Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің анам шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы ,Екібастұз қаласы ,

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінің
4 «А» сынып оқушысы Жәрдембекұлы Нұрмухаммедибраһим
Жетекшісі: Тайтелі Айжамал Бердімұратқызы


Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда аннамнан,
Сүйікті адам  бар ма екен?

Ф. Оңғарсынова               

Әр адам жарық дүниеге келген де мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана.  Әрбір ана бақытты өмірді, тыныштықты тілейді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алған. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен деген. 

Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.  

Анам ауырып қалған кезде мен анамның амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым – отбасының тірегі. Барлығы жасы үлкен-кіші туыстарым бір істі бастарда немесе басқа да жағдайларда менің анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып реттейді, кеңес береді. Анам – ажарлы кісі. Анамды қатты жақсы көремін. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмай ұзақ өмір жасаса екен деп тілеймін. Анасыз өмір не болмақ?! Анам аман болсыншы! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілеймін.

Барлық балалардың аналары аман болсын!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі