400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында құнды қасиеттерін анықтау үшін жүргізілетін тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің бойымдағы құнды қасиеттер»

тренинг сабақ


Мақсаты: оқушылардың бойына құнды қасиеттерді қалыптастырып, жағымсыз қасиеттерден арылуға үйрету.

Барысы:

  1. «Танысу» тренингі

  2. «Менің қасиеттерім қандай?» тесті

  3. «Мен кіммін?» жаттығуы

  4. «Құпия сурет» жаттығуы

  5. «Ашулы шарлар» жаттығуы

  6. «Жасырынғанды тап» ойыны

  7. «Қанадай жануарды бірінші көрдіңіз?» мінезді анықтау тесті.

  8. Қорытынды


  1. «Танысу» тренингі.

Мақсаты: өзін таныстыру жеке бойында ерекшеленіп тұратын қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Мазмұны: әр қатысушы өз есімін бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айтуы қажет. Мысалы: Айжан – «А» әрпі бірінші әріп (соған байланысты қасиет: ашық, ақжарқын, ақылды, арманшыл), талдап өз ішінен тек біреуін өзінің бойында аңғаруға болатынын ғана есімімен қоса айтуы керек. Мен, Айжан ақкөңіл қызбын.

  1. «Менің қасиеттерім қандай?» тесті.

Мақсаты: оқушылардың бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді диагностикалау.

Мазмұны: Оқушы парақты тігінен қойып, бірінші өз бойындағы ұнайтын, екінші азырақ ұнайтын, үшінші ұнамайтын, төртінші ұнайтын не ұнамайтын қасиеттерді бір-бірден жазады.

Жауабы:

1-жолға жазылған қасиет өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны жетілдіруге, арттыруға ұмтыламыз.

2. Өзімізде бар деп есептейміз, яғни түсінеміз.

3. Басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығын білдіреді, ел көзіне біз осылайша көрінеміз.

4. Біз неден қашқақтайтынымызды білдіреді, тұла боймызды бұл қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.

  1. «Мен кіммін?» жаттығуы

Мақсаты: оқушы өзін қалай қабылдайтынын ұғындыру, өз-өздерін жақсы көруге үйрету.

Мазмұны: параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.

Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.

10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.

20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.

Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен оқушымын, мен қызбын немесе ұлмын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда?

Біз күнде өзімізді мен оқушымын немесе ұлмын, қызбын деп қабылдап қана қоямыз. Бірақ біз өзіміздің жақсы қасиеттерімізді еске түсіріп, өзімізді жақсы көріп жүруіміз керек екендігімізді ұмытып кетеміз. Егерде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлға болсак, онда барлық әлем бізді жақсы көретін болады. Әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың жақсы қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көрулеріңіз керек.

  1. «Құпия сурет» жаттығуы

Мақсаты: жамандықтан бұрын жақсылықты аңғаруға талпындыру.

Мазмұны: Біз нені байқап тұрмыз?

Ақ кеңістікті көрмей, көбіміз қара нүкте тұр деп жауап береміз. Ақты аңғармай, қараны тез қабылдаймыз. Адам бойынан әрдайым кез-келген жағдайда жақсыны таба білуден гөрі, адамның кемшілігін көру жеңіл. Менің Сіздерден сұрайтыным, ешқашан адамды дәлелсіз жазғырып, оның жағымсыз қасиеттерін бірінші аңғармай, одан да жақсылығын көруге тырысайық. Ешкімнің сыртынан жаман сөйлемейік.

  1. «Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың бойындағы жағымсыз қасиеттің, яғни агрессиялық мінез-құлықтың зиянын көрсету және сезіндіру.

Мазмұны: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады. Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа- адам сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- 
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
- Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

  1. «Жасырынғанды тап» ойыны.

Мақсаты: оқушыларды бір-бірін қолдауға, қиын жағдайда қалған жанға көмектесудің қаншалықты маңызды екенін көрсету.

Мазмұны: үш оқушы есік сыртына шығарылады. Тренинг жүргізуші бір затты көрінетін жерге қояды. Бірінші оқушы кіргенде «біз бір затты жасырдық, сен сол затты табуың керек» деп нұсқау беріледі. Оқушы затты іздей бастаған кезде «сен ол затты таба аласың», «сенің қолыңнан келеді» деп басқа қатысушылар қолдау көрсетеді. Екінші қатысушы келгенде, тек «біз бір затты жасырдық, сен сол затты табуың керек» деп нұсқаулық беріледі. Бірақ оқушыға ешкім мән бермей отыра береді. Үшінші қатысушы келгенде затты қиынырақ жерге жасырып, оған нұсқаулық беріп, қатысушылар «сен таба алмайсың», «сенің қолыңнан келмейді» деген сөздер айтады.

Қорытынды: егер де біз бір-бірімізді қолдасақ, бір-бірімізге жақсы сөздер айтсақ әрқашанда жетістікке жетеміз.

  1. «Қанадай жануарды бірінші көрдіңіз?» мінезді анықтау тесті.

Мақсаты: оқушылардың бойындағы доминант мінезді анықтау.

  


Таңдаған жануарыңызға берілген ақпаратқа байланысты өз мінезіңізді бағамдап көріңіз.
1. Құлын
Егер сіздің таңдауыңыз құлынға түссе, сіз амбициасы зор адамсыз. Сіз еркіндікті сүйесіз және кез келген уақытта өзіңізді еркін ұстай аласыз. Сіз жұмыс пен төбелестен қашпайтын жансыз. Сіз өте үлгілі әрі адал жансыз.

2. Тауық
Егер сіздің алғаш көрген жануарыңыз тауық болса, сіз өте табанды жансыз. Себебі тауық өте жылдам, ақылды әрі түрінің мейірімділігіне қарамастан өте қауыпті құс.
3. Шаян
Егер сіздің таңдау шаянға түссе сіз сырты суық, іші жылы адамдар санатындасыз. Шаяндар өте келісімге келгіш жануарлар. Адам пайдаланудан адасыз.
4. Дәуіт
Егер сіздің таңдауыңыз дәуітке түссе сіз өте шыдамды жансыз. Сонымен қатар, сіздің инстингіңіз жоғары дамыған. Өз жолыңыздан тайынбай, қалаған дүниеңізге қол жеткізуден тайынбайсыз.
5. Қасқыр
Қасқыр сияқты көптің ішінде даралануды білесіз. Сіз қай топтың ішінде болсаңызда өзіңіздің меніңізбен ерекшеленіп тұрасыз.
6. Ит
Егер сіздің көзіңізге ит түскен болса, сіз таңдауына адал, алған бетінен қайтпайтын адамысз. Достығыңыз мәңгілік, қорғаушылығы бір төбе ерекше жаратылыссыз.
7. Бүркіт
Егер сіздің таңдауыңыз бүркітке түссе сіз табанды жансыз. Сіз алған мақсатыңыздан ешқашан бас тартпайсыз.
8. Көбелек
Таңдауыңыз көбелек болса, сіз болашағы зор адамысыз. Себебі қандай мәселеге де төселуге ыңайлы, позитивті жарқын жансыз.
9. Көгершін
Адалдық пен татулық мандаты. Таңдаыңыз көгершінге түссе, сіз адал, сабырлы, тыныштық пен келісімді сүйетін, канфликті ортадан қашатын жансыз.


Қорытынды: оқушылар тренинг сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің

педагог – психологы Токбулатова Гулнур Абилкасымовна


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
2227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі