Күні: 22.11.2023
Тәрбие сағаты: «Менің бизнес идеяларым»
Мақсаты: Оқушыларға іскерлік, кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес бастауға үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру.
Құндылық: Ұлттық мүдде
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік сабақ.
Ұйымдастыру: Сыныпты 4 топқа бөлу. Әр топ – 6 оқушыдан тұрады.
1-топ: «Илон Маск» тобы
2-топ: «Билл Гейтс» - тобы
3-топ: «Уоррен Баффет» - тобы
4-топ: «Беттанкур-Майерс» - тобы.
Сынып жетекші: Саламатсыздар ма ұстаздар мен оқушылар! «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша «Ұлттық мүдде» ұлттық құндылығы, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы, «Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу» индикаторы аясында өткелі тұрған «Менің бизнес идеяларым» атты сыныпішілік ашық сабағымызға қош келдіңіздер!!!
Сынып жетекші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев қырүйектегі жолдауында Бесінші болып «Орта кәсіпкерліктің дамуын жеделдету керек. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан экономиканың орнықты әрі әртараптандырылған негізі. Бірақ бұл бағытта шұғыл шешуді қажет ететін проблемалар қордаланып қалған. Жалпы алғанда, Қазақстанда шағын және ірі бизнес үшін өте жақсы жағдай жасалған. Ірі бизнес орнықты дамып келеді және табысы мол. Ол үшін мемлекеттік саясат қолданыстағы ережелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі, фаворитизм мен бәсекеге қабілетсіз тәжірибелердің болуына жол бермеуі маңызды. Иә, соңғы 7 жылда ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді. Осы орайда орта кәсіпкерлік тек 0,5 пайызға өсіп, экономикадағы үлесін 5 пайыздан 6,2 пайызға дейін арттырды» делінген. Құрметті қонақтар және оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сабағымызға Ақтөбе қаласы бойынша кәсіппен айналысып, елге пайдасын тигізіп, xалқын жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген бірқатар КәсіпКерлер ортамызда. Таныстыруға рұқсат беріңіздер. 1. «Abyz group» компаниясының директоры – Абыз Берик Ілиясұлы
2. «Бала массажисті» «Фейс массажисті», медбике – Қарағұл Самал Сайлаубекқызы
3. «Айназ» food кәсібінің директоры Қайрошов Шыңғыс Мұратұлы
4 .
Келген қонақтармен танысу мақсатында видеороликтерге назар аударайық.
-
«Abyz group»
-
«Бала массажисті» «Фейс массажисті»
-
«Айназ» food .
-
Ендігі сұрақ қонақтарға. Бұның бәрі қалай басталды? Оқушыларға мотивация болсын деп бизнестеріңіздің бастамасы қалай басталды?
-
Неге осы кәсіпті таңдадыңыздар?
-
Бизнеске дейінгі және бизнестен кейінгі өмірлеріңіздегі өзгерістер?
Көріп тұрғандарыңыздай сынып төрт топқа бөлулі тұр.
1-топ: «Илон Маск» тобы
2-топ: «Билл Гейтс» - тобы
3-топ: «Уоррен Баффет» - тобы
4-топ: «Беттанкур-Майерс» - тобы.
Сіздерге танымал есімдер деп ойлаймын. Қосымша ақпаратпен бөлісуге рұқсат берсеңіздер.
-
Илон Маск. Байлығы: 278,4 млрд доллар
Табыс көзі: Tesla, SpaceX
Жасы: 50
Азаматтығы: АҚШ. канадалық-американдық инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор; миллиардер.
-
Билл Гейтс
Байлығы: 133,7 млрд доллар
Табыс көзі: Microsoft
Жасы: 66
Азаматтығы: АҚШ. Microsoft негізін қалаушы белсенді кітап оқушы және кітап жазушы.
-
Уоррен Баффет
Байлығы: 125,1 млрд доллар
Табыс көзі: Berkshire Hathaway
Жасы: 91
Азаматтығы: АҚШ. ең табысты және танымал американдық инвесторлардың бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар есебінде — Forbes тізіміндегі екінші адам.
-
Беттанкур-Майерс - 2021 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша Франсуа Беттанкур Майерстің байлығы 86 миллиард доллардан асады , ол негізінен халықаралық танымал сұлулық атауының негізін қалаушы атасы Эжен Шуэллерден мұраланған. Франсуа Беттанкур Майерс - француздық миллиардер мұрагер және еврей-христиан қарым-қатынастары туралы Киелі кітапқа түсініктемелер мен еңбектердің авторы. Оның отбасы L'Oréal компаниясына иелік етеді және анасы Лилиан қайтыс болғаннан кейін ол L'Oreal байлығын мұра етті .
-
Құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі оқушылармен қатар топқа бөлгім келіп тұр.
1-топ: «Илон Маск» тобы - Берик мырза.
2-топ: «Билл Гейтс» - тобы – Шыңғыс мырза.
3-топ: «Уоррен Баффет» - тобы -
4-топ: «Беттанкур-Майерс» - тобы. - Самал ханым
Әр топқа тапсырмалар: «Адасқан әріптер» Бизнеске тән сөз тіркестерін дұрыс құрастыру.
-
ТРЕКШН - белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.
-
Экзит – компаниядағы үлесті сату.
-
Бартер - Затты, тауарды немесе малды ақшасыз тең құнына баспа-бас алмастыру жүйесі; баспа-бас айырбас
-
Активтер - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар түрлері.
-
Келесі тапсырма топтарға: Әр топқа белгілі бір қаражат беріледі. Сол қаражатқа бизнес құрастыру. Яғни идеясын сол суммаға жоспарлау.
-
Келген қонақтарға сөз беріп, алғыс хатпен марапаттау.
Рефлексия: Стикерлерге сынып сағаты жайлы пікір білдіреді.
-
Сынып жетекші: Құрметті қонақтар бүгінгі ашық сынып сағатына өз уақыттарыңызды бөліп, оқушыларға мастер класс беріп , бизнес туралы батыл қадамдарыңызбен бөліскендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Оқушылар сіздерге де көп көп рахмет белсенді болып қатысып отырғандарыңызға, болашақта заң саласы мен қатар алып жүретін бір бір үйдің ,елдің құрметті бизнесмендері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
-
Бүгінгі ашық сабағымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет.
Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназия

«МЕНІҢ БИЗНЕС ИДЕЯЛАРЫМ»
Сынып: 8 «Ә» кадет сыныбы
Сынып жетекшісі: Жанаева Нұргүл Өтегенқызы
Ақтөбе 2023 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің бизнес идеяларым" тәрбие сағаты 8 класс

шағым қалдыра аласыз