Менің
бүгінім мен келешегім
Мақсаты:
Педагогтар арасындағы эмоциалық хал
ахуалды жақсарту, достық қарым қатынасты
жақсарту. Болашаққа жоспар құруға үйрету
Психолог:
Кұрметті
әріптестер! Бүгін сіздерді осы тренингта
көріп отырғаныма қуаныштымын. Қазіргі
таңда адамдар арасында көптеген
агрессиялық мінез –құлықтар орын
алуда.Сол жағымсыз эмоцияларды жоғалту
үшін біз бірақ кішігіріп тренинг жүргізіп
отейк.
Ондай
болса әріптестер тренингті бастамас
бұрын біз шаттық шеңберіне тұрып бір
бірімізге бүгінгі күнге арналған
тілектен бастайық.
Шаттық
шеңбері:
Барысы:
Барлық тренингқа қатысушылар шеңбер
бойымен тұрып бір біріне «Б» әріпінен
келетін жақсы сөздерден тілек тілейді.
Мысалы:
Бақыт, байлық, бірлік, баршылық, баяндылық,
барматай бақ, басымызға амандық, бітпейтін
махаббат, балдай тәтті өмір, баланың
пәк күлкісін, балабақшамыздың көркейе
беруін тілеймін.
«Менің
жүрегім жылайды, егерде балабақшада...»
жаттығу
Барысы:
Әр тренингке қатысушы «Менің жүрегім
ән салады, егерде балабақшада...», «Менің
жүрегім жылайды, егерде балабақшада...»
сауалдарына жауап беруі керек және
әрқайсысы өзінің жауаптарын оқып ортаға
талқылауға түсіреді.
Логикалық
сұрақтар:
Барысы:
әр қатысушыға логикалық сұрақтар
қойылады.
1.Дорбадағы
10 асық 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір
асық дорбада қалды.
Бұл
қалай?
Жауабы:
бір бала дорбасымен алды.
2.Екі
адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады.
Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
Жауабы:
2 сағат.
3.Үш
түйеқұс ұшып келе жатыр,аңшы олардың
біреуін атып алды. Неше тұйеқұс қалды?
Жауабы:
Тұйеқұс ұшпайды.
4.Жасы
100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған
күнін 25 рет қана атап өткен екен.
Себебін анықта.
Жауабы:оның
тулған күні 29 ақпан.
5.
Қоян жаңбырлы күні қандай жапырақтың
астында тұрады?
Жауабы:
Сулы жапырактың
6.
Кімнің шашына мүлде жаңбыр тимейді?
Жауабы:
Тақыр бастың
7.
Торда 12 құс отыр. Оның 11 –нен басқасы
ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?
Жауабы:
12 құс қалды. Тордан ұша алмайды
8.
2 адам шахматы 2 сағат ойнады. Бір адам
қанша сағат шахмат ойнады?
Жауабы:2
сағат
9.
Төртбұрыштың бір бұрышын қиып алсақ,
қанша бұрыш шығады?
Жауабы:
5 бұрыш
10.3
аңшы 3 сағатта 3 үйрек атып алса, 9 аңшы
9 үйректі аулау үшін қанша сағат жұмсайды?
Жауабы:3
сағат
11.
Сауысқанды атып еді, қарға түсті
Жауабы:
Сауысқанды қыс мезгілінде атқан
12.
Көбінесе ай 30
не 31 санымен
аяқталады. Ал қайайда 28
деген сан бар,
Жауабы:
Барлық
айда 28
бар
«Менің
өмір сүруімен 3ай
қалса, мен не істер едім»
Барысы:
Әр қатысушы өзінің өмір сүруіне 3 ай
қалса, не істеп, қандай заттарға көңіл
бөлетіні туралы,шағын ғана эссе жазу.
Эссе әр адамның жүрек түбінен шыққан,
ой қозғау, ой түйіні.
«Шебер
суретші» жаттығуы
Барысы:
Парақшада жазылған сөзді,бейвербалды
сөйлеумен яғни ым ишара арқылы көрсету
керек. Ал қалған қатысушылар ол жасырынған
сөзді табулары керек.
Компас
|
Қолтырауын
Крокадил
|
Тоңазытқыш
Холодильник
|
Әмиян
Кошелек
|
Педагог
|
Қуыршақ
Кукла
|
Мысық
Кошка
|
Торай
Поросенок
|
Сөмке
Сумка
|
Cу
сиыр
Бегемот
|
Жәшік
Ящик
|
Ою
Орнамент
|
Желім
Клей
|
Доп
Мяч
|
Диск
|
Кілт
Ключ
|
Арман
Мечта
|
Гүл
шоғы
Букет
|
Қораз
Петух
|
Мектеп
Школа
|
Шаңсорғыш
Пылесос
|
«Көңілді
ия» Жаттығуы
Барысы:
Қатысушыларға қисынсыз сұрақтар
қойылады. Қатысушылар өз кезегінде
барлық сұрақтарға «Ия» деп жауап беруі
керек.
Сұрақтар:
Сен
ұйықтағанда көзіңді бақырайтып жатып
ұйықтайсын ба?
Сенің
носкиің тесік пе?
Сенің
басында бит бар ма?
Сенің
аяғын қисық па?
Сен
ұйықтағанда қорылдайсың ба?
Сенің
красовкаңның каблугы бар ма?
Сен
мектепте екіге оқыдың ба?
Сенің
тақыр бассың ба?
Сенің
тырнақтарын алынбаған аюдай ма?
Сен
жұмықа үнемі кешігіп келесің ба?
Сіздерге
бүгінгі тренинг ұнадыма?
Менің
әріптестерім әдемі әрі ақылды ма? және
т.б
Жүректен
жүрекке
Мақсаты:
Қатысушылар өздерінің сол жақта тұрған
көршілеріне ізгі тілектері мен жағымды
эмоциясын сыйлайды.
Психолог:
Құрметті әріптестер сіздер батылсыздар,
қайраттысыздар, еңбекқорсыздар, сіздер
біреуге ана, біреуге апке, біреуге
доссыздар. Ең бастысы сіздер адамсыздар.
Сіздер жарық әлемді көрген үшін
бақыттысыздар, пәк көңіл балалармен
жұмыс істеген үшін бақыттысыздар. Сіздер
бақыттысыздар және бүлдіршіндерді
бақытты етуге міндеттісіздер. Әрқашан
осындай жарқын көңіл күймен жолыға
берейік.