"Менің арманым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің арманым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға алға қойған мақсаттарына жол ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің арманым
Сабақтың мақсаты:
1. Арман ұғымы туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойын, қиялын дамыту.
3.Жақсылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Теңіз, балық, дельфин, сызба «күн шұғыласы»шаттық шеңбері.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап алу,саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау.

Психологиялық жаттығу.
-Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің арманым". Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Әуелі барлығымыз шаттық шеңбер құрып амандасайық.
- Армысың ба, сыныптастар!
- Армысың ба, кәрі Каспий!
- Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
- Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)
- Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды). Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы. Таза ауа. Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.

Ой қозғау
Теңізде не істей білу керек?- жүзе білу
- Теңізде немен жүзеді?- қайықпен
Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.
- Балалар енді бір-біріңнің армандарыңыз орындалуына тілектестік білдіріңдер.
- Арман Ерланға қандай тілек тілейсің?
- Досым, Ерлан, арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!
Мәди:Ержанға:Ержан қанатың талмасын!
(балалар бір-біріне тілек айтады, айтқан бала қуана қайыққа мінеді, тербеледі)

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Кіріспе.
"Бала арманы"өлеңі оқылады.
Ұлы Абайдай кең жүрек
Ақын болғым келеді
Бауыржандай ер жүрек
Батыр болғым келеді.
(оқушылармен өлең шумағын талқылайды)


2.Жағдаяттарды талдау.

Сұрақ-жауап.
- Бұл теңізде қандай қайықтар жүзеді?
(бірлік, татулық, кешірім, мейірімділік қайық)
- Сол қайықтарды теңізге жіберейік.
Бірлік қайығы
- Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
(сұраққа жауап алу)
Татулық қайығы
- Өздеріңнің қандай армандарың бар?(сұраққа жауап берсе «Татулық қайығына» мінеді)
Кешірім қайығы
Адамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мейірімділік қайық
Арманға қалай қол жеткізуге болады?
Балалар, теңізде ақылды адамдардың көмекшісі
- дельфиндер мекен етеді екен. Бізге тапсырмалар дайындапты. Осы тапсырмаларды орындайық.

3.Тапсырма
1-тапсырма:
Дәйексөз.

"Арман – адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер?
Арман – адамға қанат. Халық мақалы. Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың.

2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс
Әже әңгімесі (оқушылар оқиды)
- Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды.
Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшінші арман жалғаса береді.
"Арман мен ақыл" Қадыр Мырза Әли
- Білімнің арманға қандай қатысы бар?
- Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?

3-тапсырма
Өсиет әңгіме
- Арман деген не?- деді жігіт
- Арман – ақыл - ойдың шындығы

- Ұстаз шәкіртке үлгі болсам дейді.
Арманға адаспаған жетеді.
Адасқан жете алмайды.

4.Ойын: «Шіркін-ай...»
Оқушылар шеңбер құрып, теңізден балықты аулап өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады.
Айдар:балықты аулап - "Шіркін - ай басшы болсам, еліме нұр сыйлайтын"
Ердос:- "Шіркін - ай банкир болсам, жайнайды менің елім"
Ербол:- "Шіркін - ай биші болсам, мың бұрала билейтін"(ойын жалғаса береді, жылдам оны не үшін армандайтынын айтады)

5.Жаңа ақпарат
"Адам көкейіндегі ізгі ниет болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.

6.Шығармашылық жұмыс.
- Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру.
- Қандай баланы «жақсы бала» деп айта аламыз?

/Күннің шұғыласына жазып, өздері оқиды/
Тыныштық сәті.

Көгілдір теңізді елестетеміз. Қиқулаған шағалалардың даусы, әсем, киелі құс аққулар. Айналадағы тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, барлығы қамқор болып жатқан секілді. /2минуттай отыру/

7.Дәптермен жұмыс.
Сендердің армандарың жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Өз армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар. /оқыту/

ІІІ.Қорытынды.
Ақыл сана біліммен,
Арманыма жетемін

ІV.Үйге тапсырма:«Өмірге» өлеңі. /оқу/
Жүректен- жүрекке
Арманға бірге жетейік. Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды
Біліммен, ізденумен, еңбектенумен жет
- Алға самға
- Нағыз адам бол т.б.
Ұстаз тілегі:
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі