400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Менің асыл арманым" тенинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Арманға жаету үшін әрекет ете білуге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы; «Менің асыл арманым»Сабақ мақсаты: Болашағын өз ортасымен, қоршаған ортасымен байланыста армандау арқылы мақсат қоя білуге баулу. Оқушылар арасында жылулық пен жақсы қарым қатынас жасауға, ішкі агрессиясын сырттқа шығара отырып жақсы атмосфера орнату.Ресурстар: А4 форматты қағаздар, плакат, карандаш, стикерлер, лента, фломастерлер, көрнекіліктер т.б.
  • «Сәлемдесу»
  • Топқа бөлу
  • «Арман»
  • «Кім болам»
  • «Ашулы шар»
  • «Күннің көзін ашайық»
  • «Сыйқырлы қобдиша»
  • Қорытынды «Тілек ағашы»




  • «Сәлемдесу» ойыны
Жүргізуші оқушыларға түрлі ұлттардың амандасу ерекшелігі бойынша ақпарат береді сол бойынша оқушылар бір-бірімен амандасып шығады.
  • Жапония. Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
  • Ауғандар. Алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.
  • Қытай. Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «каутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет.
  • Тибет. Бір-бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.
  • Гректер. «Қуаныңыз» деп сәлемдеседі.
  • «Армандар»
Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принциптерімен таныстыру.Уақыты: 15 минутБарысы: Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі. Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.
  • «Кім болам» жаттығуы
Мақсаты; оқушының болашақ мамандығы туралы армандауға және мақсат қоя білуге ынталандыру.Барысы; жүргізуші қолындағы допты келесі бір катысушыға беру арқылы мен «Кім боламын» деген сұрақ қойылады. Қағып алған оқушы тез арада жауап қатады да допты жүргізушіге беріп отырады. 5- мин уақыт беріледі.
  • Келесі ойынымыз «Жіптік курс» жаттығуы
Мақсаты: балаларды қарым- қатынасн жақсартуБарысы; екі топ жіптің бойымен екі жұп болып, қол түйістіре отырып жолдын аяғына дейін жету. 1-мин уақыт беріледі.
  • «Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты: бойдағы ашуды, агррессияны сыртқа шығару. Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір,екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару. Кері байланыс: Не сезіндіңіздер?Не байқай алдыңыздар?
  • «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 
  • «Күннің көзін ашайық» жаттығуы
Мұнда күннің бейнесін бұлт қаптайды, осы қаптаған бұлттар арасынан күнді құтқаруымыз қажет. Ол үшін бұлттардын астында жасырылған «Аяқталмаған сөйлемді» жалғастыру қажет. Сонда ғана биз күннің жымиған жүзін көре аламыз.
  • Менің сыныбым........................
  • Егер де сен қалаған мамандығыңа ата анаң қарсы болған жағдайда мен................
  • Мақсатқа жету үшін ..................
  • Осы мектепте оқығаныма.................
  • Ең бақытты бала ол ........
Ал құрметті оқушылар, бүгінгі сабақта қандай әсерде болдыңыздар.Қорытынды: «Тілек ағашы» ойыны Балалар жылы лебіздері мен тілектерін, арнайы дайындалған түрлі түсті гүлдердің екінші бетіне жазып, тілек ағашына клейдің көмегімен жабыстырады. Арманға жету үшін мақсат қою керек. Мақсатың орындалу үшін өмірге маңызы бар әрекеттер жасау керек. Ал мақсатты әрекеттер – жарқын болашақтың кепілі екені ақиқат.Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар!
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
368
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі