400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Менің атам- майдангер"

Материал туралы қысқаша түсінік
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болып, зираты 2011 жылға дейін белгісіз болып келген үлкен атасы Алмағанбетов Нұрғалидың соғысқа дейінгі және майдангердің қиын-қыстау соғыс кезіндегі өмір жолы туралы аталған тақырыпқа сай мәліметтер іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Индер ауданы

Бөдене ауылы Бөдене орта мектебінің

7-сынып оқушысы Сайлауов Әлібидің

«Менің атам-майдангер»

тақырыбындағы жұмысына

Аннотация

Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылы

Бөдене орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сайлауов Әліби Айболұлының

«Менің атам - майдангер» тақырыбындағы зерттеу

жұмысы талапқа сай жазылған.

Әліби бұл жұмысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болып, зираты 2011 жылға дейін белгісіз болып келген үлкен атасы Алмағанбетов Нұрғалидың соғысқа дейінгі және майдангердің қиын-қыстау соғыс кезіндегі өмір жолы туралы аталған тақырыпқа сай мәліметтер іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Оқушы Ұлы Отан соғысының көптеген қазақ жанұясына әкелген зардабының 70 жыл өтсе де ұмытылмайтынын баяндай келіп, атасымен қоса өз өмірлерін аямай, елдің бостандығы үшін соғысқан барлық ұлт жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігі мен батырлығын дәріптеуді осы еңбегіне мақсат етіп қояды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқын, тақырып мазмұнына кіріспе берілген, жұмысты орындау үшін керекті мәліметтер жинақтаған. Осы бағытта әдебиет көздерін тиімді пайдалана отырып, оқушы зерттеу нәтижесін баяндаған. Автор атасының зиратын іздеп-табуға барған туыстарына Молдова АССР-і Кишинев облысы Паланка селосы басшылары мен тұрғындарының көрсеткен көмегін де ашып көрсеткен. Өз еңбегінде қажеттілігіне қарай фотосуреттер мен баспасөз мәліметтерін орынды пайдаланған.

Әліби зерттеу жұмысында атасы Нұрғалидың жанымен, қанымен, ісімен, ерлігімен ел намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, жеңісті жақындатуға үлес қосқаны, ал аяулы әжесі Батиханың да тылда тынымсыз еңбек еткенін мақтан етеді. Ал әжесінің көзі тірісінде азаматының зиратын табу арманының орындалмағаны жөніндегі бала өкініші, толғанысы қандай да жанның жүрегін толқытары анық.








Ғылыми жетекші: Л.Усенгалиева
























«Менің атам - майдангер»

Айырылдық небір боздақ, есіл ерден,

Қанша ару қара киді «жесір» деген.

Зар болған әке деуге бөбек қанша,

Қалайша мұны, тарих, кешірмек ең?!

(Ж. Молдағалиев)

1941-1945 жылғы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс бұл-жалпы бейбітшілік сүйгіш елдердің,жасампаздық жолындағы халықтардың өміріндегі аса маңызды атаулы мереке. Әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер үшін мәні ерекше жоғары. Ең алдымен Жеңіс- біздің жалпы тарихымыз. Қар жастанып, мұз төсенген отты жылдарда, сыз окоптарда шыңдалған жауынгерлік достықтың, әр ұлт өкілдерінен құрылған әскери құрамдардың қайталанбас ерлігі мен өрлілігінің белгісі. Кешегі аға ұрпақтың жанын да, қанын да аямай, елім деп, жерім деп кеудесін оққа төсеген, қабырғасы қатпаған жетімдер мен желегі желкілдеп қалған жесірлердің еңіреп жүріп, «бәрі де майдан үшін!» деп тылда аянбай тер төккен патриоттық рухының биік көрінісі. Сондықтан да оған ешкім де бей-жай қарай алмайды.

Міне,70 жыл бойы соғыстың сызы мен ызғары адамдардың жүрегінде қатар өмір сүріп келеді. Соғыс қасірет әкелмеген отбасы жоқ. Әр шаңырақ оның қияметін сезінді. Сұрапыл жылдар - бүгінде самайын ақ шалған қариялардың балалық шағын ұрлаған зұлмат. Сондықтан да барша адам баласы фашизм тұтандырған сол бір соғыс өртіне лағнет айтып келеді.

Ендеше, адамзат тарихындағы қара таңбаны бүгінгі жас ұрпақ терең ұғынып, енді мұндай апатты жол бермейтін саналы сарабдал азаматтар болып өсуі үшін Ұлы Жеңістің маңыздылығын еш түсірмеу керек.

Кейбір азаматтар 1941 жылғы соғыс біз үшін қажетсіз соғыс болды деген жаңсақ пікір білдіреді. Бұл асылық айтқандық. Бұлай ойлау-Жеңістің мәнін аяқ асты ету. Басқаны былай қойғанда, Еуропаның әр түкпірінде шейіт болып, мәңгілік қалып қойған қазақ жауынгерлерінің аруағын, мүгедек болып оралып, елімізді қайта қалпына келтіру үшін еңбек еткен ардагерлердің намысын, тылда белі қайысып жүріп қара жұмыс істеген аналар мен балалардың, соғыс жетімектерінің төгілген көз жасын қорлау болар еді.

Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған елдердің қай-қайсысында да көпшілік осылай ойлайды.Ұлы Жеңіс мерекесі фашизмге қарсы күрескен мемлекеттер мен халықтарды бүгінде, алдағы уақытта да біріктіріп, топтастыра түседі деп ойлаймын.

Сұрапыл соғыс әкелген зардап сызы менің үлкен атамның отбасында да қалды.

Үлкен атам туралы немересі, менің апам Гүлфаризаның әңгімесінен төмендегі жайды білдім: үлкен атам Алмағамбетұлы Нұрғали Гурьев облысындағы Қамысқала ауылында 1907 жылы өмірге келген. Нұрғали 1925 жылдан 1928 жылға дейін балықшы боп қызмет істейді. 1928 жылы комсомол қатарына мүше болып кіреді. Қамысқала ауылындағы мектептің 3-сыныбын бітірген. 1930-1931 жылдары Қамысқала ауылында батырақтар комитетінде басшы болып қызмет атқарады. 1932 жылы Гурьев қаласындағы 5 айлық төменнен жоғарылату тобында оқып, білімін жетілдіреді. Сол жылдан бастап кеңес қызметіне кірісіп, 1936 жылдың аяғына дейін Есбол ауданының Бөдене ауылдық кеңесінің басқармасы болып қызмет атқарады.

1937 жылы Алмағамбетұлы Нұрғали Ермұхан қызы Батихамен, менің әжеммен некелеседі. 1939 жылы ұлы Сайлау – менің атам өмірге келеді. 1942 жылы соғысқа аттанар күні қызы Жолдықыз өмірге келген.

1937 жылдан 1938 жылдың мамыр айына дейін Плотөбе ауылдық кеңесінде үлкендерді оқытып, сауатсыздықты жою ісіне белсене қатынасады. 1938 жылдың тамыз айынан бастап Бақсай аудандық қаржы бөлімінде салық агенті болып қызмет атқарған. 1939 жылдан қазан айынан бастап партия мүшелігіне кандидат болып кірген. Ал 1941 жылы наурыз айының31 күні Бақсай ауданы Тегісшіл ауылдық кеңесінің «Жаңа шаруа» колхозы жанындағы бастауыш партия ұйымына партия қатарына өтуге арыз берген. 1941 жылғы желтоқсан айының 20 күні Алмағамбетов Нұрғалиды партия қатарына алыну шешімі бекітілген. 1942 жылдың қаңтар айының 5 күні қызыл әскер қатарына шақырылуына байланысты, Бақсай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Отарбаевтың № 7-ші жарлығы бойынша жұмыс орынынан босатылған.

Атам Алмағамбетов Нұрғали соғыс кезінде 111-гвардиялық атқыштар полкінде болыпты. Ол 40-шы гвардиялық Енакеев-Дунай Қызылтулы атқыштар дивизиясы құрамына 1943 жылы келген. Бұл дивизия тамыз айы басында Мәскеу облысында 6-шы әуе десанты корпусы негізінде жасақталған екен. Ұлы Отан соғысы кезінде атам Сталинград қорғанысына, Ростов шабуылына және Украина елін азат ету майдандарына қатынасқан.

1944 жылы сәуір айының 12 күні Молдова жерінде Днестр өзенінен жеделдетіп өту тапсырмасы 111-гвардиялық атқыштар полкіне берілген. 40-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 111-ші атқыштар полкі бойынша 1944 жылғы мамыр айының 1-нен 15-сі аралығындағы адам шығындары тізімінде нөмері 33-ші болып Алмағамбетов Нұрғали көрсетілген. Тізім 2-үлгі бойынша жасақталған. Оққа үшқан мезгілі 1944 жылы сәуір айының 14-күні, жерленген жері Молдова АССР, Кишинев облысы, Паланка селосынан шығысқа қарай 2500 метр.

Тізім бойынша 46 адам жерленген. Қол қойғандар 40-шы гвардиялық атқыштар дивизия штабының бастығы, гвардия полковнигі Мельников және дивизия штабының 4-ші бөлім бастығы гвардия капитаны Грязин. Осы тізімге қосымша ретінде жерленген жердің орны картаға түсіріліп көрсетілген. Карта масштабы 1:50000, L36-49 парағы. Елдің қазіргі әкімшілік бөліміне сәйкес сарбаздардың жерленген жері Молдова Республикасының Штефан-Водэ ауданына қарасты Паланка ауылы.

Атамыз Нұрғалидың жерленген жері Алмағамбет келіні Нұрғали зайыбы Ермұханқызы Батиха әжеміз қайтыс болғаннан соң барып табылды. Әжеміз Батиха бұл сәтті ұзақ күткен болатын. Әжеміз 2010 жылы қазан айында 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ал атамыз Нұрғалидын қаза болған жері 2011 жылдың қараша айында, көкеміз Мырзағали ұлы Дүйсеннің (бұл кісі атам Нұрғалидың ағасы Мырзағалидың 2-ші ұлы) үздіксіз іздеуі нәтижесінде табылды. Мырзағалиұлы Дүйсен көкемізге Нұрғали ұрпақтары атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Дүйсен көкеміз атамыздың жерленген жерін тауып беріп қана қоймай, сол жерге зайыбы Разия анамызбен бірге менің апамды апарып тағзым етіп қайтты. Кейіннен Мырзағалиұлы Дүйсеннің «Ұлы Жеңіске үлес қосқан жауынгер» (Алмағанбет ұлы Нұрғали туралы естелік) атты кітабы жарық көрді.(қосымша 1)

Апамның естелігінен: - «2013 жылдың маусым айының 23-ші жұлдызында, атамыз Нұрғалидын жерленген жеріне баруға жол түсті. Ресейдің Астрахань қаласы арқылы Украина қаласы Одессаға дейін барып, сол жерден Одесса қаласындағы соғыста қаза тапқандарды іздестіру бөлімінің қызметкері Егор Смолянин күтіп алып, Одессадан 35 шакырым Молдова жерінде орналасқан кішкене ғана село Паланкаға жеткізді. Сол жерден бізді Молдова республикасының Кишинев қаласынан келген «Август» деп аталатын соғыста қаза тапқандарды іздестіру тобының жетекшісі Василий Сеньковский пен «Русское Слово» газетінің журналисі Светлана қарсы алды. Барлығымыз ауылдық акиматқа бардық. Онда бізді ауыл әкімі (примор) Лариса Волох қарсы алып, сол жерден тікелей атамыз жерленген бауырластар зиратына бардық. Зират басына барып қаза тапқандарға тағзым еттік. Біздер кішкене дем алып, түстеніп шыққаннан соң, Паланка селосының жанында орналасқан атамыздың соңғы шайқаста қаза болған жеріне бардық. Соғыс болған жер бір жағынан өзен болса, бір жағынан батпақты жер екен. Біз Украина мен Молдова шекарасы орналасқан жерде тұрдық. Ауыл жанынан Днестр өзені ағып жатыр. Міне кескілескен ұрыс осы Днестр өзенінен өту кезінде болған. 40-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 1944 жылдың сәуір айының 14 күні Днестр өзенінен толық өтіп шыққан. Сәуір айының 15 күні неміс әскерлері Днестр өзенінің оңтүстік жағасындағы бекіністі алуға біршама күшін жұмсаған. Сонымен 111-ші гвардиялық атқыштар полкі сәуір айының 20-күні 7 күндік кескілескен ұрыста өзен жағалауын жауға бермей, жаудың күшін әлсіретті.

1944 жылы сәуір айының 12 күні Молдова жерінде Днестр өзенінен жеделдетіп өту тапсырмасы 111-ші гвардиялық атқыштар полкіне берілген. 40-гвардиялық атқыштар дивизиясының 111-ші атқыштар полкі бойынша 1944 жылғы мамыр айының 1-нен 15-сі аралығындағы адам шығындары тізімінде нөмері 33-ші болып Алмағамбетов Нұрғали көрсетілген. Тізім 2-үлгі бойынша жасақталған. Оққа үшқан мезгілі 1944 жылы сәуір айының 14-күні, жерленген жері Молдова АССР, Кишинев облысы, Паланка селосынан шығысқа қарай 2500 метр.

Міне, біз осылай атамыз қаза болған жерді өз көзімізбен көріп, туған жерден апарған бір уыс топырағымызды салып, атамызға тағзым етіп қайттық. Осы сапарымызда бізге Паланка селосының әкімі Лариса Волох, «Август» іздестіру тобының жетекшісі Василий Сеньковский және көптеген адамдар көп көмегін тигізді. Паланка селосындағы бауырластар зиратындағы адам есімдері жазылған мемориалды тақтайшаны қайта түзететіндерін және оған Нұрғалидың есімін жазатындарын айтты. 2014 жылы ол уәделерін орындап, жеңістің 69 жылдығына бізді шақырған болатын Сонымен қатар осы сапарымызды толықтай бейнекамераға түсірдік-».(қосымша 2)

Қазіргі алмағайып заманда, күнде өзгеріп жатқан қоғамдық, саяси өмірде, әрине, неше түрлі адасушылық пен ауытқушылықтарды көріп жүрміз. Әр мемлекетте билік басына түрлі саясаткерлер келеді, түрлі топтардың мүдделеріне басымдық береді. Прибалтикада соңғы жылдары осындай үрдіс көрініп жүр. Фашистер жағында соғысқан кешегі СС полицейлерін дәріптеп, шеру ұйымдастыратын болды. Бірақ бұл халықтық сипат алмаған, белгілі бір топтардың әрекеті.Оларға қарсылық білдірушілер көп. Мұндай әрекет Украинада да байқалып қалды. Туысқан Украина халқының басындағы қазіргі аласапыран кезді пайдаланып, фашизмнің қайта бас көтергісі келгеніне куә болып отырмыз.

Сондықтан бұл жерде өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, дұрыс бағыт көрсету маңызды. Соғыс кезіндегі сарбаздардың ерлігі осындай патриоттық сезім қалыптастырудың, халықтар арасында достықты нығайта түсудің басты үлгісінің бірі болып қала беру керек.

2013 жылы қазан айының 25-ші жұлдызында Минскіде өткен ТМД елдері басшылары басқосуында 2015 жыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды. Сол кездесуде Кеңес халқының 1941-1945 жылдарғы соғыстағы Жеңіс 70 жылдығы құрметіне бірегей мерекелік медаль шығаруға шешім қабылданды. Бұл және басқа да ойластырылып жатқан шаралар Ұлы Жеңіске қаншалықты маңыз беріліп отырғанын көрсетеді. Ал жаңағы СС құрамында соғысқандарды дәріптеу адамзаттық сипат алған фашизмге қарсы күрес жолындағы Жеңіс мерекесінің ұланғайыр толқынында қалып қояры кәміл. Дегенмен, осының өзі баршамызды сақтыққа шақырады.

Жеңіс – ортақ. Орыс,украин,беларус,қазақ,татар,өзбек және басқа да ұлттар мен ұлыстардың ұл-қыздары ортақ жауға қарсы тізе қосып шайқасты. Олар бөлінген жоқ. Артта қалған отбасыларын, қасиетті елді мекендерін, ұрпағының болашағын қорғауды мақсат етті. Сол жолда жанын пида қылды. Рас, сол кезеңде кеңестік идеология қатты жұмыс істеді.Әсіресе көтермелеу, кейде қолдан батырлар жасау сияқты түрлі әрекеттердің болғаны жасырын емес. Бұл енді өзгелерді ерлікке шақырып, үлгі ету болған шығар. Бірақ онсыз да қарапайым солдат өз міндетін адал атқарып шықты. «Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, талай боздақ шаң басқан майдан жолдарымен арпалысып жүріп өтті.

Соғыс заңы қатал, аяушылық жоқ. Қанды қырғын сол боздақтардың талайын аждаһадай жұтып қойды.Қазақстаннан 1,3 миллионға жуық түрлі ұлт өкілі әскерге алынса, соның 500-ден астамы елге Батыр атанып оралды.

Майдан даласынан қазақтың 394 мың ұл қызы қайтпай қалды.

Негізі анықталмаған, ескерусіз қалған майдан құпиялары аз емес. КСРО кезінде жазылған соғыс тарихының бұрмаланған, өзге ұлт өкілдерінің ерліктерін ескермей, Мәскеудің ыңғайымен идеологиялық тұрғыда жазылған сәттердің бар екені де рас.Басқаны былай қойғанда, Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевты кезінде кім бағалады? Бақайшағына дейін қаруланған неміс әскерлері КСРО жеріне екпіндеп кірген кезде Киевтің түбіндегі күшейтілген қорғаныс шептерінде Қазақстан мен Орта Азиядан әскерге алынғандар өте көп болыпты.

Белгілі майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев кезінде Италия жерінде фашистердің бір ротасы 10 қазақтан құралған барлаушылар отрядына тап кегенін, сол жерінде қырғын соғыс болып, немістерді түгел жайпап, өздері де қаза тапқанын жазды. Ол архивтерді ақтарып, айтысып- тартысып жүріп, осы оқиғаны және сарбаздардың аты-жөнін дәлелдеп, үлкен жолдың бойына ескерткіш қойдырған. Міне, осындай мәселелерге маңыз беріп, аршып алу, көрсету керек деп ойлаймын.Бұл ұрпағымыз үшін керек, жат жерде қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшін қажет.

Кейбір зерттеушілердің деректеріне қарағанда, Қазақстан майдан үшін қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 млн. Тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын беріпті. Қазір заман басқа, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі біздің боздақтарға қатысты көмескі тұстардың сырын толығырақ ашуға мән берген дұрыс.

Еуропа ормандары мен батпақтарында ондаған мың қазақстандық жауынгерлердің мүрдесі жатыр. Біз оларды қаншалықты анықтай алдық, бастарына белгі немесе ескерткіш орнаттық? Бұл парызымыз орындала ма?

Бұл мемлекеттік тұрғыда назар аударатын мәселе. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, Шығыс Германия жерінде ғана қаза тапқан 420 мың кеңес жауынгері жерленген 850 зират бар екен. Соның 400 мыңнан астамы тұтқынға түскен әскерилер. Ал Батыс Германияда тура осындай 2750 зиратта 340 мың қаза тапқан сарбаз жатыр. Өзге Еуропа елдерінде қаншама жауынгер жерленгенін, қаншасы мүлде атаусыз жер қойнында жатқанын құдай білсін? Осы зираттарда қазақтар жоқ дейсіз бе? Бар әрине. Олардың бәрін толыққанды зерттеп, анықтады деп айту қиын. Соңғы бес жылда елімізде 609 мемориалдық ескерткіш бой көтерді. «Мемориалдық зона» кітабы жарық көрді.Бұл жалпы майданда шейіт кеткен боздақтарға деген құрмет деу керек.

Тарихи деректерге көз жіберсеңіз, 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығына еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы колхоздардағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі -20 пайыз, әйелдер -58 пайыз, жасөспірімдер 22 пайыз болды. Яғни майданды азық –түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Мұндай деректер буыны қатпаған балалар мен әйелдер, қариялар күндіз - түні жанқиярлықпен еңбек еткенінің дәлелі. Өте ауыр жағдайларға қарамастан тыл еңбеккерлері майдандағы жауынгерлер үшін үлкен тірек болды.

Қазір солардың көпшілігі жоқ, соғыс жылғы балардың өзі ақ басты қарттар қатарында. Оларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, қолдау көрсетіліп келеді.

Өмірде қоғам үшін, ұрпақ үшін берерін беріп болған қарияларға қай кезде де қамқорлық жасап, назардан тыс қалдырмау баршаның міндеті. Біз сол ардагерлерге қолдан келгенше көмек көрсетіп, қол ұшын беруіміз керек. Соның бастылары: Соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қариялардың әлеуметтік тұрмыс жағдайларын, өмір сүру деңгейін жақсарта түсу үшін атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге баса мән берілуде. Майдангер қарттарға медициналық жәрдем көрсетілуі, олардың дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілуі назардан тыс қалмайды. Осы орайда, Ұлы Отан соғысына қатысушыларының тұрмыс жағдайларын саралап, зерттеу қолға алынбақ. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, «Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздің барша өңірлерінде әрбір батырды еске түсіріп, тағзым етуіміз қажет. Қас дұшпанға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасыны мен жезінен құйылды. Ол жеңіс бізге аталардың қанымен, аналардың терімен келді.Ерлік ешқашан халықтың жадынан ұмытылмайды. Біз ата- бабаларды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында жаңғырта беруіміз керек».

Иә, қаһармандық тағылымы ұмытылмайды. Ол адамзатқа бейбітшілік пен тыныштықты мәңгілік сақтау керектігін ескертіп тұрғандай.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұтар бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.

Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.

Атамның зиратын табу- әжемнің арманы еді. Сол арманы орындалды деп ойлаймын. Әжеміз бізге, немерелеріне өле-өлгенше атамыз туралы әңгімелерді көп айтатын. Бір ғана өкініштісі – әжемнің осы оқиғаны естімей, көрмей кеткені ғана. Мен атамның ерлігін еш уақытта ұмытпаймын.

«Соғыс!-деп айтқан суық сөз,

Сіресіп қатқан мұз-қардай

Тыныштық сүйген қауымды,

Тітіркендірді ызғардай.Әлемде енді соғыс болмасын, елде тек тыныштық орнасын деп тілеймін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі