Материалдар / Менің бақшамдағы көкөністер мен жемістер»жаратылыстану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің бақшамдағы көкөністер мен жемістер»жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиеші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
1198
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Айналайын» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 02.09.2020

Тәрбиеші:Жолмаганбетова Д.Т

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Денешынықтыру

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Кілем бойымен жүру»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Допты кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру

Дамытушылық: Балаларды сыңарымен жүгіруге жаттықтыру

Оқыту: Тепе теңдік сақтап жүруге,ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Педагогикалық технологиялар: көрсету, түсіндіру,денсаулық технологиясы ойын тех

Ресурсты қамтамасыз ету: доптар, қапшықтар, тақтай және т.б. ойынға қажетті заттар.

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

қ/о: «кім биік допты лақтырады»

Балалардың қолдары төмен,қолды алға,артқа созу.

Аяқ иық деңгейіне қояды,белге қойып енкею

Отырып тұру

 Балалар, мен сендерді алыстан іздеп келе жатырмын. «Айгөлек» тобының балалары жаттығуды жақсы жасайды, сымбатты деп естідім. Мен де сендер-мен бірге жаттығу жасап үйренейінші. Өзіммен бірге көп доптар алып келдім.

3. Түрлі жүріс түрлерін жүргізу

а) Біз көңілді баламыз

Жаттығуды жасаймыз,

Денені тік ұстаймыз

ә) Түзу болсын арқамыз,

Өкшемізбен жүреміз.

б) Аяқтың ұшымен де

Жүруді біз білеміз.

в) Жүгіреміз ирек жолмен

Адаспай бір-бірімізден


2.Негізгі бөлім: 1. Допты қос қолдап торға лақтыру.

(Белгілен жерден дәлдеп, қос қолмен ұстаған допты лақтыру).

2.Кішкентай қапшықты төбесіне қойып, тақтай үстімен жүру.

Ойын: «Асықты жинау»

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.




3.Қорытынды. Жалпы дамытушылық жаттығулар

Тәрбиешінің белгісімен жаттығуларды орындайды.



Айналайын» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 02.09.2020

Тәрбиеші:Жолмаганбетова Д.Т

Білім саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Менің бақшамдағы көкөністер мен жемістер»


Мақсаты:

Тәрбиелік: бау-бақша өнімдерімен таныстыра отырып, ата-аналар еңбегін атау

(Қияр, қызанақ, алма, алмұрт

Дамытушылық: Жемістер мен көкеністерді айыра білуге үйрету

Оқыту: жемістер мен көкеністер кайда өсетіні туралы білімдерін кеңейту

Педагогикалық технологиялар: көрсету, түсіндіру,денсаулық технологиясы ойын тех

Ресурсты қамтамасыз ету: доптар, қапшықтар, тақтай және т.б. ойынға қажетті заттар.

Сөздік жұмысы: Алма, алмұрт қияр қызғанақ қырыққабат сәбіз

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл-қозғалыс жасайды.

2.Негізгі бөлім: Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта». Тәрбиеші балаларға «Ғажайып қалта» ойнын ойнауды ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көкөністер мен жемістер болады. Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып көкөніс не жеміс екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.

Алисултан сенің қолыңда не?

Алма жеміспе әлде көкеніспе?

Дәмі қандай?

Түсі қандай?

Деп ойынды жалғастырады.

Дыбыстық жаттығу жасату. Ті-ті- тәтті.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп ,

Алма ағашындай жайқалып ,

Әдемі болып өсеміз.

1. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді.

Балалар мұқият тыңдайды.

Алма

Жеміс

Тәтті

Қызыл

3.Қорытынды. Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.

Сұрақтарға жауап береді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!