"Менің атым Қожа" хикаятындағы ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің атым Қожа" хикаятындағы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» хикаятындағы кейіпкер бейнесі


Бөлім:

«Адамгершілік-асыл қасиет»

Педагогтың аты-жөні:

Нурекеева Гулжан Есенбековна

Пәні

Қазақ әдебиеті

Күні:

04.02.2025 жыл

Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Менің атым Қожа» хикаятындағы кейіпкер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

5.2.4.1.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады

Құндылықтарға баулу:

Ұлттық мүдде құндылығы: ұлттық мәдениетті дәріптеу, ұлттық мұраға ұқыпты қарау, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.


Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу үшін шешемі қабылдай білу және жауапкершілік сезіну.

Талап құндылығы: Білуге , жағаны тануға құштарлық, сын және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орнату

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7-8 минут




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Кинодан бір сәт» әдісі арқылы көркем фильмнен үзінді көрсету арқылы жағымды психологиялық ахуал тудыру

«Асығың алшысынан түссін» әдісін арқылы топқа бөлу

«Шырағың сөнбесін» әдісі арқылы топ басшысы сұраққа жауап беру арқылы анықтау. Топ ережесін түсіндіру.

1-топ Бердібек Соқпақбаев қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2-топ Қожаны лагерьге неліктен екінші кезектен барады?

3- топ «Менің атым Қожа» кітабі қай тілдерге аударылды?

Әр топқа алдыларына мақал- мәтел жасырылған QR беру.

Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, топқа ат қою

  1. Топ Тәртіп

  2. Топ Білім

  3. Топ Достық

«Экрандағы Элементтер» әдісі арқылы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.


Асықтың түсі арқылы топқа бөлінеді

Топ арасынан жылдам жауап берген оқушы басшы ретінде тағайындалады








Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Қалыптастырушы бағалау







5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы

Лэд экран

тараптпа қағаздар

Ұялы телефон



Сабақтың ортасы


29-30 минут












  1. Тапсырма. «Кино лента» әдісімен кинодан қойылым көрсету. Қойылымнан кейін оқушыларға кейіпкерлер бейнесін өз өмірлерімен байланыстыра отырып, талдау

Дескриптор:

  • кейіпкердің қасиеттері мен іс-әрекеттерін сипаттайды;

  • сипатталған қасиеттер мен іс-әрекеттер қай кейіпкерге тән екенін анықтайды.

  • Әртістік шеберлік шыңдайды

Оқушылар көркем фильмнен үзіндіні қойылым ретінде көрсетеді




Кейіпкерлер бейнесін өз өмірлерімен байланыстыра отырып, талдайды.





Жалпы -3 балл

















5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы






  1. Топтық жұмыс Жағдаяттық сұрақ қою

1- топ "Қаратай дұрыс айтыпты, ер азаматсыз қиын екен" Әкенің берер тәрбиесі жайлы топпен ой қозғау

2- топ "Ей, күні бойы қайда қаңғып жүрсің? Шешеңді таудан шақырып алды. көңілін аулап сөйлес. Жүрегі нашар екенін білесің ғой"

Ана мен бала махаббаты жайлы

ой қозғау

  1. топ"Оқушы деген қап емес, не болса соны сиғыза беретін, Оқушы деген шамшырақ. Тек оны жаға білу керек"

Ұстаз бен оқушы арасындағы сүйіспеншілікті ой қозғау

Дескриптер:

* шығарма кейіпкері мен қазіргі заманды салыстыра отырып, айта алады

*өз сезімдерін, пікірлерін дәлелмен жеткізе алады


Оқушылар жағдаяттық сұраққа топппен ақылдасып жауап береді

Жалпы – 2 балл

Лэд экран А 4 қағаз


  1. Тапсырма. «Кейіпкерге хат». Оқушылар шығармадан алған әсерлерін бөлісе отырып, өздері қалаған кейіпкерлеріне хат жазу.


Дескриптор:

хат құрылымын сақтайды;

алған әсерлерін сипаттайды;

қалаған кейіпкеріне хат жазады.

Оқушылар шығармадан алған әсерлерін бөлісе отырып, өздері қалаған кейіпкерлеріне хат жазады.


Жалпы -5 балл

А4 парағы,оқулық, маркер



стикер

Сабақтың соңы

6-7 минут




Үйге тапсырма: Мәтіннен Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет бұрған тұсын тауып, жазу


Кері байланыс Құнды, қызық қиын,



«Түбінде адам балатын бала» Ортаға Қожаны алып шығып, мақтау сөздер айту, қатысқан оқушыларға марапат тарату


Мәтіннен Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет бұрған тұсын тауып, жазады


Қалыптастырушы бағалау

1-10 баллдық жүйемен бағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі