400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды балабақша өмірімен таныстыру. Математикалық тапсырмалар орындап үйрету. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын кеңейтуге ықпал ету. Балаларды мәдениеттілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа баулу. АКТ-мен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әдіскер: С.Сарсенбаева

Күні: 24.09-5.10.2018

Түзете-дамыту сабағының тақырыбы:

«Менің балабақшам»

Сабақтың мақсаты:

а) Балаларды балабақша өмірімен таныстыру. Математикалық тапсырмалар орындап үйрету. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын кеңейтуге ықпал ету. Балаларды мәдениеттілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа баулу. АКТ-мен жұмыс.

б)Тәрбиелік: балаларды дұрыс, әрі тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

Психологиялық тренинг, жұмыс тапсырмалары, слайд, АКТ-мен жұмыс, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Балалармен амандасу.

Жылулық шеңбері:

Кел достарым, келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

Шаттық шеңбер

ІІ.Негізгі бөлім

Түзету тапсырмалары: І кіші топ (2-3 жастағы балалар)

1.Өзі және балабақша туралы түсіндіру (жеке суреттер арқылы).

2.Қарапайым математикалық жаттығулар.

3.Мазмұнды суретті құрастыру, ойыншықтармен ойнату.

4.Пішіндері таныстырып, бастырып үйрету.

5.Балабақша ішімен таныстырып, заттардың атауларын айтқызу.

6.Қол моторикасына арналған жаттығулар.

7. Ойын: «Алақан шапалақтау»

8. Ойын:«Қиындыны есте сақта».

Түзету тапсырмалары: ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар)

1.Өзі және балабақша туралы әңгімелесу. «Біздің балабақшада» тақпақ жаттату.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл-екінші үйіміз,

Бір туғандай бәріміз.

Біз-осы үйдің гүліміз.

Біз-осы үйдің сәніміз.

2.Қарапайым математикалық жаттығулар.

3.Отбасы тақырыбында сурет салғызу.

4.Пішіндері таныстырып, салғызып үйрету.

5.Айнала қоршаған табиғатпен таныстыру.

6.Қол моторикасына арналған жаттығулар (бөтелкенің қақпағын бұрату, құм терапиясы, моншақтарды жинату, ермексазбен жұмыс).

7. Ойын: «Менің балабақшам»

8. Ойын:«Сиқырлы суреттер».

ІІІ. Сергіту сәті.

Күнмен бірге тұрамыз ,

Құспен бірге ән саламыз

Қайырлы таң! Ашық күн!

Көңілді біз тұрамыз.

Күлім қағып қолымды,

1,2,3, деп соғайын

Түзету тапсырмалары: Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)

1.Өзі және балабақша туралы видео арқылы түсіндіру.

2.Қарапайым математикалық жаттығулар.

3.«Менің балабақшам» атты мазмұнды сурет арқылы әңгіме құрастыру.

4.Геометриялық пішіндері таныстырып, салғызу.

5.Айнала табиғатымен таныстырып, заттардың атауларын айтқызу.

6.Қол моторикасына арналған жаттығулар (бөтелкенің қақпағын бұрату, түрлі түсті құм терапиясы, моншақтарды жинату, ермексазбен жұмыс).

7.Ойын: «Нүктелерді қос»

8.Ойын:«Қиындыны есте сақта».

Түзету тапсырмалары: ІІ кіші және ортаңғы топ (Синдром Дауна)

1.Көру, есту қабілеттерін дамыту. (Есімін естігенде адамға қарату, амандасу).

2.Заттарды, ойыншықтарды көрсету.

3.Ойыншық сылдырмақтарға қарату.

4.Ойыншықтарға ұмтылтыру.

5.Саусақ жаттығуларын жасату.

6.Музыкалық сазды әуенге еліктеу.

7.Алақанын шапалақтап үйрету.

IV.Сабақты қорытындылау. Балаларды мадақтау, бағалау.





Слайд, жеке суреттер











Қалам, түрлі түсті бояулар, қағаздар















АКТ, дидактикалық материалдар







Жеке суреттер, ойындар























Қалам, түрлі түсті бояулар, қағаздар















АКТ, дидактикалық материалдар







Жеке суреттер, ойындар























Қалам, түрлі түсті бояулар, қағаздар















АКТ, дидактикалық материалдар







Жеке суреттер, ойындар

























Қалам, түрлі түсті бояулар, қағаздар







АКТ, дидактикалық материалдар







Жеке суреттер, ойындар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі