Материалдар / Менің болашақ мамандығымның таңдауы.
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Менің болашақ мамандығымның таңдауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық таңдауға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









( БЕЙІНДІК ТРЕНИНГ )




Тақырыбы: Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру;

Тренинг міндеттері:

  • Мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау;

  • Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты белсенділендіру;

Әлемде 50 мыңға жуық мамандықтар бар екен.

Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Психологиялық сәт:

Shape1 Shape2 Shape3

Квадрат Үшбұрыш Зигзаг Шеңбер

Психологиялық сәт: Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға болады.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ:

Реалистік

Зияткерлік

Артистік

Әлеуметтік

Іскер

1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РЕАЛИСТІК ТИПІ - Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

  • Техникалық білім,

  • Ауылшаруашылық білімі,

  • Орман шаруашылығы,

  • Табиғатты қорғау,

2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ТИПІ - Ғылымға және ғылыми зерттеулер-ге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды іске асыруға бағытталған.

Негізгі бағыттары:

  • математика,

  • физика,

  • биология,

  • биомедициналық инженерия,

3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ - Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін, мүмкіндігін ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

  • Өнер,

  • Музыка,

  • Театр,

  • Билер,

  • Тілдерді оқу, меңгеру,

4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ - Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Өнер,

  • Әлеуметтік қызмет,

  • социология,

  • Кеңес беру,

  • Коммуникация,

  • Мектепалды тәрбие

5. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ Конвенциялды ТИПІ - Мінезі стереотипті, нақты әрі іскер. Консервативті, тәуелді, үйлестіруге, шығармашылыққа икемі жоқ, қызмет түрін ауыстырғанды ұнатпайды. Ұйымдастырушылық қабілеттері әлсіз, математикалық қабілеттері басым.

Негізгі бағыттары:

  • бизнес

  • кеңсе, есеп айырысуға байланысты мамандықтар

  • құқық.

6. Іскер тип - күш-жігерді, ұшқыр ойлылықты, импульсті көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды таңдап, шытырман оқиғаларды ұнатады.

Негізгі бағыттары:

  • Әртіс ,

  • Журналист,

  • Телеоператор,

  • Меңгеруші,

Менің болашақ мамандығымның таңдауы”

Ең алдымен әрбір адамның мамандықтар туралы түсінігі бар болу керек. Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Бұл мамандықтардың барлығын зерттеп білу мүмкін емес болғандықтан оларды негізгі 5 топқа бөледі:

      • Адам – адаммен қатынасататын мамандықтар

(мұғалім, дәрігер,сақшы және т.б)

      • Адам - техникамен қатынасататын мамандықтар

(инжнерлік бағыттағы мамандықтар)

      • Адам - табиғатпен қатынасататын мамандықтар

(эколог, биолог, мал дәрігері және т.б)

      • Адам – жүйемен қатынасататын мамандықтар

(программист бухгалтер және т.б)

      • Адам – көркем бейнемен қатынасататын мамандықтар

(жазушы, әнші, актер және т.б)



Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім-білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!