400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің болашақ мамандығым» (Сұрақ –жауап, әссе жазу)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне, интернат тәрбиешілеріне керек. Оқушыларға мамандық таңдауға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Интернат меңгерушісі А. С Танбаева



«Менің болашақ мамандығым» (Сұрақ –жауап, әссе жазу)

Мақсат: білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Жүргізу барысы:

1.Мамандық туралы түсінік бере кету

2.Сұрақ менен, жауап сенен сауалнамасы

3.Қазіргі таңдағы жаңа мамандықтар туралы таныстыру.

4.Ситуациялық «Сұрақ -жауап»

5. Қортындылау

Тәрбиеші: Қайырлы күн!
Құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары!
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазатын боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек. 40 мыңан жуық мамандықтың түрі бар.
Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады.
Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескеру қажеттілігі болып табыладыәр баланы болашақта кім боламын деген ойлар мазалайды мамандық таңдауда қателеспеу керек
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
2.Сұрақ менен, жауап сенен сауалнамасын оқушылар арасында жүргізу.
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен өз мамандығың туралы не білесің?
3. Кім мамандығын әлі таңдаған жоқ?
4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
8. Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
9. Жоғары оқу - орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?
10. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?
11. Өзіңді ҰБТ- ға байланысты мазалап жүрген ойлар туралы айт?
12. Сенің арманың не?
13. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын
ашып бер?
14. Сіз емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?


3.Қазіргі таңдағы жаңа мамандықтар туралы таныстырып өтсек.

Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған.
Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.

Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мамандық таңдау кезінде ескеріңіз:
өзіңнің қызығушылығыңды, бейімділігіңді, құштарлығыңды, яғни осындай іс-әрекетті істегенді ұнатамын;
өз мүмкіншілігің - білімің, қабілетің, денсаулығың, яғни істей аламын;
еңбек нарығы сұранысы, кадрлардың қажеттілігі, яғни керек маман дегенді.
4.Ситуациялық «Сұрақ -жауап»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?
5. Қортындылау

Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссені қорытындылау үшін оқушыларға сөз береміз.
Өз таңдаған мамандықтарыңмен ,алған әсерлеріңізді бір-бір ауыз сөзбен жеткізсеңіздер.
Құрметті оқушылар жақсы қатысыпт,өз ойларыңды айтқандарыңа көп-көп рахмет.
Сау саламатта болыңыздар!



































Менің болашақ мамандығым

(Эссе жазу)











Picture 4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.05.2019
2202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі