жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Менің балам»
«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Абдуллаев
Психологиялық тренинг
Тақырыбы:
«Сіз балаңызды түсіне аласыз ба?»
Мерзімі: 9.04.2018 жыл
Өтілетін орны: Акт залы
Уақыты: 10:00
Семинарға қатысушылар: Жетісай өңірі мектептерінің педагог-психологтары, Оқушылар, Ата-аналар
Педагог-психолог: Ұ. Имашова
Тексердім Д.Т.І.Ж.О: Ы. Жаңабаева
«Сіз балаңызды түсіне аласыз ба?»
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әр отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. Ата-аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы- баласы екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Үлкен ақ жүрекше, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздер, отбасының суретін салу, майшам, сүт, ас содасы,уксус т.б
Тренингтің барысы:
Психологтың сөзі: Құрметті ата-аналар ! Бүгінгі «Сіз балаңызды түсіне аласыз ба?» атты тақырыптағы тренингке қош келдіңіздер!
Ал енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз, Мен сіздерге тренинг басталмас бұрын жүрекшелер тарқатамын. Сол жүрекшелерге сіздер балаңызға деген бір ақ тілегіңізді жазуларыңыз керек. Қазір сол жүрекшелеріңіз дайын болса , мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп , ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.
Танысу тренингі: «Менің анам – ол...», «Менің балам-ол...» сөйлемін аяқтау.
Тәрбие жайлы ата-аналарға түсінік беру: Тәрбие ешқандай үзіліс , демалыс дегенді білмейді. «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның үстіне шимақты қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең , ол солай тәрбиеленеді»- деген сөз. Осы дана сөзге байланысты мен сіздерге қарапайым ғана тәжірибе көрсетейін. Мысалы, мынау ыдыстағы сүт, бұл аппақ, таза. Бала туылғанда осы сүттей ақ, кіршіксіз, таза болып дүниеге келеді. Балабақшаға барады, мектепке барады. Мектепке барған кезде біз балаға олай жасған дұрыс емес деп көптеген тиымдар жасаймыз. Осы сөздерді мына ас содасы ретінде алайық. Сүтке ептеп себейік , ешқандай өзгеріс байқалмады. Енді баламызды біртіндеп жоғары сыныпта оқи бастағанда , біз бұданда жиірек , көптеген нәрселерді жасауға болмайды деп, көп нәрселерден шеттете бастаймыз. Мысалы, сабағыңды оқы, ҰБТ-ны жақсы тапсыруың керек , қайтсеңде жоғары балл жинауың керек деген сияқты сөздермен баланың мазасын алып, жалықтырамыз. Сөитіп, бала жаңағыдай сөздерден жалығып , шаршайды. Ал, біз бұл сөздерді «уксус» ретінде алайық. Енді оны сүтке тамызып көрейік. Сүт көпіріп , ыдыстан асып-тасып төгіледі. Бала сол сүттің реакциясы сияқты әрекетке баруы мүмкін. Бұл әрекетті психологияда «Стресс» деп атайды.
2. Сұрақтар «Менің балам»
- Бала мен ана арасындағы байланыс қандай болу керек?
- Балаңыздың бойындағы басымды екі жақсы, екі жаман қасиетті айтыңыз.
- Балаңызды қандай құсқа немесе жануарға теңер едіңіз? Неліктен?
- Балаңызды қандай гүлге теңер едіңіз? Неліктен?
- Балаңыздың үйде емтиханға дайындалуына үйде қандай жағдайлар жасайсыз.
- Балаңыз өз мамандығын жан қалауы бойынша таңдап отыр ма,әлде жанұя ықпалы ма?
3.«Қолынан таны» жаттығуы:
Мақсаты: Бала мен ата-ана арасындағы жағымды қарым-қатынасты орнату.
Нұсқау: Ата-аналардың көздерін орамалмен байлап , бір топ баланың ішінен өз баласын қолынан ұстап, анықтауы табуы керек.
Талдау:
-
Өз балаңызды табу сізге қиын болды ма?
-
Балаңызды бірден таба алдыңыз ба?
-
Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз
4. «Темпераментті анықтау» жаттығуы:
Мақсаты: Бала мен ата-ананың арасындағы байланысты анықтау.
Нұсқау: Ата-аналарынан баласының қай кезде туылғанын сұрау арқылы темперамент типін анықтау.
Таңертең туылғандар: «Сангвиник»
Тынымсыз , ширақ, өмірге икемді, көңіл-күйі өзгермелі, ұнаған адамдары мен арласа береді, қимылдары мәнерлі, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң , жаңа дағдыларды қабылдауға шебер.
Ұнамды жақтары – пысық
Ұнамсыз жақтары - тұрақсыз
Түсте туылғандар: «Холерик»
Мазасыз, бір жұмыстан екіншісіне тез ауысады, күйіп пісуге батыл, шыдамсыз, сангвиникке қарағанда икемі кемірек.
Ұнамды жақтары - белсенді
Ұнамсыз жақтары – күйгелек шыдамсыз.
Кешке туылғандар: «Флегматик»
Салмақты, сабырлы, баяу, орынсыз асып-саспайды, дауыс екпіні баяу, асықпай үзілістермен сөйлейді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, тосыннан болған жағдайға икемделуі қиын, өтте қуатты, жұмыстан шаршамайды, жаңа танысқан адамдармен аралаып кете бермейді.
Ұнамды жақтары – ұстамды сабырлы.
Ұнамсыз жақтары – баяу сылбыр.
Түнде туылғандар: «Меланхолик»
Ұйқышыл, нерв системасы әлсіз адам, мінезі тұйық, көзге түсе бермейді, болмашы нәрсеге өкпелейді, болмашы қиындыққа төзбейді.
Ұнамды жақтары - сезімтал.
Ұнамсыз жақтары - тұйық
5. «Сіз қандайсыз?» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналардың және оқушылардың мінездерінің ашық не тұйық екенін анықтау.
Нұсқау: қатысушыларға ақ қағаздар таратылып беріледі. Қағаздарды бүктеп оның бір бұрышын жыртуды ұсынамын. Кейін тағы бүктеп тағы бір бұрышын жырту керек. Солай жалғаса береді.
Қорытынды: қағаздың бүктелген жерлерін ашып , бастапқы қалпына келтіруін сұраймын. Егер қағаздың тек сыртқы жағы жыртылған болса, ол адам өте тұйық. Ал егер тек ортасы жыртылса , онда ол адам ашық мінезді болғаны.
6. Жүректен жүрекке «Майшам» жаттығуы
Мақсаты: Тренинг соңындағы жақсы көңіл –күйді қалыптастыру.
Нұсқау: Бәріміз шеңбер құруға ортаға шығамыз. Бұл жаттығуға көмек ретінде майшамды алып отырамын. Өйткені майшам отбасындағы жылулықты білдіреді. Ал енді бәріміз бір-бірімізге , балаларымызға жылы лебізімізді білдіреміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген