Материалдар / "Менің достарым!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің достарым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Достық туралы түісініктерін қалыптастыра отырып, бірін-бірі сыйлауға үйрету, бәсекелестік кезінде таза жеңіске жетуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Тамыз 2023
249
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

















«Менің достарым!»

2 «Құлыншақ» кіші тобы





Тәрбиешілер:М.Шоңғарбаева

А.Иманкулова













2023жыл


Күні:29.06.2023ж

Тақырыбы: Менің достарым

Мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің достарым» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.
Таңғажайып сәт: (Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?
Балалар: Дымбілмес.
Тәрбиеші: Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды. (Дымбілмес жылайды).
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Балалар: Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.
Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Тәрбиеші: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.
Ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
Алихан: - Ассалаумағалейкум.
Мағжан: - Әлекумассалам..
Алдияр: жүрегінің тұсына қолын қойып иіледі.
Тәрбиеші: Рахмет балалар.
Өте жақсы балалар, достар бір - бірімен қалай танысады, амандасады.
Менің атым Айнамкөз, Сәлем!
Сәлем, менің атым София.
Дымбілмес: О, қандай керемет!. Мен сендерден танысуды, дос болуды үйрендім. Енді достарыма барып, осының бәрін көрсетемін. Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Дымбілмес балалармен бірге ойынын көріңіз, сабаққа қатысыңыз.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін достық туралы әңгіме айтып отырмыз. Балалар үстелдің үстінде кірпіштер қойылған, кірпіштердің ішінде сиқырлы сөз жазылған сол сөзді табуымыз керек. Оны табуымыз үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақты шешсеңдер барлық әріптер ашылады.
Сол аяқпен – оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
(Доп)
Тәрбиеші: Доп сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Балалар: Д – дыбысы. (Д - ды дыбысы ашылады)
Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.
(Ою) (О - ды дыбысы ашылады)

Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
(Сағат) (С - дыбысы ашылады)
Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
(Тал) (Т - дыбысы ашылады)

Кесе, шыны, пияла,
Онсыз шәй құяма?
Қасықсыз тамақ ішпейміз,
Оның бәрін не дейміз.
(Ыдыстар) (Ы - дыбысы ашылады)



Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
(Қарбыз) (Қ - дыбысы ашылады)

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай сиқырлы сөз шықты.
Балалармен бірге оқимыз Д О С Т Ы Қ.
Тәрбиеші: - Достық дегеніміз не?
- Сенің досың кім?
- Сен кіммен дос болғың келеді?
Балалар жеке - жеке сұраққа жауап береді.
Тәрбиеші: Балалар өткен сабақта «Адал дос» әңгімесін сендерге әңгімелеп бердім. Енді осы әңгімені өздерің сахналап көрініс көрсетесіңдер.
«Адал дос», әңгімесін балалар сахналайды.
Тәрбиеші: Рахмет балалар нағыз достар осындай болады.
Тәрбиеші: Балалар бізге сиқырлы хат келіпті. Қане ашып оқып көрейік. Бұл хатта сұрақтар, достыққа байланысты сиқырлы сөздер жазылған.
1 - ші сұрақ: Балалар сендер достық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айнамкөз: Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудедегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!.
София: Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Сенімді боламыз.
Айсана: Балдырған балалар,
Досты бағалар.
Есіңде сақта,
Адал бол, шыншыл бол,
Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.
Тәрбиеші: Балалар шарларымызды жоғары ұстап, Күн шуағының айналасына тұрып, тілектерін айтады.
- Денің сау болсын!.
- Әрдайым күліп жүрейік!.
- Әрқашан күн сөнбесін!.
- Елімізде тыныштық болсын!.
- Досымыз көп болсын!.
Тәрбиеші: Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Балалар ән әуенімен шарларын ата - аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.
Сабақты қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.
Балалар келген қонақтармен қоштасады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!