жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің болашақ пәтерім
ӘЛЕУМЕТТІК - ТҰРМЫСТЫҚ АЯ
5-тақырып «Мен армандайтын үй»
1-сабақ Менің болашақ пәтерім
Мұғалімнің аты-жөні: Аубакирова Гульшат Орынбаевна |
Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» 8 сынып Өту уақыты: |
|
Сабақ тақырыбы |
Менің болашақ пәтерім |
|
Білімділік:
Дамытушылық: Тәрбиелік: |
Сипаттау мәтіндері арқылы өзі армандайтын үй жайлы ақпарат беруге төселдіру. Лексикалық тақырып аясында өзгелік етіс пен сөздерді меңгерту. Жаңа тақырып аясында топтық жұмыс жасай отырып, жарыс ойыны арқылы іскерлікке машықтандыру. Тілдік коммуникция барысында өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): өзі армандайтын үйі жайлы ақпарат бере алуға қажетті сөздермен танысып, меңгеруге тырысады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): өзінің пәтерін, армандайтын үйін сипаттай алуға сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуге өздерін бағыттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): өзі армандайтын үй жайлы мәтін құрауға, достарымен тілдесуге өзін дайындайды |
|
Негізгі түсініктер: |
Салқын самал, тау етегінде (болашақ пәтерім, жоба, элиталық, зәулім, жоғары қабат, жатын бөлме, шырша, айқара, сапа, кең, жарық, қонақ бөлме, ас үй, ұлттық үлгі, нақыш, жиһаз, перде, шілтер, сәнді, қиял, арман) Кеңесу (есу, жасау, көру, таңдау, салу, қою, тоқыту, армандау, қалау, ұнату, тұру, қарау, орнату, бояу, қағу, егу, елестету, отырғызу, ілу, сену, ойлау) |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, тақырыпқа қатысты суреттер, смайликтер, бағалау парағы |
|
Оқыту әдістері: |
Сәйкестендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбер» тренингі, жарыс ойындары, «Жилстройбанк» дидактикалық ойыны, «Бас бармақ» тәсілі. |
|
Дереккөздер: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
|
Тапсырмалар: |
||
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім оқушылармен «Шаттық шеңберін» ұйымдастырады |
Оқушылар шеңберге тұрады, сәлемдеседі. Араларынан бір оқушы таңдалып, жүргізуші болады. Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! (қолдарын жоғары көтереді) Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! (қолдарын сепкендей төмен қарай сілтейді) Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... (қолдарымен бәріне бұлғайды) Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге... (бір-бірімен амандасады) Балалар: Сәлем! |
Өткен сабақты тексеру |
Жазған мазмұндамаларына шолу жасайды. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Жұмыстары бойынша сұрақтарға жауап береді, кемшіліктерге көңіл аударады. |
І. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Пазл» әдісін пайдаланып, суреттер кесінділері арқылы сабақтың тақырыбын шығартады, оқушыларды топқа бөледі. |
Әр топ пазлдарды жинап үй, пәтер суреттерін құрастырады. Сабақтың тақырыбын анықтайды. Сол құралған суреттер бойынша топқа бөлінеді. |
ІІ. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуы мен ауызша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс. Топпен жарыс ойыны арқылы ұйымдастырады. А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы (43 бет) орындатады. (Лексикалық тақырып аясында жалғау түрлерін пысықтатады) |
Жазылым. Берілген уақыт ішінде жылдам тиісті қосымшаларды тауып көп нүктенің орнына қояды. А4 парағына жазып, тақтаға іліп, әр топ ұпай жинайды. Бағалау: «5» - 10ұ. «4» - 9ұ. «3» - 8ұ. |
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы (43 бет) орындатады. (болымсыз етістік пен өздік етісті қайталатады)
|
Айтылым. Әр топтан 1 оқушы шығып айтады, өз ұпайларын жинайды. а) Болымды етістіктерден болымсыз етістік жасайды. Бағалау: «5» - 11ұ. «4» - 10ұ. «3» - 9ұ. ә) Қалаған 3 етістікті өздік етіске айналдырып, сөйлем құрайды. (көрді, таңдау, салу) Бағалау: «5» - 3+ұ. «4» - 2+ұ. «3» - 1+ұ. «+» - сөйлем құру |
|
Б) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы (43 бет) орындатады. (лексикалық тақырып аясында сөздік қорын еске түсіртеді) |
Айтылым. Әр топтан 1 оқушы шығып айтады, өз ұпайларын жинайды. а) жалпы сұрақ арқылы сөз таптарын анықтайды ә) сөздерді сәйкестендіру арқылы сөз тіркестерін құрайды Бағалау: «5» - 8ұ. «4» - 7ұ. «3» - 6ұ. |
|
3. Грамматика. Өзгелік етісті меңгертеді. |
Өзгелік етісті топ ішінде меңгереді. (грамматикалық кесте арқылы) |
|
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы (44 бет) орындатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады. |
|
Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы (44 бет) орындатады. (өзгелік етісті меңгеруін байқайды) Әр топтан кез келген 1 оқушының дәптерін алады, тексереді, бағалайды. Бағалау: «5» - 3+ұ. «4» - 2+ұ. «3» - 1+ұ. |
Жазылым. Айтылым. Жұмысты топпен шешіп, содан әр оқушы өз дәптеріне орындайды. Мәтіннен өзгелік етістерді теріп жазады, сөз тіркестерін құрайды.
|
|
ІІІ. Ойтолғаныс
|
Топтық жұмыс. «Жилстройбанк» ойыны. Оқушыларға «Жилстройбанк» мекемесіне барып, үй алуға арыз жазып, өздерін қалайтын пәтерді (үйді) таңдатқызады. |
Әр топта А4 қағазда салынған кірпішті үйдің суреті бар. Армандаған пәтерді (үйді) алу үшін әр кірпішіне қажетті пәтерге (үйге) байланысты сөздерді жазады. Белгілі уақыт ішінде сөз (керекті) санына байланысты ұпай жинайды. Жинаған ұпайына қарай алатын пәтерлері белгіленеді. |
IV. Бекіту |
Арыздарын қарастырып, қол қояды. «5 бөлмелі» - ең көп сөз жазғандар «4 бөлмелі» - орташа жазғандар «3 бөлмелі» - аз жазғандар Бағалау: «5» - 20ұ. «4» - 15-19ұ. «3» - 10-14ұ. |
Пәтер алуға жазған арыздарын (үйдің суреті) өткізеді (хабарландыру тақтасына оқып іледі). Арыз берген күніне сөздер санын жазады да қол қояды (топтағы оқушылар тізімі) |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім өз ойын айтып, оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша қорытынды бағаны қояды. |
Жарыс ойынның жалпы жинаған ұпайлары бойынша өздерін ұсынылған критерийлер арқылы бағалайды. Бағалау: «5» - 51-55ұ. «4» - 45-50ұ. «3» - 35-44ұ. |
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 7-тапсырманы (45 бет) орындау. |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалім «Бас бармақ» стратегиясын қолданады. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бас көрсету арқылы білдіреді.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген