400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің болашақ мамандығым» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.09.2024ж Кунанбаева А.Т.

Топ: 5

«Менің болашақ мамандығым»

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Пайдаланған көрнекі құрал: Суретті жұмбақ, А4 парақтар, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салуға арналған музыка.

Барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Қайырлы күн, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

- Жақсы, алдымен экранға назар аударайық, қандай сөз жасырылған табайық. Суреттегі заттардық бірінші әріптерін ғана аламыз. Қанеки кім тапты қандай сөз?

Shape1

  • Өте дұрыс «МАМАНДЫҚ» сөзі

  • Балалар әлемде 40 мыңға жуық мамандықтар бар екен. Жыл сайын бірнеше жаңа мамандықтар қосылып отырады.

  • Қандай мамандықтарды білесіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, есепші, аспаз, сәулетші, дәрігер, заңгер, шахтер,тігінші)

  • Өте жақсы! Балалар, мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсеппаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

  • деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз әртүрлі. Солай ғой?! Әрине,біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы, мұғалім, аспаз, дәрігер боласыңдар. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Сонымен балалар,белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екенін білесіңдер. Сондықтан қазірден бастап жақсы оқып, ізденіп, көп білім алуларың керек.

Сергіту сәті! «Ұлттық аспаптар»

  • Балалар, біздің «Ақ ниет» үйімізде қандай мамандық иелері еңбек етеді? Кім айтып береді? (балалардың жауаптарын тыңдау)

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, бізде медицина қызметкерлері, арнайы сала мамандары, мұғалімдер, тәрбиешілер, аспаздар және де тазалық сақтаушы апайлар еңбек етеді. Әр салада еңбек еткен жандар, балалар сендерге қолайлы жағдай жасап, білім-тәрбие, денсаулықтарыңды түзеуге, әдемі-таза жерде жүрулеріңе еңбек етуде, осыны бағалау, құрметтеу сендердің міндеттерің, солай ғой? Жақсы!

  • Балалар, жұмбақ жасырамын, кім жылдам табады екен!

1.Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді. (мұғалім)

2.Адамның жүзін, Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін, Салатын кім суретін? (суретші)

3.Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. (аспаз)

4.Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын. (шаштараз)

5. Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, ысқырығы күшті адам (полиция)

6. Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты (дәрігер)

- Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар!

Осы мамандықтар арасында таңдау жасау өте қиын екен. Балалар енді көздеріңді бір сәтке жұма отырып «Мен өскенде кім болам? Менің болашақ мамандығым қандай болады»деген сұраққа армандап көріңдерші.

-Мамандық тандау үшін, ең алдымен өзіңнің бейімділігіңді білу тану қажет. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті зейінді болуы керек.

-Сонымен кімнің қандай арманы бар? Болашақта кім қандай мамандық иесі болғылары келеді?

-Өте жақсы балалар сендердің армандарыңның орындалуына тілектеспін.

- Қазір, мен сендерге парақтар таратамын, қарындаштарыңды алып, жаңағы армандаған мамандықтарыңды осы параққа түсірсеңдер. Сурет саламыз.

- музыканы ести отырып арманымызды параққа түсірейік.

Мамандықтың жақсы бәрі,

Армандай біл таңда да,

Бір мамандық ап шығады,

Күні ертең бар бала.


Болшақта сендерден үлкен, мықты маман иелері шығады деп үміттенеміз.

Қазақстанның дамуына өз үлесің қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспін.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі