Ата – аналар жиналысы
Тақырыбы: «Менің балам балабақшаға барады: бейімделуге қалай көмектесуге болады»
2025 – 2026 оқу жылы, қыркүйек айы
№8 «Құлыншақ» мектепалды тобы
Мақсаты:
-
Бірнеше топтан келген ата – аналарды өзара жақынырақ таныстырып, мақсаты бір, тілегі бір топ ретінде ұйымдастыру;
-
Топ ата – аналарын ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа баулу;
-
Ата – аналарға балабақша тобында пәндік – дамытушы ортаны дұрыс ұйымдастырып, дамытып отырудың маңызын түсіндіру. Мектепалды тобының балаларына қолдау көрсету, сенім білдірудің, әр ата – ана өз баласын бәз қалпында қабылдап, ешкіммен салыстырмаудың маңыздылығын ұқтыруға тырысу.
Жоспар:
-
«Визитка» атты технологиялық ойыны.
-
«Вперёд» мультфильмінен үзінді көрсету. Ақ парақпен мысал келтіру.
-
«Балабақшада пәндік – дамытушы ортаны дамыту» тақырыбында баяндама.
-
«Ұшақ» рефлексиясы.
Барысы:
І.
- Қайырлы күн, құрметті «Құлыншақ» тобының ата – аналары! Бүгінгі кездесуімізге қош келдіңіздер. Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Өзімді тағы бір мәрте таныстырып өтуіме рұқсат етіңіздер. Аты – жөнім: Тусипжанова А.Т. Еңбек өтілім 19 жылдан асты. Өз мамандығыма саналы түрде келдім, және осы бағытта дамып, білімімді жетілдіруден шаршамайтын, ізденімпаз педагогпын.
- Ал, енді Сіздермен жақынырақ танысу үшін «Визитка» деп аталатын технологиялық ойын ойнауды ұсынамын. Ойынды бастамас бұрын бір – бірін басқа топтан бері білетін ата – аналар қатар отырып қалмас үшін араласып отыру керекпіз. Ол үшін мен қазір музыка қосамын, біз араласып жүріп билейміз, музыка тоқтағанда қай жерде кіммен тұрсақ, сол жерде сол ата – анамен жұптасып отырамыз.
І тапсырма
- Біз қазір Өзімізге визитка жасайтын боламыз. Ол үшін, әдемі жазумен, тырысып Өзіміздің есімімізді жазамыз. Бірақ, құжаттағыдай емес, Өзімізге ұнайтын атымызды жазамыз. Мысалы: әкеміз , анамыз, жолдасымыз, досымыз, әріптестеріміз айтатын жағымды, бізге ұнайтын атымызды жазамыз.
- Енді, өзіміздің жұлдыз жорамал бойынша кім екенімізді жазамыз.
- Өзіңіздің сүйікті 1 тағамыңызды жазасыз.
- Өзіңізге ұнайтын, сүйікті геометриялық пішініңізді жазыңыз.
- Кез – келген сүйікті табиғат құбылысын жазыңыз (мысалы: жаңбыр, найзағай, қала, тау т.с.с.)
ІІ тапсырмасы
- Енді көршімізбен визиткаларымызбен ауысамыз. Оқып шығамыз, енді бір – біріміздің көзімізге тура қарап, осы кісіге қарағанда Сізде қандай ассоциация туындағанын, дәп сол кісінің визиткасына жазыңыз. Тағы бір рет рандомды түрде кез – келген танымайтын ата – ананың жанына отырамыз. Енді визитканың иесі өзі туралы не жазғанын оқимыз. Бөтен адамның ол кісі туралы жазғанын оқимыз, бірақ әлі түкте жазбайсыз. Бір – біріңіздің көздеріңізге үңіліңіздер. Қарадық па? Енді, әркім өз жұбына жарнама жасау керек, қысқа да нұсқа.
Қорытынды: өзіміз туралы жазғанда, біз біраз ойланып қаламыз, Өзімізді мақтаған кезде басында біраз ұялу болады, мә расымен мен сондаймын ба деген бір жақсы сезім пайда болады иә? Өзге адам туралы жазғанда, ол адам туралы көп жақсы бірдеңе жазып, дөп түскіңіз келеді. Расымен тура сәйкес келеді ме екен деп біраз қобалжимыз. Таныс емес адамды таныстырғанда күшті бір фишкасын айтып, басқа адамдарға өтетіндей жарнамалағыңыз келеді. Ал, шынына келсек, барлығы Біз ойлағандай күрделі емес. Сіздердің барлықтарыңыз әртүрлісіздер! Сіздердің бойыңыздағы қасиеттеріңіз бен қабілеттеріңіз де әртүрлі, және осы қасиеттеріңіз Сіздерді бір біріңізге ұқсамайтын, өзгелер үшін қызықты, қайталанбайтын тұлға етеді. Дәл Сіздер мен Біздің балапандарымыздай. Әр ата – ана қандай қайталанбайтын бірегей тұлға болса, балаларымыз да дәп сондай қайталанбас тұлға. Тіпті, бір үйдегі балалар да бір – біріне мүлдем ұқсамайтын, қайталанбас, бірегей (уникальный) болады.
ІІ.
-
Мен Сіздерге «Вперёд» деген мультфильмінен үзінді көруді ұсынамын.
Қорытынды шығару: мульфильмде ересек адамның балаға деген сенімінің қаншалықты маңызды екенін байқауға болады. Біздің балапандарымыз биылдан бастап мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері болды. Бұл дегеніміз, осы 2025 – 2026 оқу жылы балалар үшін де, Сіздер мен Біз үшін де өте маңызды, жауапкершілігі мол жыл болмақ. Балалар оқуға, жазуға, санауға үйреніп, 1 сыныпқа дайын болып шығуы керек. Осы жолда балаларымызға сенім білдіріп, мықты қолдау көрсету өте маңызды.
-
Менің қолымда аппақ парақ. Бұл ақ парақ біздің балаларымыз деп ойлайық. Дәл балаларымыз сияқты пәк, таза, кез келген ақпаратты қабылдауға, оны басқалармен бөлісуге дайын, бұл параққа не жазсақ та кейін оқи аламыз. Ал, парақты бүктеген сайын сызат түсе береді. Кейін тіпті умаждалып қалады. Умаждалған қағаздан енді біз бірдеңе оқи аламыз ба? Міне қолдау көрсетпей керсінше, «Сенің қолыңнан түк келмейді! Жаза алмайсың! Оқи алмайсың! Бәленбайды қараш, ол былай істей алады, ал сен де сондайсың бірақ, дәл сол сияқты істей алмайсың!» деген сайын баланың жүрегі жараланып, көңіліне қаяу түсіп, травма ала береді, сосын дәл осы умаждалған қағаздай жабылып қалады, сосын Сіздерге ашылып ештеңе айтпайтын болады, Сіздер де осы қағаздан қалай ештеңе оқи алмайсыз дәл солай балаңыздан да ақпарат ала алмайтын болып қаласыздар. Тіпті, кейін бұл парақты жазсақ та , ол бұрынғыша түп – түзу бола алмайды, сызаттары жазылмайды.
-
Бұл , умаждалған парақты жазып қасымызға қойып қояйық. Жиналыс соңына дейін сақтаймыз.
ІІІ.
«Менің балам балабақшаға барады: бейімделуге қалай көмектесуге болады» тақырыбында баяндама.
Алдымен бейімделу процесінің маңызы жайлы тоқталып өтсем. Бала үшін балабақшаға барып үйрену — эмоционалдық, әлеуметтік және күнделікті дағдылардың қалыптасуының маңызды кезеңі. Тұрақты қатысу, ата ‑ ана мен тәрбиешінің өзара түсіністігі және алдын ала дайындық осы процесті жеңілдетеді. Үйдегі дайындық шараларының маңызды тұстары төмендегідей. Алдымен отбасы күн тәртібін балабақшадағы тәртіпке сай біртіндеп реттейді. Ұйқыға жату, таңғы тұру, тамақтану және сыртқа шығу уақыты балабақша тәртібімен ұқсас болуы керек. Баламен «балабақша ойынын» ойнап, таңертеңгі дайындық пен қоштасу сәтін тәжірибелеуге болады. Баланың сөмкесін, киімін өзімен бірге таңдату арқылы балаға шешім қабылдауға мүмкіндік беру сенімділігін арттырады. Қоштасу ритуалын жасаңыз және оны қысқа әрі тұрақты етіңіз. Мысалы, бір құшақ және жылы айтылған қоштасу сөзі баланы сенімділік ұялатады. Ересек топтан мектепалды даярлық тобына ауысу маңызды кезең. Мектепалды даярлық тобының талаптары да, күн тәртібі де өзешелеу, сондықтан үйде қысқа дайындық жаттығуларын жүргізу қажет. Ойын арқылы оқуға, тыңдауға және орындауға дағдыландыру қажет. Баланың өзін ‑ өзі басқару дағдыларын дамытуға көңіл бөлу керек: өз заттарын жинау, тапсырманы бастан аяғына дейін жеткізу, кезекті күту сияқты дағдылар мектепке дайындыққа тікелей әсер етеді. Ата ‑ аналардың жауапкершілігі және балабақшаны себепсіз босатпау мәселесіне ерекше тоқталамын. Балабақшаға тұрақты қатысу баланың қауіпсіздік сезімін қалыптастырады және әлеуметтік қарым ‑ қатынастарды тұрақты түрде дамытуға мүмкіндік береді. Себепсіз келмеу баланың күн тәртібіне, достарына және тәрбиешісіне деген сенімін әлсіретуі мүмкін. Ата ‑ аналар балабақшаны босатқан кезде нақты себепті алдын ала хабарлауы қажет. Ауруы немесе басқа жағдайда тиісті құжаттар мен хабарламалар арқылы тәрбиешіге мәлімдеу маңызды. Отбасылық жағдай туындаған кезде тәрбиешімен ашық сөйлесіп, баланың күн тәртібіне әсерін азайтатын шешімдер қабылдау керек. Бейімделу кезінде тәрбиешілермен тығыз байланыс орнату керек. Тәрбиешіге баланың күнделікті жағдайы туралы қысқаша хабарлама беру, тәрбиеші ұсынған кеңестерді үйде жалғастыру, және баланың прогресін бірлесіп талқылау бейімделуді жеделдетеді. Егер екі аптадан артық уақыт бойы балада қатты стресс белгілері сақталса, тәрбиешімен және қажет болған жағдайда балабақша психологымен кеңесу керек.
Баяндама қорытындысы ретінде айтарым. Бала бейімделу процесі — ата‑ана мен тәрбиешінің бірлескен жұмысы арқылы оң нәтиже береді. Тұрақтылық, алдын ала дайындық, жылы қоштасу және тәрбиешілермен сенімді байланыс — ең негізгі басымдықтар. Балабақшаны себепсіз босатпауды қатаң сақтай отырып, жағдай болғанда тәрбиешіге уақтылы хабарлау арқылы біз балаларымыздың қауіпсіздігі мен дамуына жағдай жасаймыз.
ІV.
Әртүрлі мәселелер.
V.
«Ұшақ» рефлексиясы.
-
Сіздердің алдарыңызда ақ парақ жатыр, балығымыз бірге ұшақ жасаймыз. Енді, дайын ұшақтарымызды межелі сызықтан асырып ұшыруларыңызды өтінемін.
Қорытынды: әрқайсымыздың қолымыздағы ұшақтарымыз, ол біздің балаларымыз. Оны біз өз қолымызбен жасадық, және қаншалықты биік, қаншалықты алысқа ұшыратынымыз да өз қолымызда. Ал, енді, жанымызда умаждалып жатқан келесі бір қағазға қарайықшы. Қарадық па? Ұстап көріңіздер. Осы қағаздан ұшақ жасай аламыз ба? Жасасақ та, ол жақсы ұша алады ма? Жоқ! Міне сол себептен, балаларымызға мейлінше сабырлық танытып, мейірімге бөлеп, сенім білдіріп, қолдап отырайық. Осымен жиналысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысым шексіз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің балам балабақшаға барады: бейімделуге қалай көмектесуге болады»

шағым қалдыра аласыз