400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық сыныптарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Дефектологиялық сабақ

Дефектологтің аты-жөні:

Инкербаева Марал

Күні:

11.09.2024

Сынып: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің арманым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал жасау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесуден кейін мұғалім оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды







Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтарын еске түсіреді. Сұрақтарға ауызша жауап беріледі.













Жаңа сабақ

Менің арманым

Өз арманы туралы айту


Түрлі түсті карандаштар сурет салатын дәптер

Сабақтың ортасы

Мұғалім сыйы Ананың асыл арманы М. Тиесов Баяғыда үш баласы бар бір жесір әйел болыпты. Олардың үлкені Ертай, ортаңғысы Елтай, кішісі Сырбай болатын. Жесір шеше керемет өнерлі, шебер кісі еді. Ол балаларын кестелерін Отырар базарына апарып сатудан түскен ақшамен асыраған еді. Бір күні ана дүкен аралап жүріп керемет сурет көреді,ол көзіне жұмақтай көрінеді, қою көлеңкелі бау ағашы астында керемет үй, іргесінде шешек атқан бақша, одан әрі көгал, ағып жатқан көк бұйра су, бұлбұл сайрап, балық жүзіп жүргені анық. Мал, топ-топ үй құстары жайылып жүр. Ана «осындай жай менде болса ғой» деп армандайды. Үйге келіп: – Ертайжан осындай үйде тұрар ма екем!– дейді. – Орындалмас бос арман, қайтесің – дейді үлкен ұлы. Сонда ана арманын ортаншы ұлына айтты. – Бұл арманыңызға жете алмайсыз, – деді ортаншы ұлы. Ана үлкен ұлдарына наразы боп Сырбайдан сұрайды: – Апа қайғырмаңыз, сол суретті жібекпен тігіңіз, сонда ісіңізге сүйсінесіз, сол суреттегі өмірдің ішінде өзіңіз тұрғандай боласыз емес пе?,– дейді кіші баласы. Ана сөйтіп іске кіріседі, күн өтеді, ай өтеді, ана шаршауды білмейді. Армандай отырып көзінің жасы тамған жерге су кестелейді, еңбекке деген ыстық махаббаттан ажырамай қалады. Ол шаршауды білместен үш жыл жасап отырды. Кестелі орамал дайын болды. Бұл кестеге шын өмірдің өзі орнағандай болды. Көк төбелі көгілдір үй,кең дүниеге ұқсас аула, қорғаны қызыл кірпіш, бақ жемісі, әнші құстар. Осы еңбегін далада тамашалап тұрғанда бір құйын ұшырып әкетеді. Үлкен баласы тауып келуге сапарға аттанады, келе жатып жолда бір кемпірді көреді. Елтай оған «үш жыл анамның кестелеген орамалын іздеп барамын»,– деді. Кемпір оны іздеу үшін көптеген қиындыққа шыдауың керектігін айтады. «Одан да мен саған алтын берейін, жөніңмен қайт»,–дейді. Ертай келісіп, рақат өмір сүрейін деп алтынды алып кетеді. Ана екінші баласын іздеуге жібереді, ол да кемпірге кезігіп анасын ойламастан алтынды алып жөніне кетеді. – Ана үшінші баласын жібереді, оған да кемпір кезігіп: – Ойбай, балам ол орамалды күн тауында тұратын перизат қыз алды,олар оны сондай кесте кестелеуге үлгі етіп алды, – дейді. Ол жаққа бару өте қиын. Ол үшін өзіңнің екі тісіңді алып тас атқа сал, сонда ол тіріледі, ал шиені жегізсең, шауып перизатқа жеткізеді. Отты таудан өтесің, теңізден өтесің, осыған шыдасаң ғана ормалды аласың. Одан да саған алтын берейін қайт, – деді. Сырбай бұған келіспейді, тісін жұлып, атқа мініп шауып жөнеледі. Көп қиналады, жолына екі күн кетеді, сөйтіп деген жеріне де жетеді. Кесте тігіп отырған көп перизатты көреді, ал орамал солардың ортасында екен. Сырбай мұңын баян етеді, ең сұлу перизат орамалды оған қайтарады. Орамалды алып бірнеше күнде анасына келеді, орамалды анасының алдына жайып жібереді. Анасының көңілінде қуаныш сәулесі орнайды, баласын сүйіп, кестеге күннің көзімен тойғанша қарайыншы, – дейді. Сол сәтте суреті жанданып кетеді, бір сұлу бір қыз анаға келіп сәлем береді. Ол – сұлулық патшайымы перизат еді. Перизат: «Сіз кестелеген орамалдан басқа сұлу дүниені көре алмадым, сондықтан келіп тұрмын, орамал жоқ жерде тұра алмаймын,– дейді. Сонда ана баласына перизатты жар етіп қосып, армандағандай өмір сүреді, ал үлкен ұлдары кедейшілікке кенеледі, аналарының алдына келуге беттері шыдамайды. · Үлкен және ортаншы ұлдардың ертеңіне сеніммен қарамауының себебі неде? · Сырбайдың қандай қасиеті оны анасының тілегін орындауға жетеледі? · Әңгімеде қандай құндылық туралы айтылған деп ойлайсыңдар? · Сендер өз жақындарыңды қалай қуантасыңдар?

Сұрақтарға жауап беру


Смайликтермен


Кітаптар, видео роликтер

Сабақтың соңы

Соңғы тыныштық сәті:

- Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді

тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында

жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер

ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер

де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.



Тапсырмаларды орындауына қарай оқушылар бағаланады.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жабыстырады.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі