400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің аяулы әжем

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің әжем

Авторы Көпеева Алия

Менің бүгінгі мақалам аналардың анасы ӘЖЕ туралы болмақ.Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі . Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға кейінгі жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды. Көп балалы, ардақты ана, немерелерінің асыл әжесі. Әжем — әкемнің анасы, менің ақылшым-деп жүректері лүпілдеп отырған оқушыларымды көріп, бойымды қуаныш сезім биледі.

Picture 1 Picture 1



Shape1 «Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.»-деп бір оқушым мақтанса,

«Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін, деп хатымды сізге арнаймын.. Мен үшін дүниедегі асыл әжелердің ішіндегі ең ғажабы- менің әжем!» -деп екінші оқушым мақтанғанда бойымды қуаныш сезім бойлағанын сөзбен айтып жеткізе алар емеспін және дейтін оқушыларымның көптігіне риза болдым.

Мен өз басымда әже тәрбиесін көріп өскен қызбын .Өзімнің асыл да ардақты әжем туралы бірер сөз жазбасам болмас деп ойлаймын.Әжем әрдайым мені еркелетіп отыратын.Бұрын бала-бақшаға ертіп апаратын.Енді міне кейінірек, мектепке алып келді.Әжелері менің сабақтарымды қадағалады. Бос уақытымда халқымыздың шежіресін , салт-дәстүрлерімізді айтып, оны естен шығармауымды ескертіп отыратын.Кейде атаммен шахмат ойнаймыз. Ал, әжем болса тоқыма тоқуды, кесте тігуді,түйме қадауды үйретті.Қыз бала қол өнерге жақын болу керек дейді әжем.Мен әжемнің ақылын тыңдап өстім. Қазіргі қарттар үйі туралы атам мен әжем дастарқан басында жиі айтады. Менің де бұл тақырып қозғалғанда ол жердегі қарияларды аяп кетемін.Балалары үшін күн-түн демей жұмыс істеп, барын баласының аузына тосып, бағып-қағады. Соңында кейбір балалар ата-аналарын қарттар үйіне өткізіп тастайды. Бұл-қатыгездік. Ата-анамыз біз үшін аянбай еңбектеніп жатыр,олардың еңбегін бағалайық. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген бабаларымыздың сөзін ұмытпайық дегім келеді.Менің сәби жүрегім болашақта мұндай қиянат болмаса екен деп тілейді.Қарттар күні ата-әжелерімізді құттықтап, олардың біздің өміріміздегі ең жақын,ең аяулы адамдар екенін білдірсек, нұр үстіне нұр болар еді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дегендей аялап баққан ата-әжелерімізді, ата-аналарымызды аялайық, құрметтейік.Тіршілікте қадірін білейік!.Асыл әжемнің айтқан ақылдары әлі есімде. Сол шақтардың, бала кездің көкжиегінде менің қаһарманым болып тек қана әжем тұрары сөзсіз. Қазірде тың болғанымен, ауылға барған сайын оның бейнесіндегі шаршау мен қажудың іздерін көріп, өмірдің тым қысқа екенін ұғынып қайтамын. Уақытқа қарсы шамам болса, әжемді мәңгілік жанымда қалдырар едім…





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі