400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің анам" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою. 1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. 1.5.1.2. Мұғалім көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Менің анам

Мектебі: «№10ЖОББМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

1 сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарлама

сына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

1.5.1.2. Мұғалім көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Ақылды, күшті, әдемі сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.


Оқушылардың басым бөлігі: Отбасы мүшелері туралы сұрақ қоя алады, отбасы мүшелерінің атын, қандай екенін айта алады.


Кейбір оқушылар: Отбасы мүшелерін сипаттауда басқада сөздер қатарын орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(1-2 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

«Көңілді күн» әуені.

Сабақтың ортасы (3-30 минут)

(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады (Менің анам әдемі. Менің әкем ақылды).Берілген үлгі бойынша оқушылар әдемі сөзін еске түсіріп, ақылды, күшті, сөздерімен танысады. Сондай-ақ аталған сөздерді отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануға жаттығады.

(МК,Ұ) 2-тапсырмадағы кесте арқылы оқушылар аға-әпкесі, іні-қарындасы туралы (бар/жоқ екенін) айтуды үйренеді. Мысалы: Менің ағам бар. Менің қарындасым жоқ.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар тағы бір рет отбасы мүшелері атауларын қайталайды, сондай-ақ оларды тәуелдік жалғауымен қолдана алуға жаттығады.

(МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар әдемі, күшті сөздерін өздерінің отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануды бекіте түседі. Олар алдынғы сабақта салған отбасы суретін пайдалана алады. Сол сурет бойынша өз отбасында кімдер бар екенін (Бұл – менің ағам), олардың атын (Оның аты - …) және олардың қандай екенін (Менің ағам күшті) айта алады.

Оқулық.



Аудиодиск: 3.2.1.;

3.2.4.

Сергіту сәті (1минут)


Аудиодиск


(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі.

- Бұл кім?

- Бұл - менің анам.

- Оның аты кім?

- Оның таы – Алтынай.

- Ол қандай?

- Ол әдемі.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.







№1 жұмыс дәптері


Сабақтың соңы (31-35 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны , не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі