400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің арманым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен Алхамбет Сезім Русланқызы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепте 2"А"сыныбында оқимын.Сабақты өте жақсы оқимын.Көптеген пәндерді ұнатамын.Солардың ішіндегі қазақ тілі,әдебиет пәндерін сүйіп оқимын.Алға қойған көптеген мақсаттарым бар және үлкен арманым бар.Осы менің материалымды оқып оқушылар өздеріне бір мақсат және арман қоды деп санаймын.Рахмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім мазмұнындағы ұлттық құндылықтар

Кенжебекова Ботагөз Амангелдіқызы

Астана қаласы №57 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бүгінгі ұстаз міндеті – оқушыларға ХХI ғасырда табысты еңбек етуіне жол салатын білім мен дағдыны игеруге көмектесу. Осы мақсатта оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу қазіргі кезде әр мұғалімнің басты міндеті болса керек. Өйткені болашақта бізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай білетін, әр түрлі жағдайларға қарай бейімделіп, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, шығармашыл, белсенді тұлғалар ауадай қажет. Оқытуда оқушының жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамыта отырып, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылдыру, дұрыс бағыт-бағдар беру, рухани байлығын көтеру, озық етіп тәрбиелеу қажет. Мұғалім өз жұмысында алдындағы оқушылардың санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, зерттеп, өзі де жұмысын өзгерте отырып, оны үйлестіре білуі қажет деп есептеймін.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “Ол немене?”, “Бұл немене?” деп, “Ол неге үйтеді?”, “Бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.

  «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ деп ойлаймын.

Жалпы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша баланың өзі ізденіп, өз бетінше білім алуы үшін әрекет жасаушы болса, мен тек бағыттаушы, дұрыс жол нұсқаушымын, ұйымдастырушымын. Оқушы мен ұйымдастырған сабақтарда еркін сөйлеп, пікір таластарды және сыныптастарынын пікірін тыңдап, проблеманы шешу жолын бірігіп қарастыру. Осы орайда балаларды азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің, тәлім-тәрбиелік, білім – танымдық рөлі орасан зор және ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру басты міндетіміз болып табылады деп ойлаймын. Оқушыларға сабақта ата-бабамыздың мұра болып қалдырған әңгімелерін, батырлар жырын, ұлттық қолөнер туындыларын, тұрмыстық бұйымдар, ұлттық ойындар т.с.с құндылықтарымыз ұлттық тәрбие жүйесінің негізі екендігін насихаттай аламыз.

Адамды дамытудың ең жоғарғы шыңы – рухани даму болып табылады. Адамға қажетті нәрселер тек уақытша қызмет атқарса, құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырылатын мұраға айналуы қажет. Ал осы рухани құндылықтар мәдениеттің сақталуына, өрбуіне себепкер болды.

Елбасымыздың «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қаэеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетті. Демек басты мақсат жас ұрпақтың бойынан ауызбіршілік, қазақ тілі мен тарихын, ұлттық рух пен патриотизмді көру. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу және сапалы білім беру. Сонда ғана болашаққа нық, сеніммен қадам басамыз.

Ел ертеңінің сәулеленіп, Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да оның болашағың сомдайтын бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу негізінің мықты болуында. Сондықтан адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тікелей тәуелді.

Ұрпақ – ғұмыр жалғасы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Ұрпақ бұл елдігіміздің, ұлтымыздың болашағы. Сондықтан да «Ел болам десен, бесігіңді түзе» деп халқымыз өсиет қалдырған екен. ендеше





Әдебиеттер:

1.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

2.Абайдың қара сөздері








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі