Материалдар / Менің болашақ мамандығым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің болашақ мамандығым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің болашақ мамандығым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2023
212
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып:5»А»

Мерзімі:30.01.2023ж

Сабақтың тақырыбы: «Өнегелі ұрпақ- ұлт мақтанышы»

Жер бетін қанша ұлт мекен етсе, соның әрбірінің ұрпақ тәрбиесінде ұстанатын өзіндік ерекшеліктері мен қағидалары бар. Әрине, бала – ата-ананың көз қуанышы, болашағы, жалғасы. Ендеше, дүниеге келген әр баланың тәрбиесі әке-шешенің назарынан тыс қалмауы керек. Ежелгі ата-бабаларымыздың санаға сіңірген тәлім-тәрбиесін педагогика ғылымында да, күнделікті тұрмыс-тіршілікте де естен шығармағанымыз абзал.


Осы ретте қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының сөзі еске түседі. Даңқты батыр былай деген еді. «Қай ұлттың болмасын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан-дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төл белгілері. Олар – бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ел болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр өзінен өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп, сақтап та бермейді. Халықтың өз бет-бейнесінен айрылуы не сақтап қалуы – әрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты».

Біз жаңа өмірге талпынып жатқан қазіргі уақытта Бауыржан бабамыздың осы аталық сөзін әр шаңырақтың төріне көрнекті етіп жазып, іліп қоюымыз керек. Өйткені, аласапыран дүние дүрмегіне ілескен бүгінгі заманда біз ұлттық құндылықтарымыздың күретамырынан бірте-бірте алшақтап барамыз. Ал, тамырынан ажыраған өсімдіктің көгеріп жарытпайтыны бесенеден белгілі. 

Бүгінде бала тәрбиесінің босаңсып кеткені соншалық, Батыстың бейәдеп қылықтарына еліктеп-солықтаған ұрпағымыздың бетінен қақпайтын болдық. Жұмысбастылықты желеу еткен кейбір ата-аналар тіптен балаларының немен айналысып жүргенін де білмейді, бақыламайды. Құлақ тыныштығын ойлаған олар әр баласына бір-бір қалта телефон әперіп қойған. Ал, бүгінде әлеуметтік желілерде әулекіліктің неше атасы шығып жатыр. Соларды көріп өскен ұл мен қыз есейгенде кім болып шықпақ? Бұл – бір.

Екіншіден, қазақ «баланы – бастан» дейтін халық еді. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан соң құлша жұмса, он үш жасқа толғанда өзіңмен тең көріп, сырлас» деген тәмсіл де қазақтан қалған. Күні кеше әке-шешелеріміз бізге: «Біреудің ала жібін аттама», «Кісіге қиянат жасама», «Үлкеннің алдын кесіп өтпе», «Нанды баспа», «Нанды жерге тастама», «Айға қарап қолыңды шошайтпа», «Үйге қарап жүгірме», «Керегені керме», «Босағаны оң аяғыңмен атта», «Жағыңды таянба» деп құлағымызға күн сайын құйып отыратын. Сөйтсек, олар бізге жастайымыздан обал-сауапты ұқтырып, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді екен ғой. Қазақта үйге келген кісі қанша асығыс болса да нан ауыз тиіп шығады. Осы бір үзім нан адамдар арасындағы ынтымақ-бірлікті нығайтып, өзара сыйластықты арттырған. Ал, бүгінде қолындағы жарты нанды бөліп жеп жүрген баланы көресіз бе? Жоғарыдағыдай тыйым сөздерді кішкентайынан бойына сіңіріп отырған ата-әжесі болмағандықтан, бүгінгі балалар ұлттық тәрбиенің уызынан қанып іше алмай, дүбәра күй кешіп жүр. Бүгінгі балалар шеше тәрбиесінен гөрі көше тәрбиесін бойларына көбірек сіңіреді. Үлкендер ата-бабалардан мирас болған үгіт-насихаттарды жеріне жеткізе айта алмағандықтан, өзгелердің қаңсығын таңсық қылу бел алып барады.

Иә, бүгінгінің балалары қазақтың ұлттық бояуы қанық, тұнық та тыңдағанда бой шымырлатар әуезді әндерін тыңдаудан қалып барады. Олардың орнына дабыра-даңғазасы көп, айқай-шуы басым, не ән деуге, не сән деуге келмейтін Батыстың қайдағы бір даңғырлақтарына әуес. Өздерін «жас композитормын» деп санайтын әуесқойлардың көңіліне келмесін, қайдағы бір не ұйқасы, не құйқасы жоқ шиқылдақ шырылдауықты ән деп сахнада мың құбылып орындап тұрғандарын көргенде ұлы Абайдың:

Құр айқай бақырған,

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен? – дегені еске түседі.

Осындай не мағынасы, не құлақ құрышын қандырар сазы жоқ «әндер» жастарға қандай тәрбие береді?

Қазақта «уызында жарымаған» деген сөз бар. Бүгінде қарап отырсақ, сол уызға жарымай өскен балалар көптеп өсіп келеді. Өйткені, қазіргі келіндер нәрестесін перзентханадан шыға салысымен жасанды сүтпен қоректендіреді. Сәбиге анасының сүтінен артық ас жоқ екенін ғылым да, дін де мойындайды. Әйтсе де болашағының ұлылығын емес, тәнінің сұлулығын ойлаған келіншектер баласын емізуді хош көрмейді. Дәрігерлер де, психологтар да анасының ыстық құшағында өскен бала мейірімді болады деседі. Өйткені, ана құшағынан дарыған ыстық ықылас оның бойында ұзақ сақталады екен. Өмірге енді ғана келген бала қорғансыз болады емес пе? Оның ең жақын қорғанышы мен қамқоры анасы ғана болғандықтан, сәби шеше құшағында өзін қамсыз сезінеді. Олар есейе келе анасы үшін жанын пида етуге дайын тұрады. Айтқан жерден аулақ, уызға жарымай өскен кейбір ұрпақ еш шімірікпей ата-анасын қарттар үйіне өткізеді. «Заманақыр жастары, қосылмас ешбір бастары. Біріне-бірі қастыққа, қойнына тыққан тастары» деген Абай өлеңі тағы да еске түседі. Бойларында қайраты жоқ жастардың еңбекпен етті ауыртпай, дүние-мүлікті құр тілмен жинап жүргендері де жеткілікті. Көздері күлмеңдеп, қылжақбастанған жастардың түйеден түскендей солақай сөздері де жаға ұстатып жүр. Әрине, мұның барлығы балаға жастай берілмеген тәрбиенің салдары.

Иә, ендігі кезекте бала тәрбиесі босаңсымасын десек, тізгінді тарта ұстағанымыз жөн. Бұл баланы әйтеуір төпелей беру емес, олармен тең дәрежеде сөйлесе білу болса керек. Рас, қазір талантты балалар көп. Олардың ойлап тапқан дүниелеріне таң қаласыз. Робототехника саласында түрлі жаңалықтар ашып жатқан балаларды көргенде мақтаныш сезімі бой кернейді. Алайда, жоғарыда айтқандай әке-шешесінің салғырттығынан самарқау болып қалған жеткіншектер де аз емес. Бүгінгі қоғам самарқаулықты сүймейді. Еті тірі, ширақ та шымыр, тынбай ізденетін, жалқаулықты сүймейтін жеткіншектің болашағы жарқын. Ендеше, әр ата-ана ұрпағының бойына еңбекқорлықты, ізденімпаздықты, білімдарлықты ерте сіңіруі тиіс.




















































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«М. Маметова атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі







5 «А» сыныбы

Сынып сағаты. Тақырыбы.

«Өнегелі ұрпақ- ұлт мақтанышы»



























Өткізген: Хасенова.А



2022-2023 оқу жылы





2022-2023 оқу жылы





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!