Менің балабақшам. Шағын орталық. ортаңғы топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің балабақшам. Шағын орталық. ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің балабақшам. Шағын орталық. ортаңғы топБалаларға балабақша туралы түсініктерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Жас тәрбиешілерге көмек ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Х Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын

орталығымен» КММ «Бөбек» шағын орталығы «Балбөбек»

ортаңғы тобы

Тәрбиеші Давлетжанова Шынар



Күні:04.09.2022

Өтпелі тақырып: Балабақша.

Апталық тақырып: Менің Балабақшам

Білім беру саласы:Әлеументтік

Оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Менің балабақшам

Мақсаты:Балаларға балабақша туралы түсініктерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері:Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Мотивациялық қозғаушы.

Шаттық шеңбері:

Бала, бала,баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз

Сәлеметсіндерме,балалар.Мен бүгінгі тақырыбы шығу үшін сендерге жұмбақ жасырамын.

Балалар сендеп күнде таңертеңгісін қайда келесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар,күнде сендер бөбекжайға келесіңдер.

Ал балалар сендер бөбекжайда сендер не істейсіңдер?

Балабақша сендерге ұнайма?

Балалар біз балабақшаға келіп жүрген кезде қандай оқу қызметін өттік?



Сурет салдық.мүсіндедік,геометриялық пішіндермен таныстық,санауды үйрендік ,әртүрлі ойындар ойнадық,ән айтып,би билеп үйрендік.

Балалар бізге қонаққа Дімбілмес келіпті.





Дімбілмес: Балабақша деген не?Балабақшада біз не істейміз?Балабақшада кімдер істейді?Ден шынықтыру залында біз не істейміз? Ән сабағында біз не үйренеміз?

Дімбілмес сен бізбен бірге қал.Біз саған түсіндіреміз.

Бөбекжайдың есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз

Бұл- екінші үйіміз

Бір туғандай бәріміз

Біз -осы үйдін гүліміз

Біз-осы үйдің сәніміз.

Дымбілмес біз күнде таңертнеңгісін бөбекжайға келеміз

Бөбекжай дегеніміз мектеп жасына дейінгі баларды тәрбиелейтін орын.

Біз апаймен бірге сурет саламыз,ойнаймыз,құрастырамыз,мүсіндейміз.

Дімбілмес Балабақша ішіне саяхатқа барайық.

Мына суретте нені көріп турсыңдар?Дұрыс балабақшаны көріп тұрмыз.

Мына суретке назар аударайық,нені көріп тұрсыңдар?Дұрыс айтасыңдар ойын бөлмесін балабақша ішіндегі топ бөлмесі.

Келесі бұл қандай бөлме?Дұрыс айтасыңдар,асхана бөлмесі.Асханада не істейді?Кімдер жұмыс істейді? Дұрыс айтасыңдар,асханада аспазшы апайлар тамақ пісіреді.

Іш ауырса,тіс ауырса кім көмекке келеді? Дұрыс бізге дәрігер апай көмекке келеді екен.

Келесі суретке назар аударайықшы бұл бөлмеде ән айтуды,би билеуді үйренеді екенбіз.Ол музыка бөлмесі.





Денемізді қыздырып,түрлі жаттығулар жасап, қимылды ойындар ойнап,жарысамыз бәріміз.Бұл спорт бөлмесі екен.

Балалар біз балабақшада қандай бөлмелер бар екенін,балабақшада кімдер қызмет атқаратынын білдік.

Балалар мен сендерге балабақша туралы өлең оқып беремін сенлер жатап алыңдар.

Көп өнеге үйретеді

Ән салып,билетеді

Денемізді шынықтырып

Ұйықтатады тынықтырып

Балабақша жібереді

Үйімізді ұмыттырып. (балаларға жаттатыру)

Балалар мен сендерге балабақша туралы жұмбақ жасырам

Білімнен мол сый-асы

Балалардың ұясы (Бөбекжай балабақшасы)

Балаға жанашыр

Мейірман кім, жаны асыл?(Тәрбиеші)

Жіп-жіңішке денесі

Ортасында шегесі (Қарандаш)

Сергіту сәті.

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Рефлекция-түзетушілік

Дымбілмес: Балабақша маған ұнады.Мен сендермен қоштасамын. Сауболыңдар,балалар.Қортындылау,мадақтау.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:Балабақша ішіндегі бөлмелерді онда жұмыс істейтін қызметкерлердің қызметін

Игереді:Асхана,ойын бөлмесі,музыка бөлмелері жайлы

Меңгереді:Балабақша бөлмесінде,аулаларда еркін бағыт бағдар жасауды,заттарды дұрыс қолдана білуді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2022
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі