400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің денсаулығым - менің болашағым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты түрінде өтіледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК

«Бекітемін»___________

Колледж әдіскері: Керимбаева А.Д.

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Увалиева А.А.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ







Тақырыбы: «Менің денсаулығым - менің болашағым»

Өтетін орны: «№ 4 ЖОББМ» КММ

Сынып: 8 «Б»

Мерзімі: 10.04.2020

Тобы: 202

Машықкер:Нүкешова Ақбота.

Баға: «___» ___________________









Семей, 2020 жыл

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

“Менің денсаулығым-менің болашағым”

Күні

10.04.2020жыл

Ұзақтығы

40минут

Сабақтың мақсаты:

табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру 

Сабақтың міндеттері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже

Оқушы денсаулық туралы түсінік қалыптастырады,мәліметті талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады.

Денсаулықты,салауатты өмір салтын ұстану жолдарын түсінеді.

Сабақтың түрі

Тәрбие сағаты

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қажетті жабдықтар


Интерактивті тақта, түрлі түсті қағаздар,стикер,слайд.

https://cloud.mail.ru/public/DGJW/F7DARtAH7



САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ

Сабақтың барысы

Уақыт

Оқытушының әрекеттері

Тыңдауышының әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру

1 мин

Амандасу.Оқушыларды

сабақ тақырыбымен таныстыру.

Білім алушының сөзін тыңдайды.


Ой қозғау

4мин

Баланың ойын жетілдіру. Пікір алмасу арқылы балалардың өз ойын жеткізуге дайындау.

Өз пікірін,ойын жеткізеді.


Тақырып түсіндіру

5 мин

Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты мәліметтер оқып беру.

Тыңдау.Ынта қойып түсіну.

Қосымша деректер

«Бәйге»сұрақ-жауап

9 мин

Сурет қиындыларын тарату,шыққан суретбойынша сурет құрастырту

Қиындыларды құрау,сөйлем құрау

Кеспе қағаздар

Шығармашылық жұмыс

10 мин

Мәлімет бойынша арқылы тақырыпты ашу


Оқушылардың пікірі тыңдалады

Қосымша мәліметтер.

«Полиглот»

Мақал-мәтелдер жарысы

8 мин

Оқушыларға мақал-мәтелдермен жарыстыру.

Оқушылардын пікірін сұрау.

Қағаздар

Сабақтың қорытындысы,

рефлекция

3 мин

Оқушылардан сабақтан алған әсерлерін сұрау,пікірін тыңдау.

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

Стикерлер.Жүрек постер.























«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Методическая инструкция

СМК МИ-7.5-24-03

Оқу-әдістемелік кешенді құрастыру туралы әдістемелік нұсқаулық/

Методическая инструкция по оформлению учебно-методического комплекса

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 6


Технологиялық карта













Орындаған:Нұкешова Ақбота

Тексерген:Керимбаева А.Д.















Семей, 2020

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы:«Менің денсаулығым- менің болашағым.

Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру .

Әдісі: сұрақ- жауап, көрнекілік, ойын, талдау –жинақтау.

Пәнаралық байланыс: экология,дене шынықтыру.

Көрнекілігі: Итерактивті тақта, суреттер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

Психологиялық көңіл күй орнату.

Оқушылар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып,

күлейік . Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. 
1-
топ «Денсаулық» 
2-
топ «Спорт» 

Бүгінгі сабағағмыздың негізгі өту барысымен таныстырып өтейін:

І .«Бәйге». Сұрақ жауап

ІІ . «Шығармашылық жұмыс» Постер қорғау

ІІІ. «Полиглот» Мақал-мәтелдер жарысы.

ІV. Қорытынды

Оқушылар , қазір менің мына сұрағыма жауап беріңдерші:

  1. «Бірінші байлық» деп біз нені айтамыз? 

 Тамаша, оқушылар. Ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз осы денсаулыққа бай ли ағысты болмақ. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің денсаулығым – менің болашағым».

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына Жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Оқушылар, біз денсаулық туралы босқа әңгімелеп отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой,пікір алмасамыз. Біздің халқымыз өте ертеден«Деннің саулығы – бастың байлығы» деп, тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.

  1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайту әр адамның өзіне байланысты. Денсаулық- салауатты өмір салты туралы ғылым.

  1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

- Оқушылар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Деніміз сау болуы үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Сонымен бірге әрдайым күліп жүргенде пайдалы.

І-тапсырма бойынша:

1.Денсаулықты нығайту жолдарын атаңыз.

• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.

2. Денсаулыққа зиянды әдеттер.(алкогольді заттар, шылым, фастфуд өнімдері)

3. Темекінің құрамында қандай зиянды заттар бар.

Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар

4. Темекінің отаны қай мемлекет саналады Америка

5. Адам кемінде неше сағат ұйықтауы керек 7-8

6.Дұрыс тамақтану дегеніміз не?Күн тәртібін сақтап, пайдалы тағамдар жеу.

7. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.

Кетер кір ласың, тап – таза боласын.

Бұл не?(Сабын)

8. Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. Бұл не?(Тарақ)

ІІ . «Шығармашылық жұмыс» Постер қорғау

1-топ «Денсаулық» 

тақырып: Салауатты өмір салтын қалай ұстану қажет?
2-
топ «Спорт» 
тақырып: денсаулық зор байлық дегенді түсіндір?

ІІІ. «Полиглот» Мақал-мәтелдер жарысы.

1-топ «Денсаулық» 

1.Қимыл шынықтырады, 
…тынықтырады. 

(Ұйқы-сон-sleep)

2.Әуелгі …— денсаулық, 
Екінші байлық — он саулық, 
Үшінші байлық—ақ жаулық. . 

(Байлық-богатство-riches)

3…-саулық негізі

Саулық — байлық негізі.

(Тазалық-чистый-clean)

2-топ «Спорт» 
1.Ауырып, ем іздегенше, 
Ауырмайтын …іздеу.

(жол –дорого-line)

2.Аурудың жақсысы жоқ, 
Дәрінің …жоқ.

(Тәттісі- сладость-sweet)

3. … …жарасы,

Жол - жөнекей жазылар.

(Жас –молодой-young)

  -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

Слайд   «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»  Дұрыс тамақтану туралы.

 Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді                            қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

Ия/жоқ

Таңертең ерте оянасыз ба?

Таңертеңгілік дене жаттығуын жасайсыз ба?

Зиянды заттарды қолданасыз ба?

Фасфуд өнімдерін жиі қолданасыз ба?

Дәрі- дәрмек жиі қолданасыз ба?

Жеке бас гигиенасын сақтайсыз ба?

Күніне кемінде 5-6 стақан таза су ішесіз бе?

Қорытындылау.

Оқушылар, бүгін біз денсаулығымыз мықты болу үшін қандай жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек екенін, денеміздің сұлу әрі сымбатты болуы үшін қандай дене жаттығуларын жасау керектігін білдік. Сондай –ақ біздің ағзамызға қандай пайдалы тамақтарды пайдаланған дұрыс екенін білдіңдер.

Ал қазір, тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күймен аяқтайық. Тренинг «Денің сау болсын десең..». Бір оқушы «денің сау болсың десең...»- деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып, аяқтап, шеңбер құрайды.

Осымен, тәрбие сағатымыз аяқталды, денсаулықтарын мықты болсын. Сау болыңдар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
2639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі