Материалдар / Менің достарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға ,адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
363
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Достаса аласың ба?

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға ,адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:1.адам қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

3. Оқушыларды сыйластыққа ,әдептілікке,шынайылыққа, адалдыққа

тәрбиелеу.

Барысы:

І. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметтпен,

Бас иеміз біз.

ІІ. Шаттық шеңбері.

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар «Досыммен бірге»ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерін таныстыру.

  1. Кешікпеу.

  2. Өз уақытында бастау.

  3. Бір-бірін сыйлау.

  4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

  5. Көңілді болу.


Танысу тренингі. Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

ІІІ: Кел, ойланайық, пікірлесейік.

-Енді , балалар , мына өлеңді тыңдап көрелік.


Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.

Дос жүрегі қашанда аңсағыным,

Соларменен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды,

Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.

Көңіл –дария, толқыған асылдарым,

Сендер менің жылдарым, ғасырларым.

Тіршіліктің тұздығы-достық екен,

Достарымнан ештеңе жасырмадым.

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос жүректер өсекке бағынбайды.

Күн шығады дүниені нұрландырып,

Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.

Дос көңілі сияқты шашырайды.

Күннің өзі көктегі тұрған күліп.


  1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Шын досты қалай білуге болады?

  3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

  4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?


ІV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос ( Ел аузынан)

Ертеде еларасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзің қолбасына апаруын өтінеді.Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол -өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, -дейді.Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді.

-Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек?-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын.

-Ол да болсын , көзімді ал да , досымды тезірек босат, -дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы : «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


  1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

  2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

  3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

  4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?


V. «Достық. Бірлік» үйін салу.

-Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

  1. Шын дос үшін қалайда.

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.

  1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да –көп.

  1. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  1. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

  2. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

  1. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,

Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.

VІ. Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарынызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз.(2-3 секунд)

-Балалар, достармызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.


VІІ. Дәйек сөз.

-Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, есімізге сақтап алайық. «Шын дос –таусылмас қазына».

VІІІ. Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Солл сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.

  1. Кіммен дос болғың келеді?

  2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?

  3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

ІX. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

-Балалар, шаттық шеңберіне келе қйыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік.Жүрекшелерге жылы сөздер жазып беру.

X. Қорытынды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!