400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің денсаулығым. Жекебасымның гигиенасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің денсаулығым. Жекебасымның гигиенасы дүниетану пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар 130 бұйрық бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Дені саудың – жаны сау

1.4. Денсаулық пен қауіпсіздік

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің денсаулығым. Жекебасымның гигиенасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.4.1 – жекебас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

– жекебас гигиенасы не екенін білетін болады;



  • жекебас гигиенасын сақтаудың маңызын түсіндіреді;

  • жекебас гигиенасының ережесін сақтайтын болады.

Көптеген оқушылар:

  • ағзаны аурулардан қорғау жолдарын атайды;

  • адам денсаулығы үшін қауіпті жағдайлар туралы сызба бойынша әңгіме құрастырады.

Кейбір оқушылар:

  • жекебас гигиенасы ережесінің мәнін түсіндіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақтың басын ұйымдастырады.


Кел, балалар, кел бері, Қыздырайық денені. Орнымыздан тұрайық, Жүгірейік бір уақ.

Ушықтырмай ауруға, Ішін, сыртын, тазала. Барлық тісің маржандай Жарқырасын аузыңда. Сырттан келіп үнемі, Сабынмен қол жуамыз, Таза болдым мұнтаздай Тағамға қол созамыз.

Денсаулықты сақтаудың Құпиясын білеміз.

Кеңестерді тыңдаймыз, Ауырмай өмір сүреміз!


Экранға назар аударамыз («Мойдодыр» мультфильмінен үзінді көру).

– Баладан заттары неге қашты?

Оқушылар мұғаліммен бірге айтқанын істеп қайталайды.

















«Мойдодыр» мультфильмінің үзіндісін көреді.




















https://megogo.net/ru/vie w/1311471-

Moydodyr.htme



  • Бұл баланы қалай атауға болатынын айтыңдар? (салақ, кір-қожалақ).

  • Бұл балаға ұқсамау үшін не істеу керек?

(қолды жуу, жуыну, киімді тазалау және жуу, шашты тарау).

  • Бүгін біз сендермен дене тазалығы туралы айтатын боламыз.




Ортасы

ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.

– Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтарды шешеді.

ҚБ

Жұмбақтар


Ертемен күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетер кір-ласың,

Тап-таза боласың. (сабын)






Сабын, сүлгі, тарақ, айна, тіс щеткасы.


Шомылған баланы, Аймалап алады.

Сүртеді қолыңды.

Сүртеді денеңді (Сүлгі)





Қолы жоқ, сөзі жоқ, Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)





Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды

Тура сенің өзіңе. (Айна)





Жон арқасы сүйектен, Қылшық қалың жүйекте.






Жалбыз паста жағады, Бізге қызмет қылады.

(тіс щеткасы)

Әр жұмбақты шешкен сайын мұғалім заттарды көрсетеді.

  • Балалар, осы заттардың барлығы үйлеріңде бар. Оларды жекебастың тазалығына арналған заттар деп атайды.

  • Сөздікке қарап, «гигиена» деген сөз нені білдіретінін анықтаңдар.

  • Келіңдер, денсаулық туралы сөйлесейік.


ФТ. Мұғалім оқулық мәтіні мен сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастырады.

  • Егер гигиеналық ережелерді сақтамаса не болады?

  • Өз ағзаңды аурулардан қалай қорғауға болады?

  • Аурулардың қайда

жасырынатыны және олардан қалай қорғануға болатыны туралы әңгіме құрастырыңдар.


Ж. Денсаулық сақтау ережесін жұптасып оқу.


ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Бір – таңертең тұр, Екі – шынығып бекі. Үш – тазала тіс,




– «Гигиена» сөзі грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» дегенді білдіреді.


«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды.





Сұрақтарға оқулықтағы мәтіннен жауап тауып, оқиды.












Сергіту жаттығуын орындайды.




Тапсырма. Критерий. А. Оқулық мәтіні мен өз тәжірибесін пайдаланып, кестені толтырады. Өз таңдауын түсіндіреді.

Дескриптор

  1. Денсаулыққа не зиян екенін жазады.

  2. Денсаулыққа не

пайдалы екенін жазады.


Тапсырма. Критерий. В. Өз денсаулығын қалай күтетіні туралы жазады. Дескриптор

  1. Өз денсаулығын қалай күтетіні туралы жазады.

  2. Сыныптастарына айтып береді.




Сөздік немесе оқулық соңындағы глоссарий









Оқушы дәптері



Төрт – сабындап жу бетті. Бес – сүртін тез,

Алты – үй жина, Жеті – киін енді.


ФТ.ҚБ. Мұғалім «Дұрыс – дұрыс емес» ойынын ұйымдастырады.

Дұрыс тұжырым болғанда

алақандарын шапалақтайды, дұрыс болмаса – қозғалмайды.

  • Еңбек ету керек.

  • Тазалық сақтау.

  • Шынығу.

  • Жаттығу жасау.

  • Көңілді өмір сүру.

  • Күлу.

  • Спортпен айналысу.

  • Көбірек серуендеу.

  • Ата-ананы тыңдау.

  • Ауа райына байланысты киіну.

  • Қолды жуу.

  • Жалқаулану.

  • Аз қозғалу.

  • Қыста баскиімсіз жүру.

  • Өзін қолайсыз сезіну.

  • Суық тигізу.

  • Уайымдау.

  • Достармен керісу.

  • Көп тәтті жеу.





«Дұрыс – дұрыс емес» ойынына қатысады. Дұрыс тұжырым болғанда

алақандарын шапалақтайды, дұрыс болмаса –

қозғалмайды.





Тапсырма. Критерий.

С. Жекебас

гигиенасының мәні неде екендігін жазады.

Өз жауабын

сыныптастарының жауаптарымен салыстырады.

Дескриптор

  1. Жекебас

гигиенасының мәні неде екендігін жазады.

  1. Өз жауабын

сыныптастарының жауаптарымен салыстырады.


Соңы

ФТ. Рефлексия.

  • Сабаққа дейін мен ... білгем жоқ.

  • Бүгін ... білдім.

  • Сабақта қалай жұмыс істедіңдер?

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ

«Оқушы дәптері»



  • Мұны қалай түсіндіңдер?

  • Денсаулық сақтау ережесін тағы бір рет оқыңдар. Есте сақтаңдар.


«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындаңдар:

  • Сабақтағы өз жұмыстарыңа баға беріңдер. Сабақтағы жұмыстарды қорытындылаңдар.

Сөйлемдерді толықтырыңдар. Сабақ маған ... болып көрінді. Сабақта мен ... .

Менің көңіл күйім ... .

Сабақ материалы мен үшін болды.


ҚБ. Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Мен сабақтағы

жұмыстарың үшін барлықтарыңа алғыс айтамын!




«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды.




Сабақтағы өз

жұмыстарына баға береді.








Мадақтау, алғыс айту.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
2646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі