жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің ататегім қайдан бастау алады?
Дүниетану Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт» |
Мектеп: .№25 Мұғалім: Елеусизова Ж. |
||||||
|
Мерзімі: 2-тоқсан |
|
||||||
|
|
Қатысқандар:25 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Менің ататегім қайдан бастау алады? |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.1.2 Әулет шежіресін құру. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Өз әулетінің шежіресін құрайды; |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Әкесі жағынан өз шежіресін айтады; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Неліктен өз ататегіңді білу маңызды? Қазақтар неге ататегін әке жағынан таратады? Пайдалы сөз тіркестері: Өз отбасыңның шежіресін білу ..... үшін маңызды. |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Патриотизмнің дамуы өз әулетінің шығу тегін білу маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика: уақыттың өлшем бірліктері. атасы немесе бабасы туралы постер дайындайды. әңгіме құрастырады. |
||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың отбасы құндылықтары, отбасылық дәстүр, отбасы ішіндегі туыстық қатынастар туралы білім негіздері бар. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 0-6 7-8 |
«Кластер құра» тапсырмасы (ұжымда) Оқушыларға «ШЕЖІРЕ» сөзіне ассоциация құруды ұсыныңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Шежіре, ататек деген не? -Сен өзіңнің атаңның, арғы атаңның аты-жөндерін білесің бе? - Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?
|
Ассоциация |
|||||
|
Сабақ ортасы 8-10 10-15 16-20 21-27 28-36 |
Мұғалім оқушылармен әңгімелесу жүргізеді. «Тектілік» сөзінің қайдан шыққанын түсіндіреді. Қазақ халқында әулеттің шығу тегі мен таралуын шежіре деп атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан, яғни әке жағынан таратады.
Оқушылар шежіре ағашының суретіне назар аудартыңыз. Олардан ұрпақтар сабақтастығы қалай аталғанын ағаштың төмен жағынан бастап оқуларын сұраңыз. Сондай-ақ, әрқайсысының жанына өз ата-бабаларының есімдерін жазуларын ұсынуға болады.
Оқушыларға журналист болып ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз қалаулары бойынша жұптарға бөлініп, «Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деп бір-бірімен сұхбат жүргізулері қажет. Сұхбаттың қорытындысын жасаңыз. Өз ататегі мен отбасылық құндылықтарды құрметтеудің маңызды екендігін атап өтіңіз.
Оқушылар өзінің ата-бабасының есімдерін шежіре ағашына ретімен орналастырады. Жұпта бір- біріне ата – бабаларының есімін орналастыру заңдылығы бойынша пікір алмасады. Талқылауға арналған сұрақтар:
Бағалау критерийлері:
Оқушылар алдын-ала дайындап алып келген ата-бабаларының суреттерін қолдана отырып, постер (фотосуреттерді жабыстырады, қысқаша тарихын жазады) дайындайды да сыныпқа ұсынып, өз әулеті туралы әңгімелейді. Бағалау критерийлері:
|
Сурет
Шежіре ағашы
|
|||||
|
Сабақтың соңы 37-40 |
Рефлексия (жеке): «Алақан»
Оқушылар қағаздан киылған алақанның әр саусағына берілген сөйлемдерді аяқтай отыра, өз пікірлерін білдіреді: Мен бүгін білдім ... Менің түсінгенім, ... Мен үйрендім ... Менің қиналғаным ... Мен қалаймын ... «Алалақандарды» тақтаға іліп қояды (бірнешеуін оқып, талдап жіберуге болады). |
Қағаздан жасалған алақандар |
|||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||
|
Қабілеті жоғары оқушыларға
интернет көзін пайдалана отырып, қазақ халқының атақты хандарының
шежіресін құруды ұсынуға болады ). «Менің шежірем» тапсырмасында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында дайын шежіре ағашының үлгілерін көрсетуге болады. |
Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Әңгімелеуші» тапсырмасының қорытындысы бойынша сабақ мақсаттарына жету деңгейлерін көруге болады. |
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
|||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген