуі керек. Ана тілі әлемнің сегізінші кереметі. Біз тілімізді қадірлей білуіміз керек. Қорытындылай келсек, мына дүниеде ана тілден артық ештеңе жоқ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.11.2020
2034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі