400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің ауылым кеше,бүгін, ертен

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабағына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: туған өлке

Тақырыбы: «Менің ауылым кеше, бүгін, ертең»

Мақсаты:

1. Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты мұнайға, үсті- адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.

2. Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.

3. Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін, жерін қорғауға, құрметтуге, сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: слайд, видео, плепшат

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, проектор.

Жүру барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қадірменді қонақтар!

«Менің ауылым кеше бүгін ертең !» атты сайысына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері, сендер қандай болуларың керек? Бүгінгі сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Табиғат, Жер-Ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғым. Табиғат, жер-ананы сүйе білу, аялау әр адамның борышы.

Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жер мен асқақ менің ән-жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.

Әділ қаылар ; Хадыр М. Сағит Оразкүл

Сайыс құрылымы:

Сайыстың ережесі бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өздерінің топтарының атаулары мен ұрандарын айтып, таныстырды.

І топ – «Болашақ» тобы – жетекшісі – Хаил Г. топ басшысы Ермек Б.

ІІ топ – «Ауылым» тобы – жетекшісі – Байқұмар Р.топ басшысы Аманбаева М.

ІІІ топ – «Саздыбұлақ» тобы – жетекшісі – Теңсел С.топ басшысы Еркебулан А.

Сайыс құрылымы:

  1. Видеоматериал (Кеше), яғни әр топ туған ауылының өткен тарихын таныстырады;

  2. Слайд – шоу (Бүгін), бұл кезеңде оқушылар ауылымыздың бүгінгі жай – күйі мен тұрмыс ахуалын баяндайды;

  3. Флепчарт (Ертең), бұл кезеңде әр топ мүшелері ауылымыздың болашақта қандай болғанын қалайтындары туралы бейнелеп көрсетеді.


Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан табиғаты, көз тартар аса көркем, бар сұлулыққы бай өлке.

Қазақстан – туған өлкем,

Жер бар ма екен сендей көркем.

Көрсін деп сені күллі әлем,

Жалауыңды көкке ілем.

Енді әділ қазылар алқасы қорытынды балды есептеп болғанша ұзартылған күн тобы туралы бейнесуреттерге назар аударыңыздар.сайысымыз аяқталды.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.02.2019
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12