БҚО,
Қаратөбе ауданы
Қаратөбе
колледжі
Жұмағалиева
З.М.
Әлеуметтік
педагог
«Менің
арманым бұлтты кезеді»
атты мерекелік шараның жоспары
Мақсаты:
Оқушыларды
Отансүйгіштікке, мейірімділік пен
ізгілікке тәрбиелеу , ғарышкерлермен
таныстыру, алға қойған арман-мақсаттарына
жетуде еңбек ете білуге үйрету.
1
жүргізуші: Құрметті
қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Мейірбандылық айлығы аясында аудандық
Педагогикалық-психологиялық түзеу
кабинетінің тәрбиеленушілеріне арнаған
«Менің арманым бұлтты кезеді » атты
іс-шарамызға қош келдіңіздер!
1
жүргізуші: Бүгін
дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер
күні. Осыдан тура 58 жыл бірінші адам
әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан
ғарышқа аттанған болатын. Алғаш рет
әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий
Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, Қазақтың
атын шығарып, тұнғыш ғарышкер Тоқтар
Әубакіров көкке самғады. Осылайша
Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.
2
жүргізуші: Бүгінгі
іс-шарамызға қатысып отырған қонақтармен
таныс болыңыздар: Аудандық «Мүгедектер
қоғамының» төрағасы Жәнібеков Еркінбек
Ғаббасұлы;
1
жүргізуші:
аудандық педагогикалық - психологиялық
түзеу кабинетінің меңгерушісі Зинуллин
Айбек Бақытжанұлы;
2
жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзі
колледж директоры Мәулен Аманшаұлына
беріледі.
1
жүргізуші: Келесі
сөз аудандық «Мүгедектер қоғамының»
төрағасы Жәнібеков Еркінбек Ғаббасұлына
аудандық педагогикалық - психологиялық
түзеу кабинетінің меңгерушісі Зинуллин
Айбек Бақытжанұлы және беріледі.
2
жүргізуші:
Келген кішкене қонақтармен «Би
терапиясы» тренинг-ойынын колледжіміздің
педагог-психологы Шарбану Есетқызы
жүргізеді.
1
жүргізуші: Аудандық
педагогикалық-психологиялық түзеу
кабинетінің психологы Ләззат Шәмшиқызы
колледж студенттерімен тренинг
жүргізеді.
2
жүргізуші:
Енді
колледж студенттерінің мерекелік
концертін тамашалауға шақырамыз.
Ән
«Байқоңыр» Темірлан Қабдыжанов
1
жүргізуші:
Мейірімді
ізде таза – аңғал жүректен,
Селт
еткізіп,сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті
сіңірген адам бойына,
Өмірге
мына, жылылықпен гүл еккен.
Колледж
студенттерінің орындауында «Микки
маусс» биін тамашалайық.
2
жүргізуші:
Мейірімділік
– ғажайып
өмір есігі ,
Мейірімді
болсаң – сазды әуенмен тербетілер
бесігің.
Ашық
болсын көңілің мен есігің,
Мейірімсіз
болсаң,алладан болмас кешірім.
Ән
«Қуыршақ» Орындайтындар 1 курс студенттері
1
жүргізуші:
Алтын
бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
2
жүргізуші:
Қазақстанның
тұңғыш ғарышкері Тоқтар
Әубәкіров 1991ж
2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз
ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшты.
Кішкене
қонақтарымызды «Ақ көгершін» әнімен
қарсы алайық.
1
жүргізуші:
Жылы
сезім жүректерде сақталады,
Мейірімділік
тек жүректен басталады.
2
жүргізуші: Талғат
Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран
кітапты, туған жердің бір уыс топырағын,
көк байрақты ала ұшқан. Қазақтың
2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері.
1
жүргізуші: Ғарыш
кеңістігін игеруге сіңірген аса зор
еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен
батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан
Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы
Айымбетовке
«Халық
қаһарманы» атағы берілді.
Колледж
студенттерінің орындауында
«Байқоңырдағы
махаббат»
әні.
2
жүргізуші: Мейірімділік
- асыл қасиетіміз,
Жүректегі
таза ақ ниетіміз.
Жан
дүние кілті
Шаттықпенен
күлкі,
Биік
ұстап соны
Қадірлейік
біз!
1
жүргізуші: Би
«Хорезм» биі.
2
жүргізуші: Келесі
кезекте «Толағай» қызықты ойындарын
колледжіміздің дене шынықтыру пәні
оқытушысы Дәурен Сағынғалиұлы жүргізеді.
Ойынға аудандық педагогикалық-психологиялық
түзеу кабинетінің оқушылары мен колледж
студенттерінен құралған 3 топ қатысты.
1-ші
топ «Сұңқар»
2-ші
топ «Қыран»
3-ші
топ «Тұлпар»
Ойын
жоспары:
1.
Команда мүшелері допты кегл арасымен
алып жүгіреді.
2.
Кішкене допты бір ыдысқа тез жинау.
Ойын
жеңімпаздары дипломдармен және
сыйлықтармен марапатталды.
1
жүргізуші: Әрі
қарай оқу корпусында
көлеңке
қуыршақтар театрының қойылымы көрсетіледі
және колледж оқушыларын аудандық
шығармашылық үйі орталығының ұстаздарының
«Шеберлік сыныбын» , көрме тамашалауға
шақырамыз.
Көлеңке
қуыршақтар театрының қойылымы
Ағайынды
Люлар Қытай
халық ертегісі
Аудандық
шығармашылық үйі орталығының ұстаздарының
«Шеберлік сыныбына» колледж ұстаздары
мен студенттері қатысты.
Шеберлік
сыныбы 3 бағыт бойынша жүргізілді:
1.
«Монотипия» Мұғалімі Ахмедияров Нұрхат
2.
«Қалдықтардан табыстарға» Махпозова
Насима
3.
«Сәнді гүлдер» Құспанова Шолпан
Батпырауық
желмен желп етеді,
Әуелеп
ұшып,бұлтқа да жетеді.
Менің
арман-ойларым секілді,
Биікке
шырқап,аспандап кетеді, - деп ақындарымыз
жырлағандай, балалық
шақтың қимас сәттерінің белгісі ретінде
әуеде
батпырауықтар қалықтады.
Батпырауық
ұшудан белгіленген жүлделер :
1.
«Ең биік ұшқан» батпырауық иесі
«Қанатты қыран»
жүлдесімен,
2.
«Ең әдемі» батпырауық иесі
«Аспан айнасы»
жүлдесімен,
3.
«Ең әдемі қалықтап ұшқан» батпырауық
иесі
«Көк жұлдыз»
жүлдесімен
марапатталады.
Іс-шара
соңында келген қонақтар асханадан тәтті
торттан дәм татты.
Мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі
көңіл-күй сыйлады.