Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің бөлмем" түзету*дамыту жұмыстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленуші балаларға бөлелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өткізілген күні: 4-деңгей

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: "Менің бөлмем".

Білімділік: Балаларға топтағы бөлмелер туралы ұғымарын қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың есте сақтау,тактильды қимылын және ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелілік: Бөлме ішін таза, заттарын ұқыппен ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бүгін сабақта осы екі бөлмені салыстырып айтайық.
Мен топта не істеймін? сұраққа жауап береді (Балалар тақтадағы суреттерге қарап жауап берді.)
Осы тапсырмасы сурет бойынша әңгіме құрау.

Мен заттарымды жинаймын
Мен еден жуамын.
Мен шаң сүртемін
Мен кілем тазалаймын.
Есте сақта!
Шаң, шаңсорғыш
Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын

Сергіту жаттығуы:
Қоян, қоян тұршы,
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы.
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Мектебіңе қарай жүрші
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы.

 Ойын «Қай сурет артық?»


1)       

2)       


3)     


Мен үйді тазалаймын. Сондықтан, күту кезінде қандай құралдар керек екендігін білемін Үйді аптасына неше рет жинайды?

2. Блалардың ойын жинақтаудағы өзі тұратын үйдің бейнесін бейнелейміз. Сонымен бірге үйді күтудегі тазалық ұнтақтарын бейнелеп, сипаттама береміз.
3. Үйді күту кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін еске түсіреміз.
- Ашық тұрған токтың айналасына жақындамау;
- Терезе, есіктерді ашық тастамау;
- Токқа қосылатын заттар (тоңазытқыш, теледидар, т. б.) су сүрткішпен сүртпеу.

«Ойқозғау» сатысы.

- Сен қайда тұрасың?

- Сенің үйің қай көшеде?

- Сенің пәтерің нешінші қабатта?

- Пәтерінде неше бөлме бар?

- Қандай бөлмелер?

- Балалар бөлмесі бар ма?



"Бүтін-бөлек" дидактикалық ойыны.

Педагог балаларға карточкаларды жинауға ұсыныс береді.

Саусақ жаттығуы қар.

Жапалақтап ала қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.



Қорытынды:
- Ал, балалар бүгінгі сабағымызда не туралы айтылды?
- Сабақ сіздерге ұнады ма?
Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір - бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.











































Өткізілген күні: 4-деңгей

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: "Көкөністер".

Білімділік: Табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелер жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың қасиетін меңгерту.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға,ізденуге, ойлау қабілетін дамыта отырып, жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау, еңбекке құштарлығын, қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде қолөнерімізді дәріптей келе, оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Көкөністер туралы түсінік беру:Олардың атауын,пішіні мен түсін танып айыра білуге үйрету.Қимыл қоғалысты ойын арқылы байланыстыра білуге,бағбан,бақша,дүкен, сатушы сөздің ұғымын түсіндір.
Көрнекілігі: Көкөністер суреті,муляж, шынайы көкөністер.

1. Затты суреттерді көрсете отырып, сөйлемнің басын бастайды, ал бала сөйлемді аяқтайды.

Күзде _______ жауады. (жаңбыр суреті)

Күзде_______ болады. (суық)

Күзде ___________ піседі. (жеміс-жидектер)

Күзде ___________ сарғаяды. (жапырақтар)

2. «Не қайда өседі?» ойыны

(Алма, қияр, шие, қызанақ, алмұрт т.б.)

Алма, шие, алмұрт – бақта өседі.

Қияр, қызанақ – бақшада өседі.

Сергіту сәті:

Сап-сары атырап,

Суық жел соғады.

Сарғайған жапырақ

Қолға кеп қонады.

3. Трафареттермен жұмыс. (бала жасайды)

Асқабақ суретін бастырып, түсіне қарай ажыратып бояу.

4. «Жемістер мен көкөністерді» ажыратып, түсін ажыратып карзинаның ішіне салу.

5. «Тыныс алу» жаттығуы. Мақтаны үстел үстіне қойып үрлеу.

Саусақ жаттығуы."Салат"

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үкіштен үгіп майдалаймыз(екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қантты сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге бай тағам. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандарын көрсетеді.)


Қимылдық ойын: "Дастархан жаю"


Ойын шарты: Ортаға екі бала шығады. Үстел үстіндегі ыдыстар мен тағамдарды алып, екеуі жарыса дастархан жаю ұсынылады. Дастарханды кімге арнап жайғанын айтып түсіндіреді.

Ойын жалғасын табады.

-Балалар, ендеше қуыршақ Айгерімге арнап кім жақсы тілек немесе тақпақ айта алады?

-Жарайсыңдар балалар!



Көкөністерге: қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, сарымсақ, қызылша, асқабақ жатады.

Көкөністерді біз күнделікті жейміз және онда көптеген дәрумендер бар. 

  • Балалар сендер көкөністермен таныстыңдар, ендеше осы көкөністер қайда өседі?

  • Дұрыс, ендеше сол көкөністер бақшасына саяхат жасайық. Біздің бақшамыз ұзақ жерде, сол себепті біз бақшаға паровозбен барамыз.

Қатар-қатар тұрайық,

Паровозды құрайық.

Дөңгелегі тарсылдап,

Баққа қарай барайық,

Гук-пш, гук-пш, гук-пш,

Гук-гук, гук-гук, гук-гук.

Балалар бақшға да келіп жеттік. Бақшадағы ауа райын бақылап көрейікші.

Кішкене жел тұрды.

Жел күшейіп, дауыл соқты

Міне, нөсер басталды.

Күн ашылып, жаңбыр тоқтады


Балалар қараңдаршы, бақшадағы арықтардың арасында сендерге арналған тапсырмалар бар екен, қанекей бәріміз бірге орындайық.

1 тапсырма: Артикуляциялық жат-тығу орындау (Тәтті тосап, Кесе)

2 тапсырма: Тіл ұстарту.

Ка-ка-ка - картоп

Қи-қи-қи – қияр

Қы-қы-қы – қызанақ

Қы-қы-қы – қызылша

Пи-пи-пи – пияз

Са-са-са – сарымсақ

Ор-ор-ор – орамжапырақ

Сергіту жаттығуы:

- Қырық қабатты шабамыз!

- Қырыққабатты шабамыз!

- Қырық қабатты кесеміз!

- Қырық қабатты кесеміз!

- Қырық қабатты тұздаймыз!

- Қырық қабатты тұздаймыз!

- Қырық қабатты сығамыз!

- Қырық қабатты сығамыз!

-Енді тәтті салат дайындаймыз!


Үстел үстінде жұмыс. Қағаз бетінде салынған көкөністі бояп, сипаттау ұсынылады.

Мысалы: мынау қияр, оның түсі жасыл, дәмі тәтті.

«Жемістер мен көкөністер жинау»дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке жинайды.


Балаларды қошеметтеу мадақтау.





























Өткізілген күні: 4-деңгей

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: "Көкөністер".

Білімділік: Көкөністер мен жемістердісипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Көкөністер туралы түсінік беру: Олардың атауын,пішіні мен түсін танып айыра білуге үйрету. Тәрбиелілік:  Адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.

Мақсаты: Бақша жанында жүрген атайға амандасады.
-Балалар біздер бақшаға келдік,қарандаршы мына жерден нелерді көріп тұрсындар?
-Ия,дұрыс. Сол кезде атай:
-Көктемде жерді жыртып, дәндер себіліп, жазбойына суарып, арам шөбін жұлып,күтіп баптуадың арқасында күз айында мынадай өнімдер береді. (Көкөністерді көрсетеді)
Осы кезде бақшаның жанында үш-төрт қоян жүреді.
-Жетекші: ой мында қояндар жүрғой,балалар қарандаршы.
-Сәлеметсіндерме қояндар.
-Ой мында неғып жүрсіңдер?
Қояндар: Біздердің азығымыз таусылып қалды,сол себепті осы жерде жүрміз.
-А-а-а білеміз білеміз.
Балалар қоянның сүйікті тамағы не екенін білесіңдерме?
-Сәбіз ғой
-Бәріміз көмектесіп,қояндарға сәбіз жинап берейік.
-Қояндар қуанып рахмет айты,кетіп алды.
Атай кері қайтадан балаларға көніл аударды. Піскен көкөністерді жинап алып,дүкенге салатынын түсіндіреді.
-Балалар осы бақшадағы өнімді күтіп баптап,өсіруші атайды біз «Бағбан атай» деп атаймыз.
«Бағбан атай» рахмет,сау болыңыз!
-Қане біздер,көкөністер сататын дүкенге барайықшы..
Көрнекілігі: Көкөністер суреті, муляж.

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Күз Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?

- Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады?

Бүгін аптаның қай күні?

Өткен оқу іс -әрекетін еске түсіру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2021
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12