400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Менің анам –алтын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің анам –алтын!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің анам –алтын!»

Залдың іші көктем мезгіліне сай безендірілген, ортаға гүлдер қойылған. Әр-бір гүлдің ішінде қыздар отырады. «Көктем» вальсінің музыкасы орындалады. Күннің киімін киген қыз би-билеп ортаға келеді. Өзінің нұрын гүлдерге сыйлап бәрі бірге билейді. Кейін ұл балалар кіріп келеді, екі қатарға тұрады.

Жүр.-Армысың ардақта аспан ата!

Армысың мейірімді, Жер-Ана!

Арамысың шұғылалы, алтын күн!

Келді міне көптен, күткен көктем күн,

Армысың әжелерім, аналарым!

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың!

Жүр:-Құрметті аналар! Ақ жаулықты әжелер! Сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы күні 8-наурыз мерекесі құтты болсын!!! Құрметті аналар, сіздерді «Көбелек» ортаңғы тобының дайындаған «Асыл Анам!» атты ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.

(балалар аналар туралы тақпақтар айтады)

Жүр:- Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз!!!

Ән «Құттықтаймын МАМА!»

(әннен кейін балалар отырады. Осы кезде көңілді әуенмен Көктем аруы келеді, би-билейді, қолында сиқырлы қоңырауы бар)

Көктем- Мен көңілді көктеммін, Дән болып жерге себілем

Былтыр келіп кеткенмін. Жаңбыр болып жауам да,

Көзін ашып бұлақтың, Нұр болып көктен төгілем.

Түбіне тал еккенмін, Шуағымды төгіп әлемге!!!

Гүл болып қырда егілем,

Көктем- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қымбатты да, сүйікті аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы күні 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Жүр.- Қош келдіңіз Көктем! Төрлетіңіз.

Мерекелі көктем келді,

Берекелі көктем келді.

Тақпақ айтып балалар,

Қуантайық ананы. (балалар көктем мезгілі туралы тақпақтар айтады)

Көктем- Жарайсыңдар балалар!Қандай әдемі тақпақтар.Балалар менің қолымда сыңғырлаған қоңырау бар, ол жәй қоңырау емес, сиқырлы қоңырау. Оның әуендері сыңғырлаған сайын, қай баланың бойында қандай өнері бар екенін хабарлайды. Сонымен қоңырауға құлақ түріңдер. (Көктем қоңырауды алып балалардың алдынан жүріп өтеді.Қоңырау сыңғырлайды)

Жүр.- Ия, рас екен, қоңырау балалардың алдынан өткен сайын сыңғырлай берді.Сонда менің балаларымның бәріде өнерлі болғаны ғой.

Көктем- Әрине, балаларыңыз бәріде өнерлі екені көрініп тұр. (көктем қоңырауды одан сайын сыңғырлатады) – Қоңырау маған айтады, осы жерде қыздар «Көктемнің гүлдері» биін билеп береді деп хабарлап жатыр.

Жүр.- Мың бұралып билеген,

Қыздарды кім сүймеген.

Күміс көмей қыздарға,

Кімдер басын имеген – демекші қыздардың «Көктемнің гүлдері» биін тамашалайық.

Би «Көктемнің гүлдері»

Көктем-Балалар менің қолымдағы қоңырау тағыда сылдырлап жатыр, осы жерде ____________ деген қыз «Көктем» әнін орындап береді дейді.

Жеке ән «Көктем»

Жүр:- Нұрлы көктем,

Сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып,

Би-билейміз,ән салып!- балалардың орындауында «Көктем келді».

Ән «Көктем келді»

Көктем- Жарайсыңдар балалар өнерлеріңді көріп риза болдым.Енді мына сиқырлы қоңырауды сендерге сыйлаймын. Ал мен қайтайын көктемгі жұмыстарымды әрі қарай жалғастырайын, көріскенше сау болыңдар балалар! (көктем шығып кетеді.)

Жүр:- Балалар, айтыңдаршы сендер үйлеріңде аналарыңа, апаларыңа көмек бересіңдер ме? (балалардың жауаптары)

Жүр:- Жарайсыңдар балалар, аналарың ең жақын, ең аяулы жан, аналарыңды әрқашанда қуантып, құрметтеуіміз керек.

(осы кезде ортаға Еркегүл атты қыз келеді.)

Еркегүл- Эх, ұйқым келіп тұр, не істесем екен сондай ішім пісіп тұрғанынай. (керіледі, жен-жағына қарайды) – Мен қайда келіп қалдым, бұл жерде не болып жатыр?

Жүр:- Балалар бұл кім болды екен? Сен кімсің? Атың кім?

Еркегүл- Менің атым Еркегүл.

Жүр:- Сәлеметсің бе, Еркегүл. Сен балабақшаға келдің. Бүгін біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Біз аналарымызға арнап тақпақтар, ән айтып, би-билеп, ойын ойнап өнерлерімізді көрсетеміз.

Еркегүл- Олай болса, менде ойын ойнағанды сондай жақсы көремін.Әнде айтамын, би де билеймін.

Жүр:- Олай болса мына сиқырлы қоңыраумен сенің бойыңдағы өнеріңді сынап көрейік. (Еркегүлдің бойына қоңырауды тигізеді, қоңырау сыңғырламайды) – Ой, Еркегүл сенің бойыңда ешқандай өнерің жоқ сияқты ғой.

Еркегүл- Жоқ, мен тек қана асыр салып ойнағанды ұнатамын. Мен таңертеңнен-кешке дейін ойнаймын.

Жүр:- Сонда сен кешке дейін ойнасаң, үйіңде анаңа кім көмектеседі. Ал, менің балаларым олай істемейді. Ата-аналарына әр дайым көмектесіп жүреді.Солайма балалар?(балалардың жауабы) Еркегүл олай жалқау болуға болмайды. Қазір мына балалардын үйлерінде аналарына қалай көмек беретінін ойын арқылы көресің. Олардан ұқыптылықты, тазалықты үйренесің.

Ойын «Үйді жинастыру»

(ойынды екі топқа бөлініп ойнайды.Ойын соңында Еркегүлде қызығып ойнайды)

Еркегүл- Ойын сондай қызықты, көңілді екен.

Жүр:- Әрине Еркегүл, үйді жақсы жинайды екенсің. Осылай әрдайым анаңа көмек беріп жүр.(осы кезде қоңырау сыңғырлайды, тәрбиеші құлақ салады) – Балалар қоңырау хабарлап жатыр, аналарыңа арнап ән шырқаңдар дейді.

Шалқып тастап әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз біріміз! – деп балардың орындауында «Сүйікті Ана» әні шырқалады.

Ән «Сүікті Ана»

Жүр:- Еркегүл бүгін мерекеге келгенің өте жақсы болды.Балалармен ойын ойнап,ән айтып көңіліңді көтердің.

Еркегүл- Ия,балалар сендерге көп-көп рахмет,енді мен анашыма әрдайым көмек беріп,оны ренжітпей қуантамын. Мен үйге барып анашымды мерекесімен құттықтап қуантайын.Сау болыңдар балалар. (Еркегүл шығып кетеді)

Жүр:- Балалар айтыңдаршы «Әже» дегеніміз кім өзі?

Балалар- Әже-әкемнің анасы,

Әже-анамның анасы,

Әжеден тарайды сыйластық,

Әже адамға сыйлайды қимастық!

Жүр:- Жарайсыңдар балалар,бәрімізде әжелерімізді жақсы көреді екенбіз.Олай болса әжемізді ортаға шақырайық.

(балалар қол соғып шапалақтайды. Ортаға әже келеді)

Әже- Сәлеметсіңдер ме,балаларым, қарақтарым!

Балалар-Сәлеметсіз бе,әже!Мерекеңіз құтты болсын!

Жүр:- Енді әжелерімізге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық. (әже туралы тақпақтар айтады) – Балалар сиқырлы қоңырау хабарлап жатыр Әжелеріңді қуантып «Әжем» әнін орындап беріңдер дейді.

Ән «Әжем»

Әже- Мен енді қыздарымды ортаға шақырайын. Жақында наурыз мерекесін де тойлаймыз, сол мерекеге киіз бастырып, бетіне ою тігіп жатыр едім. Осы қыздарым маған көмек берсін.

Жүр:- Әрине Әжесі менің қыздарым сізге киіз басуды би арқылы көрсетіп көмектеседі.Қыздарымыздың орындауында «Киіз басу» биін тамашалаңыздар.

Би: «Киіз басу»

Жүр:- Сиқырлы қоңырауымыз айтып жатыр,балалардың биін тамашалайық деп.

Жігіттердің биші аяғы,

Той дегенде тұра алмас.

Тойларында билеп берсе ,

Қандай ана қуанбас – деп балалардың «Теңізшілер» биін тамашалаңыздар.

Би «Теңізшілер»

Әже – Ал, балалар бүгінгі мерекелеріңде мен өте риза болып қуандым өнерлеріңді көріп, енді мерекелік дастархандарыңа тәтті дәм сыйлайын! (тәрбиешіге береді)

Балалар- Рахмет әже сізге!!! (Әже балалармен қоштасып шығып кетеді)


Жүр:- Осымен «Көбелек» тобының «Асыл Анам» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды, рахмет сіздерге.Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі