400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ататегім қайдан бастау алады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ататегім қайдан бастау алады?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ____________

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Пән: Дүниетану №10 сабақ

Ортақ тақырып: Уақыт

Бөлімше: Менің отбасым

Күні: __________


Қатысқандар саны: ______________ Қатыспағандар саны: _________________


Тақырып:

Менің ататегім қайдан бастау алады?

Оқыту мақсаты


3.1.1.1 отбасы мүшелері арасындағы туыстық байланыстың маңызын түсіндіру;

3.1.1.2 өзінің шежіресін құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

(Күтілетін нәтижелер)


Барлық оқушылар:

рудың ендігі жалғасы өздері екенін жете түсінеді;

шежіренің не екенін біледі.

Көптеген оқушылар өзінің шежіресін құрастырады.

Кейбір оқушылар:

шежірені білудің қажеттілігі туралы пікірлерін дәлелдейді;

өзінің атасы немесе арғы атасы жайында әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат


Оқушылар өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ру, Жеті Ата, шежіре.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Шежіре бір рудың шығу тегін, таралуын баяндайды.

Жеті ата (шежіре) дегеніміз әке жағынан ата-бабасын білу дегенді білдіреді.

Талқыланатын мәселелер:

Неліктен көптеген халықтарда шежірені ағаш кейпінде бейнелейді?

Біз өзіміздің шежіремізді білеміз бе?

Жазылым:

«Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?» деген сұрақтың жауабын оқушы дәптеріне жазу.

Алдыңғы білімдер

Отбасы және ру туралы қарапайым түсініктер

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Қозғау салу

Мұғалім:

Сабақты ақын Омар Хайямның сөздерінен бастаймын:

Өзіңе назар аудар да ойлан:

Сен кімсің, қайдасың, сосын қайда барасың?

Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек? Нені үйренуіміз керек?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз бүгін отбасы және шыққан тегіміз жайында айтатын боламыз.

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін анықтайық:

бірінші, «шежіре» дегеніміз не екенін білетін боламыз;

өзіміздің шежіремізді құрастыруды үйренеміз.

Адам өмірге келеді, ер жетеді. Есейе келе, өзінің қайдан шыққанын, кім екенін ойлана бастайды. Ал сендер осы сұрақтар жөнінде ойланып көрдіңдер ме? Аталарыңның, арғы аталарыңның есімдері кім, білесіңдер ме?




Ұғыну

Жарайсыңдар! Аталарың жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал арғы аталарыңның, одан арғы аталарыңның есімдерін білесіңдер ме? Бұл сұраққа келгенде көбісі қиналып қалғаны көрініп тұр. Бірақ сендерге қызық бола бастады. Арғы аталарыңның кім екенін білуге деген қызығушылықтарың оянды. Көбісі осы сұрақтың жауабын алу үшін өзінің шежіресін – шығу тегінің тарихын құрастыра бастайды.

Оқулықтағы бірінші азат жолды оқу.

Бүгін сендер ағаш түрінде өз шежірелеріңді құрастыруға тырысып көресіңдер. Ол үшін, ең алдымен, слайдты көріп алайық.

Электронды қосымшадан «Менің шығу тегім» слайдын көру.

Көптеген қазақтар өзінің шежіресін жақсы біледі.

Оқулықтағы мәтінді соңына дейін оқу.

Шежіре адамдарды көп нәрсеге міндеттеген. Ер адамдар лайықты өмір сүруге тырысқан. Өйткені олардың өмірдегі жақсылықтары өздерінен кейінгі ұрпаққа азық болған. Олар аталарымен мақтанған. Немесе керісінше, аталары жаман іс-әрекетімен танылса, онда ұрпақтары өмір бойы ұялып өткен.

ФБ «Бармақ көрсету» стратегиясы: тапсырманы түсіндіргеннен кейін оқушылардың тапсырманы түсініп-түсінбегенін анықтау үшін мынадай қадамдарды жасау ұсынылады:

кім тапсырманы түсінсе немесе тапсырманы түсіндіре алса, бас бармақты жоғары көтеріңдер;
– кім әлі тапсырманы түсінбесе, бас бармақты жанына бағыттаңдар;
– кім тапсырманы анық түсінгенін әлі де айта алмаса, қол бұлғаңдар.

Алынған жауаптар бойынша тапсырманы жақсы түсінген оқушылар арқылы тапсырманы түсінбеген оқушыларға түсіндіруді ұйымдастыру керек.

Мұғалім: Ал енді шежіремен жұмыс жасауды бастаймыз.

(Г) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, тапсырмалардың бірін таңдап алып, дәптерде жұмыс істейді:

әкесі жағынан өзінің шежіресін құрастырады (Жеті Ата);

ағаш бейнесінде өзінің шығу тегінің тармағын құрастырады (әкесі мен анасы жағынан);

Топтардың тапсырмаларын тыңдау.

ФБ Ал, енді, балалар, сабағымыздың мазмұнына сай келетін бір фразаны таңдап, сабағымызды қорытындылайық.

Оқулықтағы тапсырманы орындаймыз!

(Г) Достарыңмен бір-біріңе «Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деген сұрақ қою арқылы өзара сұхбат жүргізіңдер.

Сұхбатты қорытындылау.

Оқушылар топта жұмыс істей отырып, сыныптастарының өз Жеті аталарын қаншалықты білетінін анықтайды. Бір-біріне сұрақ қоюдың нәтижесінде, қорытындылар шығарады:

мен өз ата-бабаларым жайлы көп мәлімет білуім үшін отбасымның тарихын зерттейтін боламын.

Немесе:

сыныбымыздағы оқушылардың көбі үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдайды екен және өздерінің ата-бабаларының есімдерін біледі екен. Сол үшін біз өте қуаныштымыз!

Арғы аталарың, оның арғы аталары – олар сендерге дейін және ата-аналарыңа дейін өмір сүрген сендердің ата-бабаларың. 100 жылда үш ұрпақ өмір сүреді: ғасырдың басында атасының өмірі басталады, аяғында немересі өмір сүреді.

(П) Ата-анаңмен бірге орында. Егер адамның шежіредегі орташа жасын 25 деп алсақ, онда Жеті Атаны білу уақыттың қай кезеңін қамтиды?

Сұраққа жауап беру үшін 25-ті 7-ге көбейту керек. Сонда 175 болады. Демек Жеті Атаны білу деген екі ғасырдың тарихын білу дегенді білдіреді.

Мұғалім: Шежірені білу дегеніміз – тек қана саған дейін өмір сүрген ата-бабаларыңның есімдерін білу емес, шежірені білу – ата-бабаның рухы алдындағы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Өз отбасыңның тарихын біле отырып, сен тек қана еліміздің тарихымен таныспайсың, бүкіл адамзаттың тарихымен танысасың.






Оқулық



Электронды қосымша



Оқулық


















Дәптер




Рефлексия

Мұғалім: Мына сөзге мән беріңдерші: «Мен маған дейін өмір сүрген адамдар сияқты адаммын, сонымен қатар, мен – менмін, басқа ешкім емес». Қалай түсіндіңдер, балалар?

Сендердің қабілеттерің, қызығушылықтарың, сонымен қоса, бойларыңдағы таланттарың сендерге ата-аналарыңнан, сондай-ақ, сендер ешқашан көрмеген ата-бабаларыңнан берілген.

Күндердің күнінде сендер де ата-ана, ата-әже боласыңдар. Сендердің ұрпақтарың да сендердің өмірлеріңе бұрылып, кім болғандарыңды, қандай өмір сүргендеріңді білуге тырысады.
Ұрпақтарың сендермен мақтанатындай лайық өмір сүріңдер деп тілеймін.

ФБ Сабақтың соңында өзіңнің көңіл күйіңе баға бер. Өзіңнің қай аралда екендігіңді таңда: Қайғы аралы, Білім аралы, Қуаныш аралы.

Таңдауыңды түсіндіріп бер.



Үй тапсырмасы

Өз атаң немесе арғы атаң жайлы әңгіме құрастыр. Елімізде болған қандай оқиғаларға қатысқанын анықта.

Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.05.2019
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі