Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің атам

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Отбасы туралы білімдерін кеңейту. 2.Сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің атам.

Мақсаты: Суретке қарап, әңгіме құрауды, буынға бөлуді дамыту.

Міндеттері: 1. Отбасы туралы білімдерін кеңейту.

  1. Сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

  2. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдары: Отбасы жайлы суреттер, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: әулет.

Билингвалды компонент: Отбасы – семья, ата дедушка, әже бабушка.


ҰОҚ барысы::

    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға оқылатын өлең жолдарынан отбасы мүшелерін естеріне сақтап, аты аталғанда саусақтарын бүгіп, неше отбасы мүшесі аталғанын айту туралы тапсырма береді.

    1. Негізгі кезен

Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Басбармағым – атам, үйдің данасы, Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.

Ортан терек әкем,отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары, Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

  • Өлеңнің атадан басталуы бекер емес. Өйткені ата беделі әкеден де жоғары. Өйткені атаның өмірлік тәжірибесі мол, ол – әулеттің тірегі.

  • Кімнің үйінде атасы, әжесі бар?

  • Қазақ отбасында ата мен әженің маңызы зор. Әрқашанда отбасындағы шешуші сөз – атанікі. Үйлеріңде әкелеріңнің өздері аталарыңның айтқанын екі етпей орындайды. Солай емес пе? Аталарымыз өз отбасы мен әулетінің ғана емес, ағайын-туыстың да мәселелерін шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырады.

Әулет ағайын екенін түсіндіреді.

Педагог тақтаға атаның суретін іліп, әркім өз аталарына ұқсайтын жерлерін айтып немесе атасының ерекшелігін, ерекше қасиетін айтып әңгіме құрауларын сұрайды.

Сергіту сәті:


Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді.

Дидактикалық ойын:

«Отбасы мүшелерін ата»

Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.

Суреттегі отбасы мүшелерінін атап, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі. Педагог әр буында бір дауысты дыбыс болатынын балалардың естеріне салады.

  • «Сәлем – сөздің анасы» демекші М. Жаманбалиновтың «Көрші атам» атты өлең жолдарын оқып берейін.

Көрші атам


Күнде үйдің қасынан, Көрші атамды көремін. Оған сәлем беремін.

Қолымды ол, Күліп кеп,

Иіліп тұрып алады.

    • Міне, нағыз жігіт, – деп, Сүйсініп бір қалады.

  • Ал, ер балалар, сендер үлкенмен, аталармен, көкелермен қалай амандасасыңдар?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл сөздің мағынасы «Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді.

  • «Уағалейкүмассалам» деп жауап қайырса, онда бұл «Өздеріңе де соны тілеймін» дегені екен.


    1. Қорытынды бөлім. Рефлексия

  • Аталардың, әкелердің тәрбиесін көрген бала ешқашан амандасуды, қол алуды ұмытпайды. Бұны сендер де естеріңнен шығармаңдар.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: саусақты бүгу арқылы, өлең жолдарындағы отбасы мүшелерін санайды, берілген тақырыпқа әңгіме құрайды;

Түсінеді: сәлем беруді, амандасуды;

Қолданады: отбасы мүшелерін буынға бөледі.


Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: 5, 6 сандары және цифрлары.

Мақсаты: 5 және 6 сандарының құрамы туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды санау дағдысын жетілдіру; 5 және 6 цифрларын дұрыс тану мен бейнелеуге үйрету.

  2. Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату қабілетін; зейін, есте сақтау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: 1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 24-кесте, қуыршақтар Әлия мен Сырым, ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: сан, цифр, бес, алты.

ҰОҚ-нің барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым ертегі кейіпкерлерін шақыруды ұсынады.

Педагог алдымен 4 әртүрлі ертегі кейіпкерлерін шығарып, рет-ретімен санауды ұсынады. Одан кейін ұйымдастырылған оқу қызметіне тағы бір кейіпкердің жүгіріп келгенін хабарлайды.

«Енді кейіпкерлер нешеу болды?» деген сұрақ қойылады. (Бес).

Қалай кейіпкерлер саны 5-еу болды?

(5 дегеніміз 4 және 1).

Ұйымдастырылған оқу қызметіне тағы бір кейіпкер келгенін хабарлайды.

«Енді кейіпкерлер нешеу болды?» деген сұрақ қойылады. (Алты).

Қалай кейіпкерлер саны 6 болды?

(6 дегеніміз 5 және 1).

Қызығушылық танытады. Ертегі кейіпкерлерін санайды.

    1. Негізгі кезең Дәптермен жұмыс

Педагог 1-тапсырмада моншақтарды санауды ұсынады. Төменнен сонша моншақты бастырып сызуды сұрайды. Тағы біреуін бастырып сызса, нешеу болады?

  • Қанша моншақ болды? (Бесеу)

  1. цифрасымен танысу.

Үстелдегі карточкалар немесе дәптердегі жазбалар арасынан 5 цифрын табады. Педагог 5 саны мен цифры туралы өлеңдер оқиды.

Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортақ тірек – ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.

Педагог тақтада, ал балалар үстелде 5 моншақтан дөңгелектер құрастырады. Оларға тағы біреуін қосуды ұсынады.

Енді неше моншақ болғанын қайта санайды. (Алты.)

Содан кейін педагог дәптерге тағы бір моншақты салуды ұсынады. Осылай балалар 6 санын табады.

  1. цифрасымен танысу.

Педагог 6 цифры бар карточканы көрсетеді. Педагог 6 саны мен цифры туралы өлеңдер оқиды. Бір, екі, үш

Жинап алдық күш Төрт, бес, алты

Біз жазамыз мықты Дәптерімізді ашайық Көрсетілген үлгіге, Әдемі етіп жазайық. 2-тапсырма

Тапсырманы орындамас бұрын QR код арқылы анимацияны көруге болады. 5 цифрының үстінен саусақтарымен жүргізеді. Одан кейін оны ауада жазады. Еденде аяқпен жазуды ұсынуға болады. 6 цифрымен ұқсас жұмыс істейді.

Осы цифрларды ермексаздан жасауларын тапсырады алдыңғы ұйымдастырылған оқу қызметіне ұқсас орындалады. Цифрлар жасалған материалды ауыстырып отыруға болады. Сергіту сәті.

5 рет секір, 6 рет қол соқ, әрбір аяқпен 5 рет еденді топылдат, көршіңмен 6 рет қолдарыңды соғыңдар.

Педагогтің нұсқауына сәйкес қимылдар жасайды.

Ойын жаттығулары

Цифрды, санды және санның нүктелер түріндегі моделін сәйкестендіру (айқармадан желімделген текше). Педагог балаларға әр үстелге текшені таратып береді, оның әр қырларында бірден-алтыға дейін нүктелер болады. Педагогтің текше және заттық суреттері бірдей. 1– 6 зат бейнеленген кез келген суреттерді көрсетіп текшенің қажетті тұсын және кесетін материалдан жасалған карточкада цифрды көрсетуді сұрайды. Жұмысты топпен орындайды. Нүктелерден құрылған санның моделін және қажетті цифрды көрсетіп, текшемен жұмыс жасайды.

Санақ материалымен жұмыс.

Санауға арналған материалды таратып, кері тапсырманы орындауға – модель және цифр бойынша заттардың қажетті санын жасауға болады.

Одан кейін педагог жұмыс дәптеріндегі 3-тапсырманы орындауды сұрайды. Сана. Тиісті санды қоршап сыз.

Алдымен тапсырманы талқылайды.

  • Қанша қарындаш бейнеленген? (Бес.)

5 цифрды тауып, бояйды. Жұмысты өз бетінше орындайды.

4-тапсырма. Әр паровозда көрсетілген сан қанша болса, сонша вагон болатындай толықтырып суретін салу. Балалар санды атайды, санайды, қанша вагон жоқ екенін айтады. Суретін салады. Жұмысты жеке орындайды.

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына, қолын дұрыс орналастыруына, дәптерді көлбеуіне қарай және қарындаштарды қалай ұстайтынына назар аударады. Педагог 27-беттегі №39, №40 және 28-беттегі №41, №42 тапсырмаларды ұсынады. Балалар цифрдың бейнесін қарап бояйды, содан кейін цифрларды бастырып сызады.

Ауада 5 цифрын «жазамыз»: бірінші қысқа таяқшаны жоғарыдан төмен қарай жазамыз, тоқтаймыз, сол жақтан оңға қарай жартылай сопақша жазамыз. Қаламды көтереміз. Көлденең таяқшаны сол жақтан оңға қарай жазамыз.

Ауада 6 цифрын «жазамыз»: алдымен сол жақтан үлкен жартылай сопақша жазамыз, оны дөңгелектейміз және кішкентай сопақшамен аяқтаймыз.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

3 . Рефлексия

Оқу қызметін қорытындылайды және балаларды дұрыс орындаған тапсырмалары үшін мадақтайды. Кері қарай санай отырып, ертегі кейіпкерлерін шығарып салуды ұсынады. Алтыншы, бесінші, төртінші, ... кейіпкерлер үйлеріне кетеді.

Ертегі кейіпкерлерін кері бағытта санап, олармен қоштасады.

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.


Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: 5 және 6 сандары мен цифрын;

түсінеді: заттар санын және осы заттар санын белгілейтін цифрды қалай сәйкестендіру керектігін;

қолданады: көрсетілген заттар санының топтарын табуды, логикалық ойлауды.














































Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді ырғақтар»

Мақсаты: Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру.

Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту.

Көңілді әуенге қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекті құралдар: би жанрлары, бишілердің суреттері бейнеленген иллюстрация, балалар музыкалық аспаптары - бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: би танец dance.


ҰОҚ барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына көнілді әуенімен кіреді. Жүру, жүгіру.

    1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің таңдауымен). Балалар шеңбер бойымен тұрады, үнтаспада «Буги-буги», «Егер саған ұнаса» т.б.

би әуендері ойналып, ортаға шыққан бастаушы-«бишінің» қимылдарын дәл қайталау. Музыка тыңдау: «Вальс» Қ. Шілдебаев, «Полька» М. Красев, «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев).

Балаларға би туралы мәліметтер беріп, бидің түрлерінен үзінділер тыңдату.

Билер ұлттық билер, көңілді полька биі, шыр айнала билейтін вальс болып бөлінеді.

Вальс биінде жұптасып, қалықтап айналып билейді, полькада аяқты тізеден көтере жеңіл секіреді, ал «Қамажай» – қазақ халқының ұлттық биі екендігін түсіндіру.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Мен өнерлі баламын» (М. Омаров)

Ән орындау кезінде айғайламай, бір-бірін тыңдап, үндесе айтуды қадағалау.

Таныс «До-ре-ми» әнін (Ө. Байділдаев) қайталау, сөздерін анық, таза орындауға үйрету.

Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені).

Би қимылдарын еске түсіру, еркін, өз беттерімен орындауға баулу. Ойындар, хороводтар: «Ән салған кім? (А. Райымқұлова) Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Балалардың ойынға белсене қатысуларын қадағалау.

Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

    1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды.

  • Бүгінгі күніміз өте көңілді болды.

  • Бәрің өнерлі екенсіңдер, жарайсыңдар!

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: қарапайым шығармалардағы эмоционалды мазмұндарды ажыратады; ән орындайды.

Түсінеді: бидің вальс, полька, халық биі сияқты жанрлары болатынын.

Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11