Пән: Өзін-өзі тану 1 сынып 11 сабақ Тақырып: Менің достарым. Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: өзара түсіністік,сыйластық,адалдық,әділдік,шыншылдық, адамгершілік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік:оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сыйластық қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту. Тәрбиелік:оқушыларды достық жолында өзара түсіністікке,сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
|
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесін қайталау. (Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық татулық. ) 5 оқу құралын еске түсіру.(оқулық,дәптер,қалам,түрлі- түсті қарындаштар,күнделік) |
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) |
|
ІІ. «Достар» Мәдіхат Төрежанов. -Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады? -Досыңның бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді? Түйін: Достық –сүйіспеншіліктен,өзара сыйластықтан, адалдықтан туындайды.Нағыз достар бірін-бірі сыйлай -ды,түсінеді,біріне-бірі көмектеседі.Достыққа лайықты болу,досыңды қиын жағдайда орта жолда қалдырып кетпеу,қол ұшын беру. |
суреттер |
|
ІІІ.Дәйексөз. «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа» Мақал. -Мұғалім оқып береді. -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Түйін: Жақсы достың бойында жақсы қасиеттер болады «мұратқа жету...» жақсылыққа, мақсатына, көздегеніне жету. |
Мақалдың мағынасын ашу |
|
ІҮ.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.тақырыпқа байланысты әңгіме айту. «Құмырсқа» Ертегі. -Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер? -Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма? Неліктен? -Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады? -Достарың көмек сұраса,өздерің не істер едіңдер? Түйін:Достық –сүйіспеншіліктен,өзара сыйластықтан, адалдықтан туындайды.Нағыз достар қай кезде болсын қасыңнан табылады. Достың екі түрі болады амал дос және адал дос. Адал дос - әрқашан көмекке дайын, ал амал дос -.қиын жағдайда сатып кетеді. Дос болу дегеніміз-адамдардың бір-біріне риясыз сүйіспеншілігі. |
Сурет бойынша әңгімелеу |
|
Ү. Шығармашылық іс-әрекет,топтық тапсырма. Жағдаятты шешу. Дарқан дәулетті,бай адамның баласы.Өзі сондай ақкө -ңіл.Достары көп. Дарқан достарынан ештеңені аямай- ды.Әке-шешесінің берген ақшасына достарына балмұз- дақ әпереді,ойыншықтар сыйлайды.Кенеттен Дарқан – ның ата-анасының жұмыстары қиындыққа ұшырап, олар ақшадан таршылық көріп жүрді.Дарқан да бұрын- ғыдай достарын сыйлыққа кенелте алмай жүр.Оның достары біртіндеп алыстай бастады. Егер сендер Дарқанның достарының орнында болсаңдар А) Дарқанмен доссыңдар,алайда немқұрайды қарым-қа –тынас жасайсыңдар Ә)Дарханман достық қарым-қатынастарыңды мүлдем үзесіңдер. В)Дарқанға көмек қолын созып,бұрынғыша дос бола бересіңдер. |
|
|
ҮІ.Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз.. Өлеңін жазған: Хсенхан Талғаров Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев. Әрқашан дос біргеміз,. Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті Еңбекті сүйіңдер. Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз,сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Отан біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз. Нұрлы күн сөнбесін, Бақыт боп жанамыз. Жарқын біздің санамыз, Қара бұлт төнбесін. Қайырмасы. |
музыка |
|
ҮІІ.Үй тапсырмасы. |
57 бет сурет бойынша әңгіме |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің достарым
Менің достарым
Пән: Өзін-өзі тану 1 сынып 11 сабақ Тақырып: Менің достарым. Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: өзара түсіністік,сыйластық,адалдық,әділдік,шыншылдық, адамгершілік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік:оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сыйластық қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту. Тәрбиелік:оқушыларды достық жолында өзара түсіністікке,сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
|
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесін қайталау. (Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық татулық. ) 5 оқу құралын еске түсіру.(оқулық,дәптер,қалам,түрлі- түсті қарындаштар,күнделік) |
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) |
|
ІІ. «Достар» Мәдіхат Төрежанов. -Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады? -Досыңның бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді? Түйін: Достық –сүйіспеншіліктен,өзара сыйластықтан, адалдықтан туындайды.Нағыз достар бірін-бірі сыйлай -ды,түсінеді,біріне-бірі көмектеседі.Достыққа лайықты болу,досыңды қиын жағдайда орта жолда қалдырып кетпеу,қол ұшын беру. |
суреттер |
|
ІІІ.Дәйексөз. «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа» Мақал. -Мұғалім оқып береді. -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Түйін: Жақсы достың бойында жақсы қасиеттер болады «мұратқа жету...» жақсылыққа, мақсатына, көздегеніне жету. |
Мақалдың мағынасын ашу |
|
ІҮ.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.тақырыпқа байланысты әңгіме айту. «Құмырсқа» Ертегі. -Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер? -Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма? Неліктен? -Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады? -Достарың көмек сұраса,өздерің не істер едіңдер? Түйін:Достық –сүйіспеншіліктен,өзара сыйластықтан, адалдықтан туындайды.Нағыз достар қай кезде болсын қасыңнан табылады. Достың екі түрі болады амал дос және адал дос. Адал дос - әрқашан көмекке дайын, ал амал дос -.қиын жағдайда сатып кетеді. Дос болу дегеніміз-адамдардың бір-біріне риясыз сүйіспеншілігі. |
Сурет бойынша әңгімелеу |
|
Ү. Шығармашылық іс-әрекет,топтық тапсырма. Жағдаятты шешу. Дарқан дәулетті,бай адамның баласы.Өзі сондай ақкө -ңіл.Достары көп. Дарқан достарынан ештеңені аямай- ды.Әке-шешесінің берген ақшасына достарына балмұз- дақ әпереді,ойыншықтар сыйлайды.Кенеттен Дарқан – ның ата-анасының жұмыстары қиындыққа ұшырап, олар ақшадан таршылық көріп жүрді.Дарқан да бұрын- ғыдай достарын сыйлыққа кенелте алмай жүр.Оның достары біртіндеп алыстай бастады. Егер сендер Дарқанның достарының орнында болсаңдар А) Дарқанмен доссыңдар,алайда немқұрайды қарым-қа –тынас жасайсыңдар Ә)Дарханман достық қарым-қатынастарыңды мүлдем үзесіңдер. В)Дарқанға көмек қолын созып,бұрынғыша дос бола бересіңдер. |
|
|
ҮІ.Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз.. Өлеңін жазған: Хсенхан Талғаров Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев. Әрқашан дос біргеміз,. Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті Еңбекті сүйіңдер. Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз,сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Отан біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз. Нұрлы күн сөнбесін, Бақыт боп жанамыз. Жарқын біздің санамыз, Қара бұлт төнбесін. Қайырмасы. |
музыка |
|
ҮІІ.Үй тапсырмасы. |
57 бет сурет бойынша әңгіме |
шағым қалдыра аласыз













